МЕНІҢ ПРЕЗИДЕНТІМ

45

МЕНІҢ ПРЕЗИДЕНТІМ .+

Президентім елімменен үндескен ,

Даналығы келбетімен үйлескен .

Астана-жыр ,бәйтерек тұр дара боп ,

Қыран  халық биіктікте күй кешкен .

 

Президентім асыл туған ер еді ,

Көріпкелдей алдағыны көреді .

Көсемдікпен , шешендікпен алда тұр ,

Халқы қамал қолдаушысы сенеді .

 

Парасатты , ойы жүйрік , нар тұлға ,

Елу елге жетер үміт артуда .

Күні мәнді , түні сәнді  елінің

Кім алғысын жаудырмайды мәрт ұлға ?!

 

Мейіріммен дидарына нұр тұнып ,

Бас идіріп , алға қарай ұмтылып .

Бүкіл әлем түрегеліп қол соқты ,

Барыс айға  атылғанда жұлқынып .

ҚАЙЫРМАСЫ:

Қайраттанды , ар намысты, нағыз от

Ел еңсесі , халық қамы маңыз боп .

Абылайдай қасиетті қадірмен ,

Ұрпақтарға мақтан болар аңыз боп ,

Болашаққа үлгі болар аңыз боп .

16.02.2006жыл.