Бастауыш буындағы педагогикалық тренингтердің тиімділігі

157

Бастауыш буындағы педагогикалық тренингтердің     тиімділігі

Мақсаты:Баланы өзін-өзі танып білуге үйретудегі тренингтердің ролі

Әдіс –тәсілі:әңгімелесу,ойын,пікірталас

Қорытынды:сабақта тренингтер қолдану арқыадамгершілікке,тыңдай білуге,сөйлей білуге,ойын жеткізе білуге бағыттау.

 

         «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,

            ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»

                                                                                 Н.Ә.Назарбаев.

     Адамзаттың асыл қасиеттерін жас ұрпақтың сана сезіміне ұялата білу арқылы жаны таза ,дені сау,рухы мықты адам тәрбиелеу бұл жарқын болашағымыздың кепілі.

Ұлы данышпан әл-Фараби: «Адамға бірінші білім емес,тәрбие беру керек,тәрбиесіз білім беру адамзаттың қас жауы,ол келешекте оның өміріне апат әкелуі мүмкін»,-деген екен.

Иә,бүгінгі уақыт тынысы,заман ағысы жас ұрпақтың қабілетіне де,мінез құлқына да әсер етпей қоймасы анық.Ендеше бүгінгі жас жеткіншек,ертеңгі болашағымыздың жалғасы екенін ойлай отыра тәуелсіз еліміздің қадір-қасиетін жете түсіне білулеріне баулып,біліммен қатар тәрбие беруде немқұрайлылық танытпағанымыз жөн.

Міне,осы мақсатта «Білім-көзі бастауыщта»,-демекші,бастауыш буындағы педагогикалық тренингтердің тиімділігі жөнінде ой бөліссем деймін.

Ғылыми еңбектерде «Тренинг-жеке тұлғаның дамуына және өзара әрекеттестік,өзара қатынас саласында компоненттілікті жетілдіруге бағытталған жаттығулар жүйесі»деген анықтама берілген.

«Тренинг» сөзі біздің педагогика ғылымына өткен ғасырдың екінші жартысында ғана ене бастады.Бұған дейін осы сөзге мағыналас «жаттығу» сөзі кеңінен қолданылып келді.Қазір осы екі термин де педагогика саласында кеңінен қолданылып жатыр.

Тренингтің жай жаттығудан айырмашылығы тренинг біліктілігі жоғары маманның басшылығымен өтетіндігі.

Ғылыми еңбектерде оқыту,тәрбиелеу және дамытудың көп жақты мәселелерін шешуде қолданылатын тренингтердің әр түрлері бар.

Жеке тұлғаны оқыту,тәрбиелеу және дамытудың көп жақты мәселелерін шешуде қолданылатын тренингтердің түрлері көп.Оларды жүйелеудің бірнеше бағыттары белгілі.

Педагогикалық тренинг-оқыту сапасын арттыруда оқушының білік пен дағдысын қалыптастыру мен жетілдіруді көздейтін жоспарлы бағдарламамен жүргізілетін әр түрлі жаттығулар жүйесі.

Оқытудың басқа формаларынан тренингтің айырмашылы неде?

  1. — мақсаты шектеулі-алдына шағын мақсат қояды да,сол мақсатқа жету үшін ғана жүмыс жасайды;
  2. — өзіне ілестіру бағыттылығы-кең көлемде білім бермесе де,қандай да бір мәселенің жеке жақтарын терең ашуға тырысады;
  3. — қолданбалық сипаттылығы-оқытудың басқа әдістерімен салыстырғанда,алған білімнің өмірге тікелей пайдаланылуымен ерекшеленеді.

Педагогикалық тренинг негізгі функциясы-іскер қарым-қатынасты орнату:

—   арнаулы білім,дағдыны дамыту;

—   адам өміріне қажетті ақпараттар беру;

—   адамның қазіргі іс-әрекетіне жаңалық енгізу,жаңаша көзқараспен қарау,болашаққа көз тастау және т.б.

—    ұжымдағы қарым-қатынасты жақсарту,оны бір-біріне деген сенім тұрғысында құру.

 

Бұл педагогикалық тренингті көбінесе тәрбиелік іс-шараларда қолдануға болады.

Тәрбиелік тренингтер:

—   әрбір оқушының өзінің жеке тұлғалық сапалық қасиеттерін білуге;

—   өзін-өзі тануға;

—   өзін-өзі жетілдіруге,

—    өзін ұжымда,көпшілік алдында ұстауға ,

—    әріптесін тыңдауға,

—    өз ойын дәлелдеп айтуға,

—     басқалардың ойларымен санасуға үйретеді,

—     ұжыммен жұмыс істеуге,

—     ұжымның жетістіктерін бағалауды,

—     кемшіліктерді болдырмауды үйренеді;

—   өз білімін жетілдіруге,

—   өз бетінше ізденуге,шығармашылыққа жол ашады.

Тәрбиелік педагогикалық тренингтерді дұрыс ұйымдастырғанда оқушының өзін-өзі тәрбиелеуіне үлкен жол ашылады.

Тәрбиелік педагогикалық тренингтерді ұйымдастырғанда төмендегілерді ескерген жөн.

Тренингтің негізгі ,басты мақсаты не?

Тренингтің тақырыбы дұрыс таңдалды ма?Тренингтің тақырыбы өзекті ме?Сыныптағы барлық оқушылар үшін таңдалған тақырып қызықты ма?

Тренингтің оқушылардың болашағына пайдасы болды ма?

Тренингтің тиімділігін қалай анықтаса болады?

Тәрбиелік педагогикалық тренинг тиімді де әсерлі өтуі үшін тренингтің бағдарламасын жасау қажет.

Тренингтің бағдарламасында үш компонент болуы шарт:

 

  1. -Ұжымды ( жекелеген оқушыларды )толғандырып,қызықтырып жүрген көкейкесті мәселені көпшілік талқысына салу.
  2. -Тренингтің мақсатына сәйкес техникалық құралдарды таңдай білу.
  3. -Тренингтің нәтижесін бағалай алу,диагностикалық сараптама жасау.

Тренинг бағдарламасының бірінші компоненті –ұжымның сұранысын қанағаттандыруды талдауда ұжымның ,жеке оқушының өтініш-сұраныстарын ескерген жөн.

 

Тренинг-үлкен белсенділікті қажет етіп,танымдылық қызығушылықты оятатын ойын әдістері.Оларға жататындар:

  • сюжеттік,рөлдік ойындар;
  • Миға шабуыл;
  • Дөңгелек үстел;
  • Пікірталас және т.б.

Тренинг кезіндегі әртүрлі қарым-қатынас ( әр түрлі рөлдерге бөлу ) оқушының өз өмірінде жеке тұлға болып қалыптасуына себебін тигізеді;

  • күнделікті өмірде байқалмай жүрген нәрселерге назар аудару ,оны жаңа қырынан тануға көмектеседі;
  • әртүрлі жағдаяттар кезінде тиімді-әдіс тәсілдер пайдалануды,шешімді лезде табуға үйретеді;
  • кейбір жаттығуларды бірнеше рет қайталау барысында оқушыда практикалық дағды қалыптасады;
  • түпкі нәтижесіне қарамай,қате пікірлерді де айтып,бұдан былай осы нерсемен айналысуға болмайтындығын ұқтырады;
  • өз ойын еркін айтуға ,тіпті қателесуге құқық береді,оқушы өз іс-әрекетін тәжірибеден өткізуге мүмкіндік алады;
  • оқушылардың танымдық қызығушылығын оятып,өмірлік позициясын айқындап,белсенділіктерін арттырады.

Тренингтің практикалық жұмыстарды орындауға қатысты жаттығулар құрылымының да көптеген артықшылықтары бар.

Олар:

—   оқушы өзіне қажетті білік пен дағдыны сол мезетте үйренеді;

— оқушы білім,білік ,практикалық тәжірибе алуға белсене қатысады;

—  оқушы жұмысты мұғалімнің басшылығымен орындайды да,көп қателіктер жібермей ,тез үйренуге машықтанады;

— оқушының «білсем», «үйренсем»деген белсенділігі ынталандырылып отырады;

—  оқушы өзіне қажетті іскерлікті үйреніп қана қоймайды,сондай-ақ,ол туралы көп мағлұмат алады.

 

Міне,осы педагогикалық тренингтерді жиі де ұтымды ,нақты пайдалану оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыратындай игі іс –шаралардың жиі ұйымдастырылып отырғаны нұр үстіне нұр деп ойлаймын және өз іс-тәжірибемнен

«Білім-өмір шырағы» атты педагогикалық тренингті ұсына отыра  сіздермен ой бөліссем деймін.

Ұлы жазушы М.Әуезов айтқандай: «Халықты халықпен,адамды адаммен теңестіретін -білім»екен.Сондықтан заман талабына сай білімді де,білікті,ой-өрісі жоғары ,парасатты,жан-жақты дамыған,өзіндік «мені» бар  жеке тұлға қалыптастыруда « біліммен тәрбие-егіз»,-демекші бір- бірінен бөле-жара қарау мүмкін емес деп ойлаймын.

«Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіздер,мен сіздердің болашақтарыңыздыайтайын»-деген екен шығыс даналығы әл-Фараби.Міне,еліміздің,ұрпағымыздың жалғасы,болашағымыздың айнасындай жас жеткіншектердің

білімді де,білікті, ілтипатты да,парасатты болып өсуі әр ұстаздың басты арманы сол деп білемін.Әр ұстаздың алдына қойған мақсатына жетуде осы педагогикалық тренингтердің маңызы өте зор деп ойлаймын және өз іс-тәжірибемнен «Білім-өмір шырағы» атты педагогикалық тренингті ұсынып отырмын.

 

1-бөлім; Өзіндік қабылдау.

Білімді болу дегеніміз не?

Ассоц.құру.

 

Білімді болу дегеніміз не ?

 

-Білімді болу –бәрінен бұрын адам болу деген сөз.Өмірдегі барлық жақсылық білімнен шығады.

   -Білім-бұл қолдағы шырақ.Адамның санасы-түбі жоқ теңіз,ал білім теңіз түбіндегі інжу-маржан,гауһар тас.Білім адамға оңайлықпен түспейді,оны меңгеру үшін көл-көсір өлшеусіз әрекет ету керек.Ғылым-білімге түбегейлі берілген адам ғана ойлаған мақсатына жете алады.Білімнің керек емес жері жоқ.Ол тоңғанда киім,ашыққанда тамақ,әлсірегеенде қуат.Білімнің де білімі бар,жаттап алған құрғақбілімнен пайда аз.Адамды адам ететін,оның өмір сүруін жетілдіретін,іс-әрекетпен,тәжірибемен байланысқан білім ғана нағыз білім болып саналады.

 

   -Білімдіден шыққан сөз-дүниені нұраға бөлейді.Білім ақылмен ұштаспаса,төңірегін қараңғылата түседі.Өмірмен жанасқан білім-бұл өлшеусіз байлық.

 

   -Білімді адамды ақшалы болмаса да жарлы деуге болмайды.Білімді сенен ешкім ұрлай алмайды,алғанмен оны бойына сіңіре алмайды.

   -Білім-сенің серігің,өмірлік жлодасың.Адам өзінің барлық керегін,ой-арманын талап-тілегін тек білім арқылы ғана қанағаттандыра алады.Кімде білім мол болса,сол жұртқа әмірін дұрыс жүргізе алады.Білімсіз ешнәрсе ашылмайды.Білімді,білікті болсаң ғана қоғамнан лайықты орныңды тауып,атың шартарапқа тарайды.Білімдіге қашанда төрден орын тиеді.Білімді босаға жақта отырғанмен біртіндеп төрге шығады.Нағыз білімділік адамгершілік,имандылық қылықпен нұрланып тұруы тиіс.

-ХХІ-ғасыр білімді де білікті жас ұрпақтың дамуы, еліміздің даму деңгейі біліммен өлшенетін болады.

-Қай мемлекеттің де негізгі тірегі-асқақтаған күмбездер де,зәулім ғимараттар да,экономикалық жағдай да емес,білімді де белсенді,талантты дарынды адамдар.

-Біз рухани ізгілікті,мәдени құндылықтарды жаңарту мен қалыптастыруда,білім мен ғылымды дамытуда да осындай жаңа саналы серпілістер жасауға тиіспіз.Онсыз дамыған ,қуатты мемлекет болу мүмкін емес.Сан мың ұрпақтың ортақ мұратын ту етіп,болашаққа қадам басқан біздің еліміз дәл сондай дамыған,білімді,қуатты ел болуы керек.

Қазақ халқы қай кезде де білім мен ғылымнан,мәдениеттен кенде болған емес.Солай десек те,әрбір дәуірдің қояр талабы бар.ХХІ-ғасыр табалдырығын әлем таныған тәуелсіз мемлекет ретінде аттаған Қазақстан болашағы кемел білім мен кенен ғылымда.

 

 

            ІІ-бөлім:   Мағнаны таны!

Бақыт жолы тек білімнен табылар. ( Ахмет Ігүнеки.)

 

Білім артық па ,жоқ әлде дүние-байлық артық па?

 

Білім артық. Білім сені асырайды,ал дүниені сен асы

Білім артық:Өйткені білімің көп болса,досың да көп көп болады.

 

        Білім артық.Білімің көп болса ,сені құрметпен сыйлайды,ал байлығың асса саған қызғанышпен қарайды.

 

        Білім артық.Білімді ұрыдан сақтау қажет емес,ал жиған дүниеңді ұрыдан күнде қорғау қажет.

 

         Білім артық.Білімің көп болса оны есептеу керек емес,ал дүниең көп болса,оған көп есеп кітап та қажет болады.

 

Білім артық.Білімді көп жинасаң,оны қанша заман сақтасаң да іріп-шірімейді,ал дүние –малды көп жинасаң,оның азабы да көп,шіріп бүлінеді.

 

       Білім артық:Білім-діліңді жарық қылады,бар нәрсені дұрыс сезінетін етеді,ал-дүние-адам ділін қарайтады,адамды тура жолдан шығарып бұзады.

 

       ІІІ-бөлім:   Ұлыдан ұлағат.

 

Білім туралы даналар не дейді?

      -Білімді болу деген сөздің мағнасы-белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген ұғым.     ( әл-Фараби.)

 

      -Білім мен даналық-адам көркі.

                                                             ( Ә.Науаи. )

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек.

                                                     ( Абай.)

Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл,ғылым,ар,мінез деген нәрселерімен озады.

                                                ( Абай.)

-Білім-мақсат емес ,қару.    ( Л.Толстой.)

 

-Білімді аз-білімсізден қаптаған,

 Ақылсыз көп,ақылдыны таптаған.

 Білімсіздер білімдіге жау болып,

 Надандардың аңсағаны дау болып.

                                                               ( Ж.Баласағұн.)

 

-Ақыл-адамның рухани қаруы.

                                                               ( В.Г.Белинский.)

 

Білем деме,балам!

«Білем»деме,балам!

 

Білмейтінің көп шығар.

 

Бәрін білген адам

 

Дүниеде жоқ шығар.

 

Көп білуге ұмтылған-

 

Көз жұмғанша оқиды.

 

Көз жұмғанша оқыған-

 

Көп нәрсені тоқиды.

 

                                      ( Өтебай Тұрманжанов.)

 

 

 

 

   ІҮ-бөлім: «Білімді жетер мұратқа»болашаққа жол сілте!

 

«…Ондай болмақ қайда ?»

деп айтпа ғылым сүйсеңіз…   ( Абай.)

 

   Егер мен білімді болсам…

 

-Еліміздің Экономикасын көтеруге бар күшімді жұмсар едім!

-Қазақстанды жасыл желекке айналдырып,ең таза,гүлденген өркениетті,бәсекеге қабілетті елдердің ең алдыңғы қатарына қосар едім.

 

-«Тазалық-денсаулық кепілі»-демекші ауыл-аймақтарды,елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз етер едім.

-Елді мекендер,ауыл-аймақтар арасындағы қарым –қатынас жолдарды жақсартар едім.

 

Егер мен…

 

  1. Мектеп басшысы болсам…

 

  1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірі болсам…

 

  1. Қазақстан Республикасының қаржы министрі болсам…
  2. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі болсам…
  3. Ауыл әкімі болсам…
  4. Қазақстан Республикасының Президенті болсам…

 

                 Інжу-Маржан.

 

Бүгіндегі жастарға оқу міндет,

Тек қана оқуменен өнер білмек.

Өнер-білім,адалдық,ар-намысты

Жоятын надандық қой емсіз індет.

Ел үшін еңбек етсең,халқың сүймек,

«Біз үшін отқа ,суға түсіп жүр»деп.

Ер өлсе де,ел өшірмес,

Неше мың жыл өтсе де тарих білмек!

                                                   ( Сұлтанмахмұт Торайғыров.)

Не білдік,не үйрендік!

 

«Білім-өмір шырағы»,-деген.Білім-бұл қолдағы шырақ.Әр жас ұрпақ білімге ұмтылып,білімді осы шырақтай бағалап,білімді де білікті болып биікке самғап ұша берсін деп тілек қосамын.

Қорыта айтқанда ,бастауыш сынып оқушылары үшін әр сабақ болсын не тәрбиелік іс-шара болсын қызықты да,мазмұнды өтуіне педагогикалық тренингтерді ұтымды да,тиімді пайдаланудың мәні зор деп ойлаймын.

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал

«Бастауыш сыныпта оқыту барлық пәндер бойынша.»№3.2012ж.

  1. Республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық

журнал.

«Бастауыш мектеп.» №8-9. №10.2006ж.

  1. Республикалық әдістемелік-педагогикалық журнал.

«Бастауыш сынып.»  №2-3.2011ж.№4.2010ж.