Ешкі. Бөрте лақ

144

Басмағамбетова Гүлзада    1- класс.  Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: Ешкі. Бөрте лақ.

Сабақтың мақсаты:

1)Оқушыларды жіңішке дауысты дыбыстармен таныстыру.Төрт түлік жайлы білімдерін тереңдету.Балаларға ешкі,лақ,ата кәсіп туралы,олардың өмір салты  жөнінде ұғым бере отырып,халқымыздың табиғатқа,жан-жануарларға деген қарым-қатынасының тәрбиелік жағына көңіл  аударту.

2)Төрт түлік арқылы танымын,ойын,тілін,сөздік қорларын молайту.

3)Төрт түлік малды күтуге,аялауға,еңбекқорлыққа,іскерлікке,әдет-ғұрыпты  қастерлеуге  тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:Төрт түлік малдың суреттері,сөзжұмбақ,топтастыру кестесі,Венн диограммасы,парақшалар,слайд,ойындар,тапсырмалар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру сәті.

Психологиялық дайындық.

Қайырла таң достым!

Қайырлы күн болсын!

Сейсенбі күннің сәті,

Сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз

Кілең бестіктер болсын!

Мұғалім:Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн!

Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн!

Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз- білім алу,
Міндетіміз- еңбектену
Еңбектену арқылы
“5 “- ке қолды жеткізу!

Кіріспе: Алдымен сабақтың тақырыбын жұмбақ арқылы шешіп,тауып алайық.

Басында таяғы бар,

Төрт аяғы бар.

Егіз құлағы бар,

Иегінде сақалы бар.

                                  (Ешкі)

Енді осы төрт түлікті топтастырамыз.

 

Жылқы 

 

 

                ЕшкіТөрт түлік мал                                             түйе

 

 

 

                                  Қой                                                        Сиыр   

  • «Ешкі» мәтінің оқиық.

 

  • Ешкі атасын қалай атаймыз?

— Ешкі атасын Сексеката деп атаймыз.

Суретке қарап, сөйлемдер құрастыр.

 

 

 

 

 

 

 

Төрт түлік мал

 

 

        Жүннің пайдасы:

  1. Біздің қазақ халқы үшін жүн өте арзан шикізат көзі, оны кез- келген адам пайдаланады.
  2. Жүннің тіршілікте маңызы зор. Өйткені ,ол киім үшін де басқа да құралдар қажеттілігі үшін сапалы тауар.

 

 

Жағымды:                                                                              

  1. қолғап,шұлық тоқиды
  2. жүнінен мата тоқылады
  3. киіз, текемет тоқылады
  4. арқан есіледі.

Жағымсыз:

  1. жүннің шуашты иісі болад
  2. тазалауда қиындық келтіреді
  3. шаңы көп лас болады
  4. кейбір жүн қылшықты болып,түтуге қиын болады
  5. кейбір жүндер ұйысып,бірігіп қалады.

                                                     Суыққа да , ыстыққа да төзімсіз

 

 

 

                 қағілез                Ешкі                      сүті, түбіті пайдалы

 

                   мазасыз                                     қорқақ

 

                                              өсімтал

«Бөрте лақ» өлеңін оқиық.

 

 

 

Бөрте лақ

 

 

  Көркем жазу.                                                            

Құлын,бота,бұзау, қозы, лақ .

Жіңішке дауыстылар: ә ,  е,  ө,  і,  ү

Дәптермен жұмыс.

37-жаттығу.Сөздерді оқып, көшіріп жазыңдар. Сөздердегі жіңішен дауысты дыбыстардың астын сызыңдар.

Қой, ешкі, серке,қозы, тоқты, лақ.

 

38-жаттығу.Мәтінді түсініп оқыңдар. Құрамында жіңішке дауысты дыбысы бар сөздерді атаңдар.

Мал өрісте. Далада шөп мол. Шөпті жерде ешкі, қой семіреді. Мал күйлі болса, қыстан жүдемей шығады.

 

  • Жануарлармен сергіту сәтін жасаймыз.

 

  • Ойын «Балық аулау». Дұрыс тасымалданбаған сөзді көрсет.

     Бекі-ре, алаб-ұға, са-зан, шорт-ан…

 

Өтірік өлеңді оқы

Түйеге мініп ап,

Айға мен ұшамын.

Түлкіні ұстап ап,

Тірілей жұтқанмын.

  • Ойын: «Зообаққа орналастыр».

Буынға бөлу арқылы өз торларына орналастыр.

  • Төрт түлік атасы:

Түйе атасы – Ойсылқара.

Жылқы атасы – Қамбарата.

Сиыр атасы — Зеңгібаба.

Қой атасы – Шопаната.

Ешкі атасы – Сексеката.

 

  • Қайсысы қалай дыбыстайды?

 

 

 

 

 

 

 

 

Төрт түлік малдың пайдасы

 

 

 

  • Ата-анаң сені қалай еркелетеді?
  • Буындардан сөз құра.

 

 

 

  • Дұрыс емес әріпті алып таста

 

 

Төрт түлік мал төлдер

Тест тапсырмалары                      

Мұғалім:Адамгершілігі мол, достыққа адал, білімді, жан- жақты, дарынды, шығармашыл оқушы болады деп сенім артамын.

  • Көңіл — күйіміз қалай?

Күшті

     ЖақсыОрташа

 


Бағалау.

  • Күнделікті енді ашайық
    Үй тапсырмасын жазайық.
    Бүгінгі алған білімді,
    Ұмытпай есте сақтайық .

 

Үйге тапсырма: «Ешкі» мәтінін оқу. «Бөрте лақ» өлеңін жаттау.

Малға байланысты тыйым сөздерді біліп келу.

 

Сабақ аяқталды.