Аттанайық, бала шақтан болашаққа!

50

Аттанайық, бала шақтан болашаққа!

Қазақстан Республикасының гимні

І – жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар, ата – аналар мен ақжаулықты әжелер!

«Аттанайық, бала шақтан болашаққа!»  ертеңгілігіне қош келіпсіздер! Біз бүгін ең алғаш қалам ұстатып, әліппені үйреткен сүйікті ұстазымызға рахмет айту салтанатына жиналып отырмыз.  Әр жанұяға  береке, бірлік, табыс тілей отырып тойымызды бастауға рұхсат етіңіздер! Ал бүгінгі мерекеде құрбыларымызға балалық шақтың келесі бір белесіне қадам басып, білім баспалдағына өрлеген сапарларына сәттілік тілейміз!

 

ІІ – жүргізуші: Азамат жүрегін дір еткізер осы бір мектеп өміріндегі алғашқы күннен бастап, сол ұядағы әрбір қызықты, жылылыққа толы нұрлы бала өміріміздің балғын шағын айқындайтын қоштасар сәт те келіп жетті. Осынау алтын ұяда теңдесі жоқ ана да, дана да, жаны шуақ та, нұрлы жүрегі Сарыарқаның самалына татитын ізгі жан барын бәріміз жүрегімізбен сеземіз. Ол ұстаз!

 

І – жүргізуші: Қасым Аманжолов атамыз «Мектеп – кеме, білім — теңіз» деп тектен – текке айтпаған – ау, сірә. Егер адамның жүрегінде ізгілік, мейірімділік сәулесі болса, ол – мұғалімнің еңбегі. Сол нұрды әрбір жеткіншектерге жеткізіп, жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төгеді десеңізші! Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш емес пе?! Сондықтан да ұстаздардың еңбегі – ұлы еңбек.

 

ІІ – жүргізуші: Ғалым да, ел қорғаған батыр да, темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де – бәрі – бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған. Сондықтан да біз ұлағатты ұстаздар алдында бас иеміз!

Ертеңгілігімізді бастамас бұрын мектеп басшыларына сөз кезегін береміз.

Бүгінгі біздің ертеңгілігіміз мынандай бөлімдерден тұрмақ:

І – бөлім: «Білім кілті бастауышта»

ІІ – бөлім: «Бастауыш – бар білімнің негізі»

ІІІ – бөлім: «Бастауышым — балбұлағым»

Вальс:

 

І – жүргізуші: Биылғы бастауышпен қоштасқалы отырған түлектерді ортаға шақырамыз!

Жанболат:

Есімде ұстаздардың қарсы алғаны,                              Ең алғаш алғанымда әліппені

Айқара есік ашып тастағаны.                                      Қызығып қарай бердім әріптерді.

Бір мереке думан боп осы маңда,                               Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,

Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны                         Ұстазым оның кілтін алып берді.

Енді міне, сағымдай боп өте шықты,                         Қағылды тұңғыш сабақ қоңырауы,

4 жыл уақыт аз ба екен кім біліпті?                           Сыныптан 20 бала орын алды.

Ұстаз ана жасады мына бізден                                   Мөлдіреп отыр өңкей қаракөздер,

Ел таңғалар азамат бір – бір мықты.                          Келе алмай сыртта қымбат ойын қалды.

Алтын ұяң мектепке кір деп соққан

Әлі есімде сыңғыры қоңыраудың

4 жыл бұрын біз аттандық

Шыңына білім деген асқар таудың.

Әйгерім:

Мұғалім – бұл адамның ардақты – аты,                  Жарық дүние нұр сәулесін көрмес ең.

Білімді бар биікке шығар саты.                                Ұстаз ана болмаса сен өмірдің

Ең алғаш басталады осы адамнан,                           Мәні менен мағынасын білмес ең.

Сүйеді сондықтан да жақын – жаты…                     Мол өнеге, ұрпаққа мол дәрісің,

Бар ғалам, барлық қоғам мұғалімді                         Қанаттандыр, қатайтып қолдан ұшыр

 

Сыйлайды мәңгі бақи беріп бәрін.                      Саған деген алғыстың шегі де жоқ

Ұстаз деген қасиетті адам бар,                             Әрбірінің азамат болғаны үшін

Біле білсең сенің екі анаң бар.                             Басса бұрыс, жол сілтеп қате дейсің,

Бірі сенің туған анаң болса егер,                         Әр балаға сен ана, әкедейсің,

Екінші анаң ұстаз деген данаң бар,                     Болашақтың көктеген жас шыбығын

Туған анаң болмаса ойнамас ең,  күлмес ең,      Бағбанындай аялап мәпелейсің.

Ғазиза:

Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,                     Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.

Менің де көкейімде із қалыпты                          Мектебімде айтылмаған сыр бар ма?

«Қоссаңдар бірді екіге үш болады»                   Мектебімде жырланбаған жыр бар ма?

Деуші едің «Біліммен күш толады».                  Мектебімде алаулаған жас шағым

Алғыр бол, әдепті бол , сабырлы бол,                Кетер мәңгі сізбен талай жылдарға

Ақылмен іс істесең іс болады.                            Мектеп үйім, ұстаздарым, ата – анам,

Беруші ең бізге айтып өлең, тақпақ,                  Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам

Таласып алушы едік біздер жаттап.                   Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,

Өзіңіз баға қойған күнделікті                             Тамырланып сан тарапқа тараған.

Бәрі: Ана сүтін ақтаймыз,                               Жақсы оқып әрқашан,

Қиындықтан қашпаймыз.                                Білімді бірге шыңдаймыз!

 

ІІ – жүргізуші:

Мектеп, мектеп бақытқа толды үйің,

Ұша білсек болмас – ау, қону қиын

Бастауыштың соңғы әнін шырқап бүгін.

Бастауыштың билейміз соңғы биін – деп кезекті әнге берміз.

ӘН: «Ұстазым» орындайтындар:  Ақбота мен Әйгерім

 

І – жүргізуші: «Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, ұстазымыз жыл бойы білім нәрімен сусындатты, хат танытты, еңбек ете білуге үйретті, білімге жетеледі, әдептілікке үйретті. Сондықтан да алғашқы ұстазымыз бізге ыстық. Сол ұстазымыз міне, біздің арамызда отыр. Сұлушаш апайымыздың  бізге деген өзінің жүрек жарды тілегін білсек. Апайды ортаға шақырамыз.

Думан:

Қолыма алғаш қалам ұстатқызған                    Қыран ана секілді күтіп баптап,

Апайым Сұлушаш қымбат маған                     Ұшырған ұясынан балапанын

Сабырлы да салмақты қалпыменен                  Айтамыз, апай, сізге көп – көп алғыс,

Қажымай үйретуден бір танбаған.                   Қашанда қасыңыздан табыламыз

Көреміз көзіңізден мейірімді,                          «Бастауыш – бар білімнің негізі» деп

Сеземіз анамыздың алақанын                          Біз сізді әрқашанда сағынамыз.

 

ІІ – жүргізуші:

Мына біздей бірге жүрген құрдастар

Алдыменен әуелетіп жыр тастар.

Оқулықтар қатарына сөз бердік,

Білімдерін шертіп өтсін сырластар – деп келесі бөліміміз кезек берейік.

Иманғали: (Қазақ тілі, математика)

«Әліппе» ұстап, «ана тілмен» таныстым,         Әріпті де ойдағыдай меңгердім,

Байлығына достарыммен  таң қалыстым.        Ақтара алдым емін – еркін сөз кенін.

Тілі екен бұл Абай, Жамбыл, Мұхтардың,      Алғаш рет сандармен таныстым,

Қазақтағы әулие би, үш арыстың.                    Оларды санап жазу қиынға түсті тым.

Осылардың өлең- жырын оқып жаттадық,      Қосып алуды да меңгердім,

Даналық сөзді қазақтан басқадан таппадық.   Көбейту кестесін де үйрендім.

Мазмұндама, шығарма жазып үйрендік,         Үйрендім есептің 4 амалын,

Әңгіме айтып, тәп – тәуір сөз саптадық,         Шығарып есеп, теңдеу де құра аламын.

Білдім алғаш дыбыстың не екенін,                  Көп таңбалы сандардың да

Жуан ба, әлде жіңішке ме екенін.                    Бұза алатын болдым қамалын.

Нұрмұханбеткәрім (Ана тілі)

Сәлем, достар, аман ба?                               Ұлы халық тілі деп

Аман болғын әманда                                    Ұрпақтарым жаттаған

Ана тілін ардақтар                                        Тілсіз ойың  толмайды,

Ата – бабаң, анаң да                                     Ойсыз білім  болмайды

Елдің атын сақтаған                                     Ана тілін білмесең

Ана тілмін, мақтанам.                                  Ақыл миға қонбайды.

Айдын: (ана тілі хрестоматиясы)

Адамға мол тәлімім,                                    Батырлық жыр, ертегі

Ақыл – ойдың нәрімін.                                Батыл жан қып ертеді.

Әдеп, тәртіп үйреткен                                 Әр елдік бір шығарма

Хрестоматия оқу пәнімін.                          Әлемдік сыр шертеді.

Естілердің арымын,                                    Мақал – мәтел, санамақ,

Естілер мұң сарыным.                                Маңызын біл саралап.

Әңгіме, жыр, роман…                                 Оқысаң, көп білесің,

Әсері мол бәрінің.                                      Ойлы әлемді аралап.

Кәмшат: (Дүниетану)

Сәлем жасқа, кәріге!                                 Жан – жануар, құс, балық,

Сән қостыңдар әріме!                               Бәрінде бар құштарлық.

Табиғаттың бөлшегі-                                Жаратылыс көркіне

Жәмиғаттың бәрі де.                                Жасалмасын дұшпандық!

Жарқырап күн нұрланып,                        Бақ көп, тоғай, ормандар,

Жайнады тал бүр жарып                          Бақ боп соған орнаңдар.

Байқалып тұр бар даму,                           Таңғажайып көркейсін,

Жайқалып гүл ырғалып.                          Табиғатты қорғаңдар!

ӘН: «Мектебім» орындайтын  Ғазиза

 

І – жүргізуші: «Ұстаз» сөзінің ұғымы кең. Оның негізгі мәні жақсылыққа, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізуге үйрету, тәрбиелеу дегенді білдіреді.

Әр баланың жүрегіне гүл еккен,            Бұл ұжымға айтар алғыс шексіз — ау

Ұстаз ісін ақын біткен жыр еткен.         Қаншама мың шәкірттерді түлеткен.

Шерхан: (Орыс тілі)

«Здраствуйте!» деп бүгін                       «Үш тұғырлы тіл» — біздің ұранымыз,

Амандасар бәріңмен.                              Жеміс апайдан көп сұрарымыз.

«Орыс тілі» мен болам,                         Орыс тілі мемлекеттік тілден кейін

Достастырар өзге ұлтпен                       Керек болар, тіліміз құмарымыз

Еңбек, достық, тыныштық,                   Бүгінде тілді білсек қор болмаймыз,

Елге қосып ырыс – құт,                         Шүлдірлеп тұрсақ егер зор болмаймыз

Достасады халықтар,                            Тілейміз Жемістей апайларға

Достар сәні – туыстық!                         Болашаққа сілтейтін жол болғайсыз.

Абылай: (Бейнелеу, ән)

Сәлем, шәкірт балалар,                        Табиғат сыйлағанда сұлулығын

Сурет, сызу сала алар                           Гүлмира апайымыды ұғынды кім?!

Оқушылар дарынды,                            Пейзаж, натюрморт, кескіндеме,

Ойлантамыз бәріңді!                           Ешқайсысы таң емес маған бүгін

Бар дүние – әсемдік,                            Үйрендік бейнелеудің сырын сізден,

Барлығын да әсем ғып,                        Апайға тілеріміз көп қой біздің

Суретшімін жайнатар,                        Қашанда арманыңыз алдамасын,

Суретім нұр ойнатар                           Ызғарын сезбегейсіз өмір – күздің.

Ақиқатты өмірді,                                 Қай кезде де бағыт сілтеп көлемді,

Аспан мен гүл өңірді                          Бізге үйреткен музыкадай өнерді.

Сурет, сызу өрнектеп,                        Гүлмира апай, ісіңізден бақ тауып,

Сүйкімді етер, көр зерттеп.               Шығардыңыз талай талант өнерді.

Асылбек: (Дене шынықтыру)

Сәлем, достар, білімдар!                  Терең дем ал, жүре түс!

Қане, түзу тұрыңдар!                        Жаттығулар не түрлі-

Мәнді қимыл жасаймыз,                  Жансаулықтың кепілі.

Маған назар бұрыңдар!                    Кім білмейді біздің Динара апайды

Демалыңдар, бір – екі,                     Спорт десе жоқтан ол бар жасайды.

Демалыңдар, біркелкі!                     Қашанда спотзалдан табылатын

«Үш, төрт, бес» деп біз енді,           Жұрт оны «денсаулыққа жаршы» атайды.

Бүгейік қос тізені!                            Динара апай ұл – қызыңыз жүлдегер боп,

Көтер ал да қолға гир,                     Түссінші алшасынан асығыңыз.

Көтер оңға, солға бір!                      Қашанда биіктерден қол бұлғасын

Терең дем алш, бір, екі, үш!           Азаматқа лайық кәсібіңіз.

Ақбота: (Өзін – өзі тану, экономика)

Өзін – өзі тану пәні — сөздің басы,                    Бизнес тек экономикадан тарайды,

Өрлейді адамгершілікке өрге тасың                Таусылмайтын кенге өзіңді балайды

Бүгінгі жаһандану заманында                          Талай шәкірт мақтан тұтар

Сандуғаш апайымның зор ғой бәсі.                 Бибігүл апайды,

Күтеміз ықыласпен әр сабағын,                       Өмірінің өзегі деп санайды.

Оқимыз жіберместен бір парағын

Барынша игеруге тырысамыз,

Осы деп бұл заманның  зор талабы.

Шоқан:                                                                        Ғазиза:

Талаптанып білім шыңға самғауға,                     Жамиға апай бар білімін танытқан

Мен  мектепке алғаш  рет барғанда                     Ойландырып ой сананы дамытқан

Мәрия апай қарсы алып ең біздерді,                   Баршаңызға тілеріміз – жақсылық,

Мерейіңіз биік болсын әрқайда                           Арналады өлең атты шабыттан.

Жұмыста ылғи қайсарды,                                     Гаухар апай шебер – ақ,

Көрмейміз мұндай жайсаңды                              Үйреткен әрбір ісі жып — жинақ

Ұжымның мықты ұзтазы                                      Шәкірттері молайып,

Ақтамақ апайды айтсаңшы.                               Жемісін ылғи берер – ақ.

Білімділік – тіршіліктің тірегі,                             Сырғып артқа сәби шағым, жас шағым,

Айсұлу апай тереңнен түсіндіреді                       Өте шықты бастауыш та қас – қағым.

Сөйлегенде мәдениетті тілменен                         Гаухар  апай таныстырды біздерге

Барлық жанның елжіреген жүрегі.                       Қағаз, қайшы, ермексаздай аспабын.

Гүлзира апай тәрбиелікке оқытқан,

Санамызға қырын – сырын тоқытқан

Ізгілік  пен  ізеттілікке  жетелеп,

Ақыл кенін болаттай қып қорытқан.

 

Бәрі: Зор үміт күткен біздерден         Ұстаздардан алған біліммен

Келешек ұлан ұрпақпыз                       Шыңдарға биік шықпақпыз!

ӘН: «Мектебім» орындайтын  Шоқан

 

ІІ – жүргізуші:

Бастауышым – балбұлағым,                     Бастауышым – балқұрағым,

Алдым сенен балдың дәмін                      Лаулап жансын шамшырағым

Әріп танып, білім алып,                            Өзің берген біліміңмен

Рахметімді жаудырамын.                          Самғап ұшты тау қыраның. – деп келесі бөлімімізге кезек берейік.

 

І – жүргізуші:

Кезекті енді берейік                                   Бірге шықты үніміз,

Арналған достақ әзілге                              Бір байламға тоқтастық.

Әр жолын жырға теңейік,                          Біз сыныпты айта аламыз

Тосқауыл бар ма сезімге?                          Зор мақтаныш сезіммен

Бірімізге біріміз                                          Қиындықтан жол табамыз

Бауыр бастық, достастық                           Бірге жүрсек кез – келген.

 

Иманғали:

Жақсы оқып үлгі көрсеткен,                      Тентек, бірақ ақылды,

Жақсы баға алған дәйім еңбекпен             Сыйлап жүрер жақынды

Салмақты Айдын бар біздерде                  Нұрмұханбеткәрім біздің ұлдарды

Әр сабақта адалыменен тер төккен.          Тәртіпке әркез шақырды.

Ақбота:

Өнер қуған жасынан,                                  Орнын білген пысық қыздар бар,

Сөз асырмас басынан                                  Ғазиза оның біреуі

Намысқой біздің Иманғали                        Айтылар бізде бөлек жырлар бар,

Табылар дос қасынан.                                 Тек озат болып келеді.

Нұрмұханбеткәрім:

Ал мен ақын боламын,

Сусылдаған қаламым

Дейді біздің Шоқанжан

«Таудан асқан талабым»

Жанболат:

Бастауыштың түлегі,                                     Кішкентайы сыныптың

Ел деп соққан жүрегі                                    Тентек емес жуас тым

«МАИ қызметкері мен болам» деп             Думан біздің сыпайы

Асылбек біздің жүреді.                                Досқа адал шынайы

Асылбек:

Салмақты өзі, ісі бар үлкен,                         Қыздарымыз ұқыпты,

Тәртібі жақсы талапты                                 Сүйкімді әрі қылықты

Жанболатты біз айтамыз жырмен           Камшат біздің әрқашан

Оқыған 5 – пен сабақты                               Таза ұстайды сыныпты

Шерхан:

Оқиды жақсы сабақты бәрі,                       Ұстазын жанындай жақсы көреді.

Ұлдардың жоқ – ау аласы                          Қоштасуға қимай жұмсақ жүрегі.

Математика сүйікті пәні,                           Әйгерім біздің апайына еркелеп,

Абылай мықты шамасы                             Бетінен сүйіп шығарып сап жүреді.

Әйгерім:

Әнді де айтып, биді де билеп,                    Жыр оқып, тарихын ол танытқан,

Алдында өнер көрсетер.                            Кітап оқып, білімін де дамытқан

Ақбота әркез мақтан боп жүрмек,            Шерхан сыныбымыздың озаты,

Лайым солай жүрсе тек.                             Білімін ол болаттай ғып қорытқан.

ӘН:  «Түлектер әні» орындайтындар:  Абылай, Ақбота, Шоқан, Әйгерім

І – жүргізуші:

Мен өзіңмен қайда болсам біргемін,

Махаббатың жүрегімде жүр менің

Күн нұрындай жадырай бір күлгенің,

Қандай жақсы ортамызда күлгенің.

 

ІІ – жүргізуші: «Ана дегеніміз – әлемнің жан – дүниесі, оның бастауы мен таусылмайтын жалғасы» деген Расул Ғамзатов атамыз. Олай болса ортаға жарық дүние сыйлаған аналарымызды шақырайық. (Ата – аналарды тілек айту кезегі).

ӘН: «Анашым»    орындайтын  Иманғали

                                             

І – жүргізуші:

Мынау  өмір арнасымен ағады,

Білімді жан әркез жолын табады

Сіздерменен бастауыштар қоштасып,

Көгершіндей самғап қанат қағады.

ІІ – жүргізуші:

Ұстазым – ұлағатым, сая бағым,

Шәкіртті өз балаңдай аяладың

Қолыма әліппенің кілтін берген

Адалдық ақ жолыңды бағаладым

 

Бәрі: Ұстаз деген ұлық атты сыйлаймыз,             Болашаққа ұмтыламыз үмітпен,

Жақсы әдетті сол жандардан жинаймыз            Әйтсе де әлі бастауышты қимаймыз.

 

І – жүргізуші:                                                              ІІ – жүргізуші:

Білімді жан  әрқашанда бағалы,                     Өтті сенде қызық шағым,

Білім барда ақ шашың да даналы                  Бастауышым – балбұлағым.

Көрерменім аман – сау боп осымен              Қоштасар күн жетті міне,

Ақ көгершін самғап ұшып барады.               Қимастықпен қол бұлғаймын

 

ХОР: «Сыныптастар, құрдастар»