Бастауыш сынып ашық сабақ

85

 

 

Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған  білімнің  негіз болып қаланатынына көз жеткізу.

  1. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.

3.Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру.Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қанатты сөздер мен тақырып.

Кіріспе сөз:

Ботакөз:

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,

Жол табар қараңғыда адасқанда .

Мал озбас біле білсең білім озар,

Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы , тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттердің  ұйымдастыруымен өткізілгелі  отырған « Қош бол, бастауыш» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!

Кәусария:Қош келіпсіздер , құрметті ата –аналар, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі  сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне  аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр

Ботакөз:Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын  6 жасар бала болса,  бүгін міне , ес біліп, етек жиған шәкірт.  Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап «Әліппемен қоштасу», дәстүрлі Наурыз тойлары , «Әдепті бала» , «Әнші , биші балапан», «Кішкентай күз аруы», «Наурыз аруы»,   мәнерлеп оқу сайыстары мен әртүрлі тақырыпта ұйымдастырылған көрмелер,сыныпаралық спорттық жарыстар, ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары балалардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз.

  Кәусария: Армандасаң да , қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген  аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі  балалық шақтан басталады.  Міне , бүгін біз өмірімізге өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен  қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі  отырмыз.Ендеше қызықты да  ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан ,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,

ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайынбыз.

 

 Кәусария: Бала шаққа болашақты  жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!

 

Ботакөз:Армысыздар әжелер мен аналар

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар

 

Кәусария: Армысыздар өр тұлғалы әкелер!

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне бастауышпен қоштасады,

Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!

 

Ботакөз:Армысың сен , алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр- алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын ,

Мектебіме арналады бұл әнім!

 

 

Кәусария: Дұрыс айтасың Ботакөз ! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші.Менің атам да, әжем де , әкем де, анам да , енді мен де мектептен тәлім алудамын.

 

Ән: «Сүйікті мектебім»     Би:  Вальс

 

Ботакөз: Иә, мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық

 

Әлішер: Мектеп деген білім кені , жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға.

Мектеп деген даналардың мекені.

 

Аяжан: Мектебім- білім берер алтын ұям.

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.

Әрқашан қасиетті атың маған.

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

 

Қанат:Армысың сен алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мақтан етем сені мәңгі мектебім.

 

Ботакөз:Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

Алтын ұя, ақ босаға киелі.

Қанат қаққан білім алып өзіңнен,

Күллі шәкірт саған басын иеді.

 

Кәусария:Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық,

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

 

Әлішер: Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам,

Сенен өсіп, сеннен ғана нәр алам.

Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек.

Тамырланып , сан тарапқа тараған.

 

Аяжан: Мектебім- сүйікті мектебім,

Бауырыңда түлеймін , көктеймін.

Сен – бұлақ, мен- қайың бүр ашқан,

Өзіңнен нәр алып көктедім.

 

Қанат: Мектеп – кеме , білім – теңіз,

Барар жерге тез жетеміз.

Төрт жыл алған білім нәрін ,

Азық етіп ер жетеміз.

 

Ән : «Анамның тілі»

 

Кәусария: « Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай , алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып,

 

42 әріпті танытып , білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстаз екені бәрімізге мәлім.  Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Айнұр?

 

Ботакөз :Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға , жазуға үйреткен  мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» — деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

 

Кәусария:Дұрыс айтасың Айнұр,ғылым иесі  ғалым да , ел қорғаған батыр да , тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан  жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі- бәрі ұстаздан білім  мен тәрбие алған.

 

Ботакөз:  Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!

 

Әлішер:Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,

Бар асылын бізге жиып , мол береді.

Қанатымен су себелеп асыл жан,

Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.

 

Аяжан:Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,

Жирендік , ажыраттық жамандықты.

Жалғастырар ақ жолың сенің салған,

Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.

 

 

Ботакөз: Жарық күннен жылы жүзің елестер,

Құлағымда өзің берген кеңестер.

Жанарымда алыс тартқан қара жол,

Көз жұмсам да көре тұғын белестер.

 

Кәусария:Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай ,

Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?

Мейірлене қарап қойып біздерге,

Күн астынан сабақ беріп тұрғандай

 

Қанат: Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,,

Басталған ақ батаңнан жас талабым.

Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,

Ұстаздың ұлағатынан басталарын.

 

Хормен:Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,

Бейнеңіз жүректерде сақталады.

Біз әлі биіктерден көрінеміз,

Үміт пен сеніміңіз ақталады .

 

Хормен : Мың алғыс сізге біздей түлектерден,

                Мың алғыс мына отты жүректерден!

 

Ән: «Ардақты ұстаз»

 

Ботакөз: Иә осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби -балалар сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.

Кәусария: Енді міне  сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.

 

 

Ботакөз: Иә, міне сағымдай өте шыққан  4жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.

 

Кәусария: Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа !

 

Әлішер : Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.

Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.

Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,

Қайталап атымызды сұрасқанбыз.

 

Аяжан: Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,

Ақылға келе алмадық ерте көніп.

Бойымыз бірте- бірте үйренісіп.

Мектептің ережесін үйрендік  кеп.

 

Қанат: Өмірдегі жолымды бір өзіңнен бастадым,

«А»әрпін  алғаш сеннен бастадым.

Ұстазым естен кетпес мәңгілікке,

Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.

 

Ботакөз:Бірдей біздің  ойымыз да , сырымыз,

Бір мектептің ұлы менен қызымыз.

Бірдей өстік оқуда да еңбекте,

Күліп – ойнап біріміз бен біріміз.

 

 

 

Кәусария:Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Бастауышта алған білім, жырларым,

Азық болар , мәңгі талай жылдарға.

 

Ән: «Достарым айнала»

 

Ботакөз:Біздер бастауыш сыныпта жоғары сыныптарда өтілетін Әдебиет, тарих, биология, алгебра , физика, химия т б пәндерге негіз болатын ана тілі, математика,дүниетану, орыс тілі,пәндерін зер салып оқып үйрендік.

 

Кәусария:Анашымдай сыр шерткен,

Ақыл- білім үйреткен.

Ана тілін оқыдық ,

Ерекше зор құрметпен.

Ана тілін сүйеміз,

Құрметпен бас иеміз.

Ана тілмен қоштасамыз,

Әдебиетпен достасамыз.

 

Көрініс: «Рейстагты кім алды?»

Нұр бишілер тобының орындауында биді тамашалаңыздар

 

3 оқушы: Ойланып есеп шығартып,

Төрт таңбаны білдірген.

Ғылымдардың патшасы,

Математика данасы

 

Көрініс: «2-нің көбейту кестесі»

 

 

Кәусария: Қазақ тілі пәнінен,

Білім алды балалар.

Сөйлемді, сөз таптарын,

Етістіктің шақтарын,

Жалғаулар мен жұрнақтар.

Ережесін жаттадым.

5-шіге барған соң,

Айжан апай бағалар.

 

Тапсырмалар алып сұрақтарға жауап беру

 

Ботакөз: Ой жіберсең бәріне ,

Дүниетану пәніне.

Өмір сырын үйретер,

 

 

Пәннің жақсы бірі де.

Жер байлығы көп екен,

Игеруді қалайды.

Осының бәрін білдірген ,

Дүниетану сабағы.

 

Сұрақтарға жауап беру

 

33 оқушы:Үйренеміз жалықпай,

Ағылшын тілін шарықтай.

Тіл сындырып,ән айтып,

Шаттанамыз қалықтай,

Гаухар апай тәлімі

Сәулесін шашқан жарықтай.

 

Жұмбақ шешу ( қазақша, орысша, ағылшынша жауап айту )

 

Кәусария: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де  сол кісілердің арқасы.

 

Әлішер:Ыстық- ау кім- кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай, мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген.

 

Қанат:Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,

Аумайсың жарығы мол ашық күннен.

Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.

Ақылды балаларың оны білген.

 

Ән:  «Әке»

 

 

Ботакөз:Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген .Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!

 

 

 

 

 

 

Кәусария: Иә, дұрыс айтасың Ботакөз. Біз болашақта саналы да, ақылды  бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе?

 

Аяжан:Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!

 

Ботакөз:Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,

Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.

Білім алып, тер төгем , еңбек етем,

Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!

 

Ән: «Аналарға»

 

: Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе

Біздерді ойлап  көңіліңіз жүдеді де,

Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,

Сіздерге арнап айтатын тілегін де- дей отырып сөз кезегін Гүлмират Өміртайқызына беріледі!

 

Ұстаз тілегі:

Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,

Сенімдердің айналыңдар серперіне.

Ұстаздық ақ жүректен  мен тілеймін,

Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.

 

Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен,

Аластайтын жаныңды күз көңілден.

Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,

Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.

 

Мектеп директорының құттықтау сөзі

Марапаттау рәсімі

Ата- аналарға сөз беріледі