Топырақ. Топырақтың құрамы мен ерекшеліктері

360

Сабақтың тақырыбы:       Топырақ. Топырақтың құрамы мен ерекшеліктері

Сабақтың мақсаты:       * Топырақ, топырақтың құрамы мен олардың тау

жыныстардан ерекшелігі туралы мағлүмат беру;

  • Оқушылардың сөздік қорын кеңейту, байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру, белсенділігін арттырып, ой өрісін дамыту;
  • Табиғатты қорғауға, аялай білуге баулу.

 

Сабақтың көрнекіліктері: Интерактивті тақта

 

Сабақтың барысы:           І. Алгашқы ұйымдастыру

1.1. психологиялық дайындық

ІІ. Өткенді қортындылау.

2.1.      Тарауды бекіту

2.2.       Тест

ІІІ. Ой ашар

3.1.    Жаңасабақ

3.2.    тәжірибе

  1. IV. Ой қозғау.

4.1.     Оқулықпен жұмыс

4.2.    Түртіп алу жүйесі

  1. V. Ой толғаныс

5.1. Венн диаграммасы

5.2. Сабақты қортындылау

5.3. үй тапсырмасы

VІ. бағалау

І. Психологиялық дайындық (1 мин )

Кәне, балалар шеңбер болып тұрып қалып, өзімізді қоршаған денелер деп

есептеп бір — бірімізге тілек айтайық.

ІІ. Өткенде тарауды еске түсіру (10 мин)

а) Әр оқушы тақтадағы сұрақтарды оқып, керек тау жынысын үстел үстіне алып, қысқаша әңгімелейді.

  1. Тау жыныстары туралы не білесің?
  2. Гранит туралы әңгімеле
  3. Құмтас
  4. Саз
  5. Құм
  6. Пайдалы қазбалар
  7. Кен пайдалы қазбалар

 

  1. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар
  2. Жаңғыш пайдалы қазбалар
  3. Пайдалы қазбаларды қорғау

ә) Тест (5 мин)

  1. Тығыз тау жыныстары дұрыс жазылған қатарды тап:

а) құмтас, гранит, мәрмәр

ә) құмтас, құм, саз, ас тұзы

б) әктас, саз, шөгінді жыныс

  1. Жер қойнауында жатқан пайдалы қазбалар қандай әдіспен алынады?

а) қолмен қазып

ә) шахта қазады

б) ашық әдісі

  1. Тығыз тау жынысы үгілсе, неге айналады?

а) түйіршіктіге

ә) майда тау жынысына

б) құмға

  1. Тас көмірдің аса ірі кен орны қай жерде?

а) Қарағанды

ә) Маңғыстау

б) Қоңырат

  1. Кен пайдалы қазбалар қатарын белгілі:

а) құм, фосфарит, алюминий

ә) тас көмір, мүнай, мыс, әктас

б) темір, қорғасын, мыс, алюминий

6.Құмды сазбен араластырып не жасайды?

а) ыдыс

ә) кірпіш

б) гипс

  1. Тау жынысы дегеніміз не:

Ереже:

 

 

  1. Гранитті қазақша қалай атады?

а) мықты

ә) қиыршықты

б) түйіршікті

  1. Мүнай картада қандай белгімен көрсетілген?

а)

ә)

 

 

б)

 

  1. Пайдалы қазбалар дегеніміз не?

Ереже:

 

Тест жауаптары ( өзін — өзі бағалау)

  1. А
  2. Ә
  3. Ә
  4. А
  5. Б
  6. Ә
  7. Жердің терең қойнауын толтырып жатқан денелерді тау жыныстары дейміз
  8. Б
  9. Ә

10.Жердің қойнауынан қазып алып, адам қажеттілігіне жұмсалатын тау жыныстарын пайдалы қазбалар дейміз.

 

 

Оқушылар алған білімдерін анықтау мақсатында тұрғызып, байқау.

«5» алғандар – оқушы

«4» алғандар – оқушы

«3» алғандар – оқушы

«2» алғандар – оқушы

 

 

ІІІ. Ой ашар.

 

а)   Жаңа сабақ. Жер десек ғаламшар, топырақ, құрлық беті, өзен,   көл т.б есімізге түседі. Сол жердің беткі қабаты топырақ туралы айтамыз.

— Біз қай жерде тұрамыз?

— Қалада.

— Қалалы жерде топырақты көп кездестіре бермейміз.

— Себебі, қалалы жердегі жолдардың көбі тас жолдар.

— Топырақ дегеніміз не?

— Топырақ — өсімдік өсетін жер, қара жер, жер бетіндегі шаң т.б   деп жауап беруі мүмкін.

—  Топырақтың нағыз түрін көруге, оның құрамы мен ерекшелігін білу үшін ата — әжеміздің ауылына барып қайтайық. (музыка ойнап тұрады)

— Атамыз бен әжеміздің ауылына да келдік. Атаға сұрақ: Топырақ туралы білуге келдік.

Атамыз бізді ауыл сыртындағы өзеннің жағасына апарды.

—  Өзен жағасы құм. Суға жақынарақ барсаң құмға араласқан саз көрінеді. Жазда   суға   шомылып   болғасын   жағажайдағы   құмға   қыздырыну   үшін жатасың. Сол құмда өсіп тұрған өсімдіті көресің бе?

 

Тұжырым: Таза тау жыныстарында ешқандай өсімдік өспейді.

■’■          ■

 

 

—  Жағажайдан бір уыс құм алып, одан әрі өзен жағасындағы көктемде су басатын жайылымға көтерілейік.

— Одан не көріп тұрмыз?

— Тал, шілік, бұта, қалың шөп иін тіресіп тұр.

Одан әрі жоғары көтерілсек басқа өсімдіктер өсіп тұр.

— Бұл жерде өсімдіктің өсуі неліктен?

— Бұл айтылған жерлерде өсімдіктің өсуі топырақтың болуынан.

— Сондықтан, жердің өсімдік өсетін беткі құнарлы қабатын  топырақ дейміз.

— Енді топырақты күрекпен аударып қара.

—  Беткі қабаты қара, қоңыр екені байқалады. Әрі қарай қаза берсек бозғылт тарта береді.

Топырақ   құрамын   байқау   үшін,   бір   уыс   топырақ   алып,   мектебімізге қайтайық.

Түсінейік, байқайық, дәлелдейік.

 

Сарамандық жұмыс.

 

Топырақты ақ қағаздың бетіне салып, анықтап қара

—  Өсімдіктің ұсақ қалдықтары, шіріген жәндіктің қалдықтары байқалады. Одан әрі анықтай түсу үшін тәжірибе жасайық.

1 тәжірибе.

Бір кесек топырақты стакандағы суға салайық. Не байқадық. Көпіршіп шыққан не?     Ауа

 

 

 

2 — тәжірибе.

Бір уыс топырақты темір қалбырға салып отқа қойып қыздырайық. Оның үстіне шыны ұстайық. Шынының астыңғы бетіне су тамшылары пайда болды. Ол қайдан шықты? Топырақ бойында ауадан басқа тағы не бар? Су

 

 

 

3 — тәжірибе

Топырақты одан әрі қыздыра түсейік. Біраздан кейін көкшіл түтін шығады Бұл не? Топырақ ішінде жанатын не бар? Топырақта түрлі қалдықтар, шірінділер бар. Ол — қарашірік

 

 

 

4 — тәжірибе

Шірінді жанып біткен толпырақты суға салып араластырайық. Лайланған суды тұндыруға қояйық. Біраздан кейін тұнбаның астында қүм, оның үстіне саз шөгеді. Бұдан топырақ құрамында құм, саз барын байқайық.

 

Тәжірибені қортындылау: Топырақта қарашірік көп болса, соғұрлым топырақ құнарлы болады. Қарашірік топыраққа қара, қоңыр түс береді.

 

 

 

 

Топырақ құрамында

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Ой қозғау

а) Оқулықпен   жұмыс

ә) түртіп алу жүйесі

 

Білемін

 

Білдім Білгім келеді
 

Топырақ   жердің беткі қабаты.

 

Топырақтың тау

жыныстарынан ерекшелігін білдім. Топырақта құнарлы өсімдік өседі. Таза тау жыныстарында өсімдік өспейді.

 

 

Топырақ  қабаты түзелу үшін қанша жыл керек?

 

Жауабы: 1 – 2 см топырақ қабаты түзелу үшін жүз жылдай, ал 20 см топырақ 2 – 3 мың жылда түзеледі.

  1. V. Ой толғаныс.

а) Венн диаграммас

 

 

 

 

 

 

 

Құм                                                                                                Топырақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ә) Сабақты қортындылау

«Орнын тап» ойыны арқылы бекіту

 

Топырақ арасында өмір сүретін жануарлар бар.  Оларды өз орнына апарып орналастырайық. Ол үшін артындағы сұрақтарға жауап берейік.

 

Құрт:         Топырақ дегеніміз не?

Тышқан:    Топырақтың тау жыныстарынан басты ерекшелігі неде?

Борсық:     Топырақтың құрамында не бар?

Қоңыз:       Қарашірік қайдан пайда болады?

Құмырсқа: Топырақтың қандай пайдасы бар?

 

 

Топырақ — өсімдік үшін қоректің көзі және баспана.

Бүгінгі алған білімдеріміз өмірге қажет па?

Ендеше:                Күніміз ашық,

Түніміз тыныш.

Ауамыз таза,

Топырагымыз құнарлы болсын.

Өзіміз аман болайық.

 

б) Үйге тапсырма:

Топырақ. Топырақтың құрамы және ерекшелігі (69 — 71 бет)

 

в) Бағалау