Сеземін сені, сезімім саған мәңгілік!

Сеземін сені, сезімім саған мәңгілік!  +

 

Сағыну қандай, сезіну қандай жүрекпен,

Арайлы таңым өзіңді «Мәңгі жыр» еткем.

Күту ме бақыт, өтсе де уақыт аңсаумен?

Сүйіктім  менің жүрекке солымас гүл еккен!

 

Байланыс тауып ғарыштық биік санадан,

Сеземін сені күндіз-түн таза ауадан.

Біргеміз біздер, бір-бірін іздер , екеуміз,

Қуаныш сыйлап, туылдық қайта жаңадан!

 

Сеземін сені тербеліп тұрған гүлден де,

Түсімде жүрсің, ойлаумен көзді ілгенде.

От болып лаулап, жүректі жаулап алдың сен,

Сағынта берер қуатты күшің жүр менде!

Сағынта берер қуатты күшің жүр менде!

 

14.09.1998жыл.