ӘН: Ұландар ұраны

 

ӘН: Ұландар ұраны.    +

Біз Отанды сүйеміз,

Білім құмар баламыз.

Болашаққа иеміз,

Елге қорған боламыз.

 

Ана тілді сүйеміз,

Бар қасиет сақталар.

Салт дәстүрлер-киеміз,

Өсер ұрпақ мақтанар.

 

Мектебіміз ұямыз,

Ата-анамыз сүйікті.

Жақсылықты жиямыз,

Армандаймыз биікті.

 

Еңбек әркез ер еткен,

Талпынамыз шыңдарға.

Ынтымақ-гүл ел еккен,

Солымас мәңгі біз барда.

30.09.2009жыл.