КҮЗ-ҚУАНЫШ

60

 Ән:         КҮЗ-ҚУАНЫШ .+

Жапырақтар желмен ұшып ,сарғайған ,

Көңілімнің көріктенді көктемі .

Гүл келгендей ай бейнелі шалғайдан ,

Жүрегімнің қатты соғып кеткені .

 

Сені ойладым ,мазасыздау болдым да ,

Жан дүниеңнің сыр пернесін  басқым кеп .

Бұлақ едің айналдың да толқынға ,

От лаулаған өн бойымда тасқын көп .

 

Сені іздедім , дидарыңды көрем деп ,

Жүрегімнің гүл бағына еніпсің .

Назың бөлеп , сазың бөлек елеңдеп ,

Елітетін елден ерек еліксің .

04.11.2006жыл.

БӨЛІСУ
Алдыңғы жазбаӘН: «ҚҰРСАҚ ШАШУ»
Келесі жазбаСағынамын