Бастауышым шамшырақ-балғын бөбек балбұлақ

49

Тақырыбы:  Бастауышым шамшырақ-балғын бөбек балбұлақ

Мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатын,білімнің кең дүниеге,өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын артыру,оқуға білімді болуға шақыру. Мектепті яғни,білім ортасын,,ұстаздарын құрметтеп,еңбекті бағалап білуге тәрбиелеу. Ата-анасының,Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу,ақыл,ой-өрісін дамыту. Бастауыш сыныбымен,білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып,жоғарғы сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныта отырып. Сәт сапар тілеп табыстау.

Көрнекілігі:  ұлағатты сөздер,гүлдер мен шарлар,слайд,интерактивті тақта.

Өту барысы:

Кіріспе сөз:

-Қымбатты қонақтар! 1 Жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің дәстүрлі «Бастаушым шамшырақ-балғын бөбек балбұлақ» атты бастауыш буынмен қоштасу мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Баршаңызға бүгінгі той құтты болсын!

Осындан төрт жыл бұрын,яғни 2010 жылдың 1 қыркүйегінде мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршінге көз жүгіртейік.

Сахнаға атасы мен немересі шығады.

Мұғалім:

Жеті жасар баласын,

Жетпісте шал жетектеп,

Келе жатыр көшеде

«Қайда әлгі мектеп»-деп

Жетпіс келді жүгіріп.

Атасы:

-Балам,балам жақсы бол,

Міне,сенің мектебің.

Сабағыңа зайін сал,

Ақылды бол,тентегім.

Немере:

-Қыркүйекте келдім де

Сынып келдім қуанып,

Қарсы алды ұстаз мейіріммен

Қадамды құп алып.

Күн кеше ғана 1 сыныпқа қабылданғанда жанарлары жәудіреп,тал бойлары майсып,үркектеніп еді. Кешегі кішкентай бүлдіршіндеріміз бүгінде көптеген жетістіктерге жетіп, өз білімдерін шыңдай түсуде. Енді міне алғашқы басқаш-бастауыш мектепті аяқтап,ортанғы буынға көшкелі отыр. Қаумалаған көпшілік,ата-ана,ұстаздар қауымы сендер не біледі,не үйренді,білім мен тәрбиені қалай меңгерді деп сынай қарап отырсыздар. Осы сыннан мүдірмей өтіп,келесі басқыш негізгі мектеп қуана қарсы алады.

«Білім қуған бүлдіршін» көрінісі.

Армандасың да,қиялдасың да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені,биік асуға беттеген аяулы ғұмыр,ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтап басталады. Міне,бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып,бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған,білім нәрімен сусындатқан,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,ата-аналарына төрт жыл бойы алған білімдері мен тәлім-тәрбиелерін көрсетуге дайын.

Бүгінгі мерекеміздің басты себепкерлері,бір буыннан екінші буынға аяқ басқалы отырған  4 ғ сынып оқушыларын қол соға отырып,ортаға шақырайық.

1-жүргізуші:

Армысыздар,әлеумет кеш қонағы,

Бүгін бізде мереке аса мәнді,

Қуанып зер салайық,ей халайық,

Балғындарды қошеметтеп қарсы алайық.

2-жүргізуші:

Күлімдеп жанары,

Біздерге жиі кеп.

Сынақтар алады,

Оқысаң нашарға.

Түйілер қабағы,

Бестікті көп алсаң,

Мәз-мейрам болады.

1-жүргізуші:

Жас өмір-жайқалтады жапырағын,

Жас өмір-жаздай ыстық жақын әнің

Жас өмір-толған мақсат,шексіз арман,

Батыл ой,батыл тілек,батыл қадам.

Бүгін мектебіміздің бастауыш буынын бітіргелі отырған бітірушілердің ән-шумағын қабыл алыңыздар.

1-оқушы:

Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.

Хош келдіңіздер ұстаздар,ата-аналар,

Бастауышпен қоштасу тойымызға

2-оқушы:

Шаттанамын бүгін мен шаттанамын

Ғылым сырын түсіндім,мақтанамын.

Осы сырды үйреткен төртінші сыныбым,

Түстей болып міне бүгін артта қалдым.

3-оқушы:

Армысың сен алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мақтан етем сені мәңгі мектебім.

4-оқушы:

Мектебім,алтын ұям,нұрың жарық,

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

5-оқушы:

Мектеп –кеме,білім-теңіз,

Барар жерге тез жетеміз.

Төрт жыл алған білім нәрін

Азық етіп ер жетеміз.

Хор: «Мектебім,аяулы мектебім».

  • Ата бабаларымыз «Жеті жұрттың тілін біл,жеті ғылым біл» деп ұрпағына талап қоя білген.      Білім шыңынатаудай талаппен өрлейтін мәдениетті,озық ойлы ұл-қыздарыңыздың «Пәндер айтысы» көрінісін назарларыңызға ұсынамыз.

Көрініс: «Пәндер айтысы»

6-оқушы:

Біз барамыз артқа тастап төрт жылды,

Ұмытпаймыз ұстазымызды жаны ізгі.

Пана болған,дана болған біз үшін,

Жанымыздын артық  дер ек біз сізді

7-оқушы:

Әлі есімде мектепке келгеніміз,

Келгеніміз,сыныпқа енгеніміз.

Жасқаншақтап таңырқап тұрған шықта,

Өзің болдың ұстазым сенгеніміз

8-оқушы:

Кеп-кешегі тосырқау қандай қалған,

Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.

Мейірің бе,ұстазым жүрегің бе,

Жан дүниесін баланың жайлап алған.

9-оқушы:

Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын,

Ұстаз-ғалым толастатпас мәңгі ісін.

Тыншымайтын асыл жандар аяулы.

Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.

10-оқушы:

Мұғалім ұстазысың балалардың,

Болашақ ғалымдардың,даналардың.

Өмірде сенің алар орыныңы.

Бәрі де жеткізе алмас бағалардың.

Хор:  «Ұстазым» әні

11-оқушы:

Дүниеге әкелген-ол да сенсің,анашым,

Ақ сүт беріп өсірген-ол да сенсің,анашым.

Тіл алмасам кешірген-ол да сенсің,анашым,

Мәпелеген баласын аман болсын анашым.

12-оқушы:

Ана жаным ана болсың ұғарсың,

Алдыңдағы ол бір биік құз бен шың,

Балаң үшін кеуде керіп қуанып,

Балаң үшін биіктен де құларсың

13-оқушы:

Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,

Аумайсың жарығы мол ашық күннен.

Шаршамайсың жұмыс істеп біздер үшін,

Ақылды балаларың оны білген.

14-оқушы:

Ұмытпаймын еркелеткен күндеріңді,

Ұмытпаймын әрқашан күлгеніңді.

Әкешім,аман-есен жүре берші,

Қалаймын ұзақ өмір сүргеніңді.

Айша:

Біздің жамандығымызды жасырып,жақсылығымызды асырып жүрген – ата-анамыз! Қиындықта әркез сенімен бірге болатын да ата-анамыз! Бұл өмірде бәріміз оларға қарызбыз. Қатарымыздың теңі болып,тамағымыз тоқ,көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы. Әр ата-ана өз баласын мейірімді болса екен,жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді.

Біз болашақта саналы да,ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалады деген осы  емес пе?

Ән: Анашым-әкем

Орындайтын: Жұмасат Маржан,Нысанова Айша,Шадкам Мадина.

Тамашадан көрініс: Ата-аналар жиналысы.

Мөлдір:

Құрметті ұстаздар!

Біздің бойымызға сіңірген ерен еңбектеріңізге оқушылар атынан мың бір алғысымызды білдіреміз.

Ұсынғаны адалдық,

Үйреткені адамдық.

Бар ұстазға тілейміз,

Бақыт,табыс,амандық!

Хормен:

Мың алғыс сіздерге бірдей түлектерден,

Мың алғыс мына отты жүректерден!

Ән: Ұстазым әні

Орындайтын: Жұмасат Маржан,Нысанова Айша.

Мұғалім:

-Сөз кезегін мектебіміздің директоры Тілеубаева Қаламқас Қалиқызына береміз.

Мұғалім:

-Сөз кезегін мектеп  директорының орынбасары Қосымбаева Маржан апай береміз.

2-жүргізуші:

Жетекші боп жүрдіңіз түлегіне,

Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,

Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,

Сіздерге арнап айтайын тілегін де-дей отырып ұстазымызға сөз береміз.

Мұғалім:

-Қырандарымыздың білім қуған қанаттары талмасын,

Тек биікке самғасын.

Әріптерді танып алып тұрсыңдар,

Естеріңде болсын:  алда бір сын бар.

4 жыл менен білім алып шыққанмен

Келешекте жазылатын жырсыңдар.

7 жыл да өтер зулап сынаптай,

Бақыттымын маған тұрса  сын айтпай.

Құрметті ата-аналар,сіздер де маған көмекші болып,әрбір ісшараларға атсалысқандарыңыз үшін үлкен рахмет айтамын. Балаларыңыздың бағына шомылып ұрпақтарыңыз мың жасасын!

-Сөз кезегін ата-аналарға береміз.

1-жүргізуші.

Төрт жылды да міне,теп-тез өткерді,

Білім жолда өтті талай өткелді.

Әліппені,Ана тілін үйреткен,

Ұстазбенен қоштасатын сәт келді.

Ән: «Ұстазым»

Орындайтын: Қонысбаева Қарақат.

 

Мұғалім:

-Құрметті қонақтар,осымен бастауышпен қоштасу ертенгілігіміз аяқталды. Келгендерінізге көп-көп рахмет! Сау болыңыздар!

 

Маңғыстау облысы

Түпқараған ауданы

Ақшұқыр мектеп-лицейі

Бастауыш сынып мұғалімі: Джаменова Венера