Фарабиге арнау

85

Фарабиге арнау

Оңтүстіктің арайланған ақ таңы,

Бұлбұл үні естіледі бақтағы.

Мәдениеттің өркендеген өр шыңын,

Емес бекер Отырардан тапқаны.

 

Отырарда ғасыр үні тұншыққан,

Қатты тағдыр көзден жасты ыршытқан .

Фарабиім жол іздеді қаншама,

Өлімдерден , жойқын қырғын , қырсықтан .

 

Фарабиім әрбір сәтте естесің ,

Халқың сенің қара түнек кешпесін .

Ғасырларға бақыт нұрын себетін ,

Әсем үнің бар мағынаң өшпесін !

 

Әр заманда әр мағына әр ұғым ,

Фарабиім сырын ұққан жарлының .

Ұлы жерде ұлы достық үйлессе ,

Фарабидің туысысың барлығың !

 

Жалған өмір кімдер сенен өтпеген ,

Уа қара жер кімдер саған жетпеген .

Фарабиім шарықтасын күлімдеп ,

Ұрпғына қарамасын өкпемен !

 

О туған жер қандай ыстық кең едің ,

Шалқып әндер жайқалады көп егін .

Ұлы жерде ұлы достық үйлессе ,

Фарабидің ақ арманы дер едім !

1989жыл