ӘН ҚАНДАЙ ЖАҚСЫ

68

ӘН .»ҚАНДАЙ ЖАҚСЫ»

Қандай жақсы досыңмен қауышқаның ,

Сырласқаның ,жүрекпен тілдескенің .

Қуанғаның , келгендей ғарыштағың ,

Дос көңілі ғанибет үндес пе едің ?

 

Қандай жақсы ақ пейіл , жан асылы ,

Шаршап тұрған жүйкені сап басатын .

Ынтымақ пен бірліктің жарасымы ,

Бауырлық пен мейірімге ұласатын .

 

Қандай жақсы мөлдіреп жауса жаңбыр ,

Найзағайдай сүйіктің көрінгенде .

Күмбірлейді кеудеңде сырлы ән бір ,

Өрнегімен өмірің өрілгенде .

 

Қандай жақсы тау іші , тау самалы ,

Көз ұшында қарлы шың , шырша,бұлттар .

Осы емес пе жүректің аңсағаны ?

Бүтінделер бойыңда бар сынықтар .

 

Қандай жақсы әсем бау , керім дарақ ,

Сұлу дала жаныңды ұғатындай .

Жүректегі адамың тұрса қарап ,

Бақыттан бас айналып тұратындай .

11.03.2006жыл.