ҒАШЫҚТЫҚ ҒАЛАМАТЫ

ӘН:            ҒАШЫҚТЫҚ ҒАЛАМАТЫ .   +

Келбетің көрік берді ,

Жанымды жалындатып ,

Еріксіз еріткен-ді ,

Тоқташы ағын уақыт.

Көздерің күлімдеген ,

Дидарың , пәктігін-ай .

Мүсінің бүлінбеген ,

Шырайлы шаттығым-ай .

Қайырмасы:

Ай болып көріндің де ,

Күн болып сәуле шаштың .

Өлең боп өрілдің де ,

Мәңгілік жырға ұластың .

Сұлусың сымбаттысың ,

Алаулар ақ таңым-ай .

Құпия қымбаттысың ,

Аруым әппағым-ай .

 

Аялда ,кетпе алысқа ,

Шуақ боп жанымды еріт .

Айналдың сен ғарышқа ,

Көңіліме беріп көрік .

Қиялым құрақ ұштың ,

Арманым алаңдаттың .

Сезіндім ұлы күштің ,

Ғашықтық ғаламатын .

18.04.2007жыл