«Сен сұлу» ток шоу

54

«Сен сұлу» ток шоу

8-10 сыныптар арасында

Мақсаты:  Өзінің түр-тұлғасына, киім киісіне онша мән бермейтін қызды сәндеу арқылы, оған психологиялық тұрғыдан өзіне деген сенім туғызып, өзгерту. Сән үлгісін ұсынушы сарапшылардың көмегімен әр қыздың ішкі жан сұлулығы оның сыртқы көрінісіне сәйкес болу керек деген идеяны көрермендермен бірге әңгімелесе отырып дәлелдеу. Көпшіліктің арасында көрінбей жүрген қарапайым қызды осы күнгінің жұлдызына айналдыру.

Продюсері: Боранбаева Гүлмира

Шеф — редакторы: Досанов Ерлан

Жүргізушілері: Ахметов Азамат

Режиссері: Сарманова Ләззат

Редакторы: Қайырбекова Гүлнұр

Өтілу уақыты: 06.05.2011 ж

Ұзақтығы: 80 мин

Редакциясы: Әлеуметтік бағдарламалар ШБ

Жанры: Әлеуметтік ток-шоу

Таралу тілі: мемелекеттік тіл

Қайырлы кеш күн келбетті,  ай дидарлы арулар! Армысыздар құрметті қонақтар және көрермендер! Алдарыңызда сұлаулар бас қосатын, сырласатын ток шоу «Сен сұлуға» қош келдіңіздер!

Ток-шоуымыздың қонақтарын шақырайық.

Алғашқы қонағымыз мектебіміздің мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жөніндегі орынбасары Боранбаева Гүлмира апай, тарих пәнінің мұғалімі Қайырбекова Бақытжан ағай, кеңесші және дизайнер Досмырзаева Гүлмира апай, қыздарға пікір айтатын 11 сынып оқушылары Аймаханов Айтөре, Әлімбеков МүҺшахар, стилист және визажист Қарамолдаева Лаура және Қайырбекова Меруерт апайларымызды ортаға шақырамыз.

«Қыз өссе –елдің көркі» демекші бүгінгі ток шоуымыздың қатысушы қыздарымызды таныстырып өтейік.

Бейне роликке назар аударайық.

Бәрекелді, алғашқы кейіпкерімізді қарсы алайық.

Сәлеметсіз ба Гүлзада. Біздің ток-шоуға қош келдіңіз! Өзіңізді қай жағынан көргіңіз келеді.  Рахмет.

Енді келесі кейіпкерімізді таныстырайық. Экранға назара аударайық.

Кейіпкерімізді қарсы алайық!

Қош келдіңіз Ақжан! Өзіңізді осы шоуға қатысады деген кезде қандай сезімде болдыңыз?

Рахмет.

Онда келесі соңғы кейіпкерімізді шақырамыз. Ортаға шақырмас бұрын бейне роликті тамашалайық.

Кейіпкерімізді қарсы алайық.

Сәлеметсіз бе Динара! Ток –шоуға қош келдіңіз! Сізге бір сұрақ : сіздің ойыңызша қазірге қазақ қыздары  қалай киінуі керек, яғни батысқа еліктеуі керек пе? әлде өзіне жарасамды киім киюі керек па? Бұлай айтып тұрған себебім қазір көптеген қыздар өзіне онша жарасып тұрмаса да батыс сәніне еліктеп киімдер киеді.

Рахмет.

Олай болса, қыздарымыз дайын. Құрметті  қонақтар Д. Гүлмира апай, Лаура және Меруерт апай қыздар сіздердің қарамағыңызда. Онда іске сәт!

Біздің қыздарымыз әрленіп, сәнденіп болғанша, бүгінгі қонақтар және көрермендерімізді әңгімеге тарта отырайық.

Бір ән тыңдайық. Даужанова Жансаяның орындауында «Бәрінен де сен сұлу» әні.

Егер  қыздар дайын болса ортаға шақырайық.

Алғашқы болып Гүлзаданы шақырайық. Ой бәрекелді. Қол соғып қарсы алайық!

Ал Гүлзада өзіңізді айнадан көруге дайынсыз ба? Олай болса айнамызды ашайық.

— Гүлзада өзіңізді   қалай сезініп тұрсыз?  Қыз қабағы күрең тартса-жұт болады, қыз қабағы күлімдесе-құт болады. Демекші қызымыздың қабағы күндей жайнап кеткен сияқты, сіздерге қалай. Сарапшылар сіздер қандай пікір айтасыздар?

Енді  келесі кейіпкеріміз Ақжанда ортаға шақырайық?  Ал Ақжан өзіңізді қалай сезініп тұрсыз?  Айнаға қарауға өзіңізді көруге дайынсыз ба?

Қандай керемет! Ақжанда мен жаңа қырыннан көрген сияқтымын, ал сіздер қалай ойлайсыздар құрметті сарапшылар, көрермендер.

Қыздың көзі қызылда. Демекші Ақжанды қызыл түс қатты ашады екен. Бәрекелді.

 

Келесі кейіпкеріміз Динараны ортаға шақырайық.

Бәрекелді. Динара басқа кейіпкерлерімзіге қойып жатқан сұрағымды сізге де қойсам, өзіңізді қалай сезініп тұрсыз? Өзіңізді айнадан қарауға дайынсызба?

Қыз көркі-шүберек демекші Дианара қызымыз өте көріктеніп кетіпті. Құрметті сарапшылар өз ойларыңызды айтсаңыздар.

Бүгінгі кейіпкерлермізге қарап отырып, еріксіз ойымызға ақын

Сүйінбай Аронұлының мына шумақтары еске түседі.

Қыз сипаты:

Бота көз, оймақ ауыз, қиғаш қасты,

Ақ маңдай, жазық қабақ, сүмбіл шашты.

Сағым бет, тісі меруерт, күміс кірпік,

Шырын сөз алуан шекер балдан тәтті,. демекші  аруларымыз өздерін жаңа қырынан көрініп, көрермендерімізді жақсы сезімге бөледі деп ойлаймын. Қатсықан аруларымызға көп-көп рахмет.

Бабаларым қыздарды қадірлеген,

Қыз баладан басталар өмір терең.

Ауыл көркі қыз болып, ән айтылып,

Күн болмаған сазды күй төгілмеген.

Әрине, кемшілік те сыналады,

Қыздарым өкпелемей ұғар оны.

Бүгінгі ток шоуымызды аятаймыз.  Сау болыңыздар!