Бастауыш ашық сабақ

228

Тақырыбы: Бастауыш

Мақсаты: 1. Бастауыш, оның сөйлемде атқарылыртын қызметі туралы түсінік беру және

сөйлем ішінде кім? Не? Кімдер? Нелер? Сұрақтарына жауап беретін сөйлем

мүшесіне сұрақ қоя білуге, оны ажыратуға үйрету.

  1. Дамыта оқытуға негізделген шығармашылық қиялын сөздік қорын

молайтып, сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту.

  1. Көркем жазуға, отан сүйгіштікке, ынтымақшылыққа тәрбиелеу.

Түрі: Пирамидалық сабақ.

Әдісі: жаңа білім беру, сұрақ-жауап, топтастыру.

Көрнекілігі: пирамида, кесте, суреттер

Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру.

— Балалар, бүгін бізге қонақтар келіп отыр екен. Алдымен барлығымыз орнымыздан тұрып амандасайық.

Оқушылыр: Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Құрметпен сіздерге

Сәлем бердік біз.

-Бүгінгі сабақта біз өзіміздің білімді, мәдениетті, үлгілі оқушылыр екенімізді көрсетейік.

-Бүгінгі сабағымыз балалар топ болып пирамиданы тұрғызуға көмектесеміз.

 

  • бөлім. Бастапқы таныстық
  1. «Миға шабуыл» ойынын ойнаймыз.
  • Сөйлем дегеніміз не?
  • Сөйлем нешеге бөлінеді? (хабар, сұрай, лепті)
  • Сөйлем мүшелері дегеніміз не?(Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұратын толық мағыналы сөздерді сөйлем мүшелері дейміз)
  • Мысалға бір сөйлем құрайық ( Айжан кітап оқыды)
  • Бұл сөйлем неше сөзден тұрады?
  • Әр сөзге сұрақ қояйық.
  1. Жаңа сабақ

Сөйлем мүшелері

 

Тұрлаулы мүшелер                                                      тұрлаусыз мүшелер

 

Бастауыш       баяндауыш                             анықтауыш   толықтауыш  пысықтауыш

 

  • Балалар тақтадағы сөйлемдерге қарайық .
  • Бірінші сөйлемді кім оқиды?
  • Асты сызылған сөзге сұрақ қояйық. Қандай сұрақ қоюға болады ?
  • Қимыл, Іс-әрекет білдіріп тұрған сөз қайсы?
  • Ендеше қимыл, іс-әрекет иесін білдіріп тұрған сөз Сәуле.
  • Олай болса осы сөйлемдер бойынша қандай ереже қорытып шығаруға болады?
  • Олай болса қимыл, іс-әрекет иесін білдіретін сөзді бастауыш дейді.
  • Оқулықпен жұмыс бастайық.
  • Енді осы ережені кітаптан оқиық.(1 оқушы оқиды)
  • Енді осы ережені кім жатқа айтып бере алады?
  • Қанеки, мысалға бір сөйлем құрап жіберейік.
  • Осы сөйлемнен бастауышты сұрақ қою арқылы табыңдар.
  • Өте жақсы, ендеше біз келесі бөлімге өтейік .

 

2-бөлім.Терең Таныстық

 

  1. Дәптермен жұмыс.
  • Олай болса балалар дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күн ретін, сабақтың тақырыбын жазайық.
  • Жаттығуды орындамас бұрын көркем жазу минутын өткізейік. Бб, Бала, балапан.
  • Бұл бөлімде балалар топ бойынша жаттығу жұмысын орындаймыз.

1 топ 22-жаттығу.

2 топ 23-жаттығу.

3 топ 24-жаттығу.

  • 1-қ 22-жаттығудағы сөйлемдерді көшіріп, қарамен жазылған сөздердің астын сызып, оларға сұрақ қоясыздар.
  • 2-қ 23-жаттығудағы сөйлемдерді көшіріп, қимыл иесі болатын сөздердің астын сызып, оларға сұрақ қоясыздар.
  • 3-қ 24-жаттығудағы жұибақты көшіріп жазып, шешуін тауып, әр сөйлемдегі бастауышты табасыңдар.
  • 1-қатар тақтаға 22-жаттығуды түсіндіріп отырып, кім жазады?
  • Қарамен жазылған сөз қайсы, астын сыз, оған қандай сұрақ қоюға болады?
  • Бұл сөйлемнің қандай мүшесі? (Жел соқты. Бұлт қоюланды. Жаңбыр себеледі. Оқушы оқиды. Малшы бақты.)
  • 2-қатар 23-жаттығу. Қимыл иесі болатын сөздің астын сызып, оларға сұрақ қою.
  • Тақтаға кім шығады? (Мұғалім түсіндірді. Лақ маңырады. Мұз қатты. Күн шықты. Сәкен оқыды.)
  • 3-қатар 24-жаттығудағы жұмбақты кім оқиды?
  • Шешуі не болды? (Күз)
  • Әр сөйлемдегі бастауыштар қайсы? (дала, шаруа, күн, қар)
  • Оны қалай білдіңдер? (Сұрақ қою арқылы)

Шаршаған болсаңдар «Сергіту жаттығуын» орындайық

Жаза жаза жазуды,

Талып кетті қолымыз.

Бір,екі,үш,

Бойға жинап күш.

Терезені ашайық,

Шаң-тозаңды басайық,

Жалқаулықта тастайық,

Қайта сабақ бастайық.

 

3-бөлім. ЖҮЙЕЛІ ТАНЫСТЫҚ.

  • 1- қатар 25 жаттығудағы өлеңді көшіріп жазып, әр сөйлемдегі бастауышты тауып, астын сызыңдар.
  • 2-қатар 26-жаттығудағы адасқан бастауыштарды өз орнына қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.
  • 3-қатар 27-жаттығу. Сұрақтарға бағананың оң жағындағы сөздерді пайдаланып жауап беріңдер.
  • Жерді немен жыртады? (соқа)
  • Дәнді немен себеді? (дән сепкіш)
  • Егінді немен жинайды? (комбайн)
  • Комбайн, соқа, дән, сепкіш сөздері бастауыш болатындай етіп сөйлем құрастырып жазасыңдар. (Комбайн егін жинайды. Соқа жер жыртады. Дән сепкіш дән себеді)
  • Ал енді сендер қазақ тілін, орыс тілін, ағылшын тілін оқисыңдар. Соған байланысты полиглот «ойлан, тап» ойынын ойнайық.
  • Ол үшін мына кубикті лақтырып, нөмірі бойынша конверт ашылып, жұмбақтың шешуін қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілінде табасыңдар.

1-конверт: Сырты қызыл іші тәтті,

Жеген жанды таңырқатты.

(алма, яблоко, aplle)

2-конверт: Қабат-қабат қаптама,

Ақылың болса аттама.

(кітап, книга, book)

3-конверт: Аяғы біреу, қолы жоқ

Шиыр-шиыр жолы көп.

Өзі сқйлей білмейді

Сызған ізі сөйлейді.

(қарандаш, карандаш, pencil)

4-конверт: Жолбарысқа ұқсайды,

Тышқанды ғана ұстайды.

(Мысық, кошка, cat)

5-конверт: Өзі  арық, басы жарық

Журген ізі көп әріп .

(қалам, ручка, pen)

6-конверт:Сырт-соғады,уақыт озады.

(сағат, часы, clock)

  • Өте жақсы балалар сендер орыс тілін, ағылшын тілін өте жақсы меңгеріпсіңдер. Ендеше біз келесі өтейік.

4-бөлім. «Ойнап-ойлау»

  • Енді біз сиқырлы кестенің шешуін тауып, дұрыс орындасақ, сонда ол бәрімізге белгілі затқа ұқсайтын болады. Адам биік мақсатқа жету үшін 7 қасиет берілген. Соларды атап ретімен орналыстырсақ қана биік мақсатқа жетеміз.Енді сол қасиеттерді атайқ.

1-оқушы:-Денсаулық

(Шырын)

2-оқушы:-табандылық

(Сағи)

3-оқушы:-білік

(Аружан)

5-оқушы:-іскерлік

(Сәрсенбек)

6-оқушы:-ақыл

(Ерасыл)

3-оқушы:-білім

(Мирас)

  • Олай болса балалар денсаулықтын мықты,таңбанды,білікті,іскерлік,ақыл,білімді болсаңдар биік мақсатқа жетесіңдер (өзім «биік мақсат» жапсыру)
  • Тәуелсіз еліміздің бір-бір білімді азамат, азаматшалары боласыңдар.
  • Балалар, енді осы құрған кестеге қарап, нені елестетуге болады?
  • Дұрыс айтасыңдар, Астана қаласындағы бәйтерекке ұқсайды.
  • Биыл біздің еліміз нені тойлағалы отыр?
  • Сонда біз тәуелсіздікті қашан алдық? (1991 жылдың 16 желтоқсанында)
  • Балалар енді сабақты топтау әдісі бойынша қорытындылайық.

 

  1. Бастауыш сөйлемнің қандай мүшесі? нелер?

Тұрлаулы мүше                                                                                            5.не?

Бастауыш

  1. Бастауыш нені білдіреді? кімдер?

Іс-әрекетін білдіретін сөз

3.Бастауыш қандай сұраққа жауап береді?

Кім?

 

5- бөлім. Нәтиже.

  • Бүгінгі сабағымызды қорыта келе, нәтижесінде, пирамидамызды тұрғыздық. Оған барлықтарың өз үлестеріңді қостыңдар.

Үйге тапсырма.

28- жаттығу бет 79, ереже жаттау.

Бағалау.