Новоишим қазақ орта мектебінің бастауыш сынып пәндер әдістеме бірлестігінің 2011-2012 оқу жылының қорытынды есебі

276

Новоишим қазақ орта мектебінің бастауыш сынып пәндер әдістеме бірлестігінің  2011-2012 оқу жылының қорытынды есебі

2011-2012 оқу жылында бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің проблемалық тақырыбы «Оқу – тәрбие үрдісінде инновациялық әдіс – тәсілдерді қолданып, оқушыларды өз бетімен әрекеттендіру әдістері арқылы танымдық, шығармашылық икемділіктерін дамыту.» Әдістеме бірлестігінде барлығы 8 бастауыш сынып мұғалімі, 2 мектепалды даярлық топ тәрбиешілері еңбек атқарады.   Олардың 8-і жоғары білімді, 2-уі орта арнаулы.  4 ұстаз І санатты,     4 ұстаз  2 санатты,  2 ұстаз санатсыз.

 

Бастауыш сынып мұғалімдер саны Білімі Санаты
 

 

1.

 

 

8

 

Жоғары Орта арнаулы І ІІ Санатсыз
 

6

 

2

 

4

 

3

 

1

 

 

2.

Даярлық топ тәрбиешілер саны  

 

2

 

 

 

 

 

 

1

 

 

1

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Биылғы оқу жылы 2  ұстаз Амиржанова Гүлнұр Есенгелдіқызы ІІ санатты бастауыш сынып мұғалімі  және  Еслямова Уазипа Пазылбекқызы ІІ санатты даярлық топ тәрбиешісіне  өтініш жазып, өз біліктіліктерін көрсетті. Оқу жылының басынан ашық сабақтар, іс-шаралар өткізді. Санат көтеретін ұстаздар портфолио жинақтап, мектеп ішінен  құрылған комиссияға тапсырды. Әдістемелік  тақырыбына байланысты мектепте құрылған комиссия мүшелерінің алдында шығармашылық есеп берді.  Барлық  ұстаз бастауыш сынып, тәрбиеші бойынша  өз білімін жетілдіру курсынан өтті.  Оқу жылының басынан әдістеме бірлестігінің жоспары І отырыста құрылып, бекітуге ұсынылды. Әдістеме бірлестігінің төрт отырысы өтті. І отырыста 2010-2011 оқу жылындағы бірлестік жұмысының қорытындысы жасалды, мұғалімдердің күнтізбелік жоспары талданып, тексеріліп, бекітуге ұсынылды. Пән апталықтарының жоспары құрылды. Апталықта  пән бойынша жауап беретін мұғалімдер бөлініп, белгіленді. 2011-2012 оқу жылына  бірлестік жұмысының жоспары құрылды. Әр отырыста оқылатын баяндамалар тақырыбы, апталықтарда өткізілетін ашық сабақтар тақырыбы белгіленді. Әр ұстаз әдістемелік  тақырыптарын таңдап немесе ары қарай жалғастыратындары айтылды. Дәптермен жұмыс барысында толтыруы,  бағалауы, тексерілу ережелері белгіленді. Оқу жылы басталысымен әр сынып жетекшісі оқулықтар мен әдістемелік нұсқаулықтарды кітапханашыдан алып, оқушыларға таратылды. Оқу жылының соңында сол тізіммен оқулықтар жөнделіп, қайта тапсырылды. Ұстаздар жыл бойына республикалық, облыстық, аудандық газет-журналдарға, әдістемелік журналдарға жазылып отырады.

Қыркүйек айында тілдер апталығы өтті. Өткізілетін іс-шаралар кестесі құрылып, жоспар  бекітуге ұсынылды. Апталықта тілге байланысты «Туған тілім — өз тілім» атты 3,4-сыныптар арасында  шығарма жазылып, әр сыныптан І,ІІ,ІІІ орындар марапатталды. «Тапқыр болсаң, тауып көр», «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты сайыстар өтті. Тіл мерекесінің қорытындысы айтылып, белсене қатысқан оқушылар марапат қағаздарымен марапатталды.

Оқушылар республикалық өтетін «Ақ бота» олимпиадасына 17 оқушы, «Кенгуру-математик» олимпиадасына 21 оқушы, «Британский бульдог» олимпиадасына 6 оқушы, «Русский медвежонок» олимпиадасына 3 оқушы   белсене қатыстып, сертификаттармен марапатталды.

 

Олимпиада атаулары 2011-2012о.ж І ІІ ІІІ
1. Ақбота 17
2. Кенгуру-математик 21
3. Кенгуру — лингвист
4. Золотое руно
5. Британский бульдог 6
6. Русский межвежонок 3 1

 

Олимпиада атаулары Оқушы саны Олимпиадаға қатысқан оқушылар Пән мұғалімдері Алған орыны
1. Ақбота 17 Елемесова Альбина   3а

Амангельдиева Айым   3а

Алпысбай Алмас   3а

Байкенова Аида    3а

Магавин Ануар     3а

Капенова Салтанат   3а

Тойжан Ерасыл       3а

Мұратханов Алдияр  3а

Жомартова Томирис   4а

Мұхтар Илхан           4а

Иманбаева Сабина                4а

Ережепов Даниал     4а

Закирьянов Шерхан             4а

Қайыржан Дариғи          4а

Бехоев Темірлан      4а

Өтегенов Асылбек        4ә

Жамбыл Айым      4ә

Баумағанбетова З.Қ

 

 

 

 

 

 

 

Сарсенбаева Р.С

 

 

 

 

 

 

Кабдуллина А.М

2. Кенгуру-математик 21 Амангельдиева Айым   3а

Байкенова Аида    3а

Елемесова Альбина   3а

Магавин Ануар     3а

Шортанбаев Олжас 3а Мұратханов Алдияр  3а

Жакен Аружан  3ә

Балдикова Эльмира 3ә

Сапарғалиев Ақжол 3ә

Хасенова Камила3ә

Қираж Гүлдира 3ә

Қожахметов Диас 3ә

Қайыржан Дариғи          4а

Иманбаева Сабина            4а

Ережепов Даниал               4а

Закирьянов Шерхан          4а

Жомартова Томирис   4а

Жүсіпбек Әйгерім      4ә

Бисенбина Аяна  4ә

Ғалымжан Бақтияр  4ә

Каниев Азамат    4ә

Баумағанбетова З.Қ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сарсенбаева Р.С

 

 

 

 

Кабдуллина А.М

 

 

 

3. Кенгуру — лингвист
4. Золотое руно
5. Британский бульдог 6 Мұратханов Алдияр  3а Алпысбай Алмас   3а

Капенова Салтанат  3а

Жомартова Томирис   4а

Жамбыл Айым   4ә

Аблаева  Жанара  4ә

Алимгужина А.Е

 

 

 

 

6. Русский межвежонок 3 Жакен А                   3ә

Кожахметов Диас  3ә

Балташ Әлішер  4а

Батыргужинова Ш.К

 

Жакетова Г.О

ІІ орын

 

 

Биылғы оқу жылы бастауыш сыныптар арасында аудандық олимпиада ұйымдастырылды. Олимпиадаға 2,3,4-сынып оқушылары қазақ тілі, математика, орыс тілі пәндері бойынша 19 оқушы қатысып, жүлделі орындарға ие болды.  Математика пәні бойынша: Каниев Азамат 4Ә сынып ІІІ орын,  Нұрғазы Ниязбек 2А сынып ІІІ орын, Ережепов Даниал 4А сынып ІІІ орын,   Жомартова Томирис 4А сынып ІІІ орын. Қазақ тілі пәні бойынша: Елемесова Альбина 3а сынып І орын, Бисенбина Аяна 4Ә сынып ІІІ орын, Иманбаева Сабина ІІІ орын, Бүркітбай Батырхан 2Асынып ІІІ орын. Орыс тілі пәні бойынша: Капенова Салтанат 3А сынып І орындарды иеленіп, мақтау қағаздарымен марапатталды.

Жалпы оқушылар

саны

 

 

Пән атаулары
Математика  

Қазақ тілі  

Орыс тілі
 

 

 

19

Оқушының аты-жөні І ІІ ІІІ Оқушының аты-жөні І ІІ ІІІ Оқушының аты-жөні І ІІ ІІІ
1. Хамзин Сұлтан     2Ә 1. Бүркітбай Батырхан 2А + 1. Капенова Салтанат 3А +
2. Адильбеков Таир   2А 2. Бисенбина Аяна 4Ә +  
3. Нұрғазы Ниязбек 2А + 3. Елемесова Альбина +
4. Амангельдиева Айым 3А     4. Иманбаева Сабина   +
5. Магавин Ануар 3А     5. Рақым Амина  2Ә  
6. Каниев Азамат  4Ә   +
7. Өтегенов Асылбек 4Ә    
8. Ережепов Даниял 4А   +
9. Жомартова Томирис 4А   +
10. Байкенова Аида  3А    
11. Акинбаев Арман  2А    
12. Амангельдиев Қуат  2А    
13. Кожахметов Диас  3Ә    

 

Биылғы оқу жылы бастауыш сынып оқушылары  жылда  облыс бойынша өткізілетін «Нұрлы көжек-2012» байқауының аудандық сайысына 6 ғылыми жұмыс тапсырылып, аудандық сайыста оқушылар өздері қорғап шықты. Аудандық қазылардың шешімі бойынша аудан бойынша І орынды 2А сынып оқушысы Нұрғазы Ниязбек, ал ІІІ орынды иеленді. Оқушылар мақтау қағаздарымен және бағалы кітаптармен марапатталды.

 

Оқушының аты жөні Сыныбы Жұмыс тақырыбы Иеленген орыны
1. Нұрғазы Ниязбек 2А сынып Ай жердің серігі І орын
2. Рақым Амина

Жолбарыс Ақбота

2Ә сынып Менің үйімнің экологиясы
3. Магавин Ануар 3А сынып Неткен көркем, неткен сұлу менің Новоишимкам  туған өлкем!
4. Сапарғали Ақжол 3Ә сынып Бүркіт ІІІ орын
5. Жомартова Томирис 4А сынып Жылқы
6. Өтегенов Асылбек 4Ә сынып Бидай

 

 

Қазан айында 1-сынып оқушыларынан ант қабылдап, «Балдырған» ұйымына өтті. Жоғары сынып оқушылары кеуделеріне көк түсті  төсбелгі тақты.

 

Сәуір  айының 9-нан 21-і аралығында  «Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер» атты бастауыш сыныптарға арналған апталық өтті. Апталықтың жоспарымен оқушылар саптүзеуде танысты. Бұл апталыққа да оқушылар белсене қатысты. Даярлық сыныптарда «Біз нені үйрендік?» атты ойын-сабағы өтті.

 

«Жүзден жүйрік» атты спорттық жарыс өткізілді.  Жаңа мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер сабаққа да, жарысқа да  өте белсене қатысты.

Әр сыныпқа жас шамаларына қарай таңдалып, «Сурет әлемі – балалар көзімен — 2012» атты сурет байқауы өткізіліді. «Қыз еркем – кестесімен еркем, Ұл еркем – өнерімен көркем» атты қолөнер көрмесі ұйымдастырылып, әр баланың жұмысы жазылып, көрмеге қойылды.

 

 

1-сыныптар үшін «Табиғаттың сұлу аясында!», 2- сыныптар үшін «Құстар біздің досымыз!», 3-сыныптар үшін «Жануарлар әлемі», 4-сыныптар үшін «Спорт жан серігім»,  ал даярлық тобы үшін «Ғарышқа саяхат» атты  сурет көрмелері ұйымдастырылды.

 

1а сыныбында математика сабағынан «Әріпті өрнектер» атты  Нұрахметова Қайрия Жолайқызы ашық сабақ өткізді. 1ә сыныбында Ильясова Меруерт Ерсайынқызы ана тілі сабағынан «Бауыржан Момышұлы. Заттың атын білдіретін сөздер» тақырыбында ашық сабақ өткізді. 1а,ә сыныпоқушылары «Бәрін, бәрін білесің, Оқи берсең кітапты» атты ұранмен аудандық кітапханаға, мұражайға  саяхатқа  ұстаздарымен барды.

 

2Ә сыныбында қазақ тілі пәнінен Увалиева Бибігүл Айтбайқызы «Сан есім» атты ашық сабақ өткізді. 2А,Ә сыныптар арасында «Өнерлі өрге жүзер»  атты спорттық жарыс өткізді. Оқушылар белсене қатысты.

Баумағанбетова Зәмзәгүл Қойлыбайқызы қазақ     тілі пәнінен 3 А сыныбында «Сан есім»   атты,  ал Алгожина Сәния Жомартқызы  дүниетану пәні бойынша «Қалалар мен ауылдар тарихы» тақырыбында ашық сабақтар өткізді.  Әрі екі сынып арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты сайысты өткізді.

 

 

 

3А, Ә сынып оқушыларының  арасында  ағылшын пәні бойынша «Сен ағылшын тілін білесің бе?» атты тартымды сайысты ағылшын пән мұғалімдері Алимгужина Әлия  Еркінқызы мен Каримова Баян Ералықызы өткізді.

4А сыныбында математика пәні бойынша «Микрокалькулятормен жұмыс» атты ашық сабақты Сарсенбаева Раушан Сұлтанқызы өткізсе, 4Ә сыныпта Кабдуллина Ақбидай Майрашқызы «Ғарыш қыраны» атты ашық сабақтарын  өткізді.

Алгожина Сәния Жомартқызы мен Еслямова Уазипа Пазылбекқызының ұйымдастыруымен  1,2,3,4-сыныптар арасында мұғалімдерімен бірге «Ұстазымыз және біз, спорт сүйер жанбыз біз!» атты өте тартысты да, қызықты спорттық сайыс өтті. Сайысқа барлық сынып оқушылары белсене қатысып, қызықты өтті.

 

 

 

 

Аптаның соңғы жұма күні апталықтың қорытындысы ретінде соңғы күні 1,4 — сыныптар арасында 4-сынып оқушылардың ұйымдастыруымен «Тапқыр достар» атты сайыс  өте қызықты, тартымды өтті.

 

 

Апталық барысында жоспар бойынша Ашық есік күні жарияланып, ата-аналар сабақтарға қатысып, қолөнер жұмыстарымен танысып, сурет көрмелерін тамашалап, өз балаларының жетістіктерін көрді.

Апталықтың қорытындысы шығарылып, саптүзеуде белсене қатысқан оқушылар марапат қағазымен марпатталды. Апталықтың өтілу барысы, ашық сабақтардың өткізу сапасы өте жақсы деңгейде болды. Мектеп әкімшілігінің атынан апталықтың жоғары деңгейде  өтілуіне байланысты бастауыш сынып ұстаздарына  ризашылық білдірілді.

1-4 сынып бойынша жалпы оқу жылын                оқушы аяқтады.  Олардың                   оқушы  үздік,    оқушы екпінді болып аяқтады.

 

 

 

 

 

 

Оқу жылының соңындағы білім сапасы:

Мұғалімнің аты-жөні Ана тілі Математика Қазақ тілі Дүниетану
1. Нұрахметова Қ.Ж 71% 82% 71%
2. Ильясова М.Е 80% 80% 70%
3. Амиржанова Г.Е 95% 95% 80% 90%
4. Увалиева Б.А 83% 72% 72% 72%
5. Баумағанбетова З.Қ 65% 65% 55% 65%
6. Алгожина С.Ж 68% 68% 68% 75%
7. Сарсенбаева Р.С 81% 56% 56% 75%
8. Кабдуллина А.М 75% 68% 75% 68%
  Жалпы білім сапасы 77 % 73% 68% 73%

 

Жалпы бастауыш сынып бойынша 2011-2012  оқу жылына білім сапасы —   %.

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқу жағанан ғана емес тәрбиелік іс-шараларға да белсене қатысады. Апта сайын тәрбие сағаттары өтеді. Әр сынып жетекші бір ашық тәрбие сағаты және бір мектепішілік іс-шараны өткізеді. Әр дүйсенбі әнұранға бастауыш сынып оқушылары белсене қатысты.  Аудандық іс-шараларға да белсене тәртіппен қатысты. «Нұр  Отан» ғимаратында орналасқан   ән, би, домбыра, сурет үйірмелеріне оқушылар белсене қатысып, оны мектептің іс-шараларында нәтижелерін көрсете білді. Спорттық үйірмелерге, яғни  күрес, волейбол  үйірмесіне оқушылар  белсене қатысты.

Оқу жылының басталуынан мектебіміздің Алғашқы әскери дайындық мұғалімі 1-сынып оқушыларымен кездесіп, оларға Қарулы күштер жайында әңгіме жүргізіп, қару-жарақ түрлерімен, әскери көлік түрлерімен таныстырды.  Қарудың түрлерін айта кете бүлдіршіндерді автомат  ұстау тәсілдерін көрсетті, ал балалар мұғалімді қызыға тыңдады.

 

Бастауыш сынптар, яғни  2,3,4-сыныптар арасында Алтын күз мерекесі күз мезгілінің байлығына, молшылығына, әсемдігіне сай қызықты, көңілді өтті. Оқушылар бұл кешке өте белсене қатысты.

Желтоқсан арасында бастауыш сынып арасындағы әсем, сұлу қыздарымыздың арасында «Мисс Нұрсұлу-2012» атты байқау өтті. Байқауға әр сыныптан қатысып, барлығы 8 қыз бала қатысып, өздерінің өнерлерін ортаға  салып, өздерінің жан-жақты екендігін көрсете алды. Бұл байқауда  жеңімпазымыз  2Ә сынып оқушысы Рақым Амина бас жүлдені жеңіп алды.

 

Мектеп бойыша өтіп жатқан іс-шараларға да бастауыш сынып оқушылары белсене қатысады. Мысалы: Жаңа жыл, Наурыз мерекесі, аналар мерекесі, мемлекеттік рәміздер, жолда жүру ережесі, қарттар айлығы,  балаларды қорғау күні мерекелеріне және 9-мамыр Жеңіс күні мерекесіне арналған іс-шараларға белсене қатысты.

 

Ауданымызда ашылған жаңа саябақта және «Жастар» стадионында іс-шаралар жиі өткізіледі.

 

Әр айдың соңғы бейсенбісі Мемлекеттік тіліміз – қазақ тіліне байланысты іс-шаралар екі сынып арасында өтеді.  Сәуір айының соңғы бейсенбісі 1-сыныптар арасында өткен  «Алтын қақпа» сайысынан көріністер:

 

Оқу жылының аяқталуымен оқушыларымыз ата-аналарының көмегінің арқасында 1 күндік саяхаттарға барып келді. Ол саяхаттар  әсем де сұлу жеріміз Бурабай. 1 күндік саяхат оқушыларға өте ұнады.

 

Оқу жылының аяқталуымен оқушыларға демалыс ұйымдастыру мақсатында мектебімізде мектеп жанынан «Қарлығаш» атты лагерь ашылды. Демалыс кезеңі үш сезоннан құралды. Балалар лагерьге белсене қатысты. Лагерьде балалар ойындар ойнап, саяхатқа шығып, спорттық жарыстарға қатысып, ән айтып, би билеп, сурет салды. Есіл өзеніне саяхатқа шықты. Демалыс кезеңі қызықты ұйымдастырылып, балалардың қатысу белсенділігі өте жақсы болды.

 

 

 

 

2011-2012 оқу жылындағы бастауыш сынып әдістеме бірлестігінің ұстаздарының жылдың басынан  жүргізілген іс-шаралары жоспарланған бойынша ойдағыдай өтті. Келесі жаңа оқу жылына сәттілік тілеймін!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жалпы қорытындысы:

  1.  2011-2012 оқу жылына бастауыш сынып әдістеме бірлестігінің жоспарлап қойылған мақсаттары орындалды.
  2. Барлық жоспарланған апталықтар, онкүндіктер және басқа да пән бойынша сыныптан тыс және тәрбиелік іс —  шаралар ұйымшылдықпен өткізілді.
  3. Аудандық пән олимпиадаға 2,3-сынып оқушылары қатысып, математика пәні бойынша төрт ІІІ орын, екі ІІІ орын, қазақ тілі пәні бойынша бір І орын, үш ІІІ орын, орыс тілі пәні бойынша  бір І орын иеленді.  Аудандық «Нұрлы көжек — 2012» атты аудандық ғылыми байқауда 2 сынып оқушысы Нұрғазы Ниязбек І орын, 3-сынып оқушысы Сапарғали Ақжол ІІІ орын иеленді.
  4. Оқушылар республикалық интеллектуалды олимпиадаларға белсене қатысты, нәтиже көрсете алмады.
  5. Бастауыш сыныбының мұғалімі Амиржанова Г.Е және даярлық топ тәрбиешісі Еслямова У.П ІІ санаттарын нақтылауға өтініш беріп, жыл бойғы өткізген ашық сабақтар, іс-шаралар, шығармашылық есептерінің нәтижесімен комиссия шешімі бойынша ІІ санаттарын нақтылады.
  6. Оқу пәндерін өту әдістемесін жетілдіру және тәжірибе алмасу мақсатында әдістемелік бірлестік ішінде және әдістемелік бірлестіктер арасында өзара сабаққа қатысу жұмысы жүргізілді.
  7. Мектепішілік құжатының жүргізу және бақылау жүйесі талаптарға сай орындалды.
  8. Пән бойынша білім сапасы төмен:

Ана тілі – 3а

Қазақ тілі – 3а

Математика – 4а

Дүниетану – 4ә

  1. Үйірме жұмыстары керекті деңгейде өткізілді.

 

 Жаңа оқу жылына қойылған мақсаттар:

  1. Әрқайсы пән-мұғалімнің білім сапасына  белгілеу нәтижелерінің жетістіктеріне жеке жауаптылығын арттыру. Мұғалімдер арасында рейтинг өткізу.
  2. Жалпы республикалық интеллектуалды сырттай олимпиадаларына және пән олимпиадаларына оқушыларды дайындау жұмыстарын күшейту, тапсырмаларын әрі қарай ғаламтор арқылы пайдалануды жандандыру.
  3. Мектеп ішіндегі бақылауды пән бойынша тоқсандық білім сапасын салыстырмалы түрде көрсете бақылауды   күшейту.
  4. Дарынды балалармен жұмысты бақылауға ала, жұмысты жандандыру.
  5. Мұғалімдердің жұмысын үлгермейтін оқушыларымен  бақылауға алу, әрі үлгермі төмен оқушыларды мектеп психологі арқылы бақылау жүргізу.
  6. Әр ұстаз жыл бойы сабақ беру барысында инновациялық әдіс-тәсілдерді әр сабақта қолданып, сабақ берудің сапасын арттыру.