Арифметикалық амалдардың қасиеттері

67

Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық амалдардың қасиеттері

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылардың көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері туралы білімін кеңейту;
  2. Есептеу қабілеті мен дағдысын жетілдіру, кеңістіктік ойлау қабілетін дамыту, өзін – өзі бағалай білуге үйрету;
  3. Санды көбейтіндіге бөлу тәртібін, есеп шығару, көп таңбалы сандармен есептеу қабілетін нығайту, ауызша есептеу дағдысын жетілдіру, көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдерін және есептерді шығару дағдыларын тексеру

 

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, электронды оқулық, кестелер, суреттер

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: ана тілі

 

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру

  1. Амандасу, оқушыларды түгендеу.
  2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
  • Балалар, алда қай ай келе жатыр?
  • Наурыз айында қандай үлкен мереке бар?
  • Дұрыс айтасыңдар 22 наурыз жаңа жылымыз тойланады. Олай болса бүгінгі сабағымыз осы мерекеге тікелей қатысты болады. Бұл мерекеде алдымен үлкендер не істейді?

Есқуат: наурыз туралы

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Амандасу, тілектер айту.

 

№5 тапсырманы тексеру. Ауызша.

250*6+550*6=4800                          552*2+248*2=1600                          (356+444)*8=6400

3600*2+805*2=8810                        (125+875)*24=24000                                    (176+24)*450=90000

Интер тақтадан тілектер жазылған карточкалар шығады.

 

ІІІ. Жаңа сабақ

«Шашу» бұл қандай дәстүр?

  • Қай қатар тез әрі көп орындаса шашуды көп тергені болады.

 

№8 тапсырма. 2 бала тақтаға, қалғандары дәптерге орындайды.

138 276 : 46 =3006                            458 687 : 229 =2003              382 925 : 425 =901

55 590 : 545 = 102                             738 123 : 123 =6001              172 216 : 824 =209

685 828 : 218 =3146                          305 584 : 142 =2152              215 292 : 132 =1631

— Наурыз тойында қандай ұлттық тағам жасалады?

 

№9 тапсырма. Тақтаға орындау.

  • Балалар, наурыз тойында көптеген ұлттық ойындар ойналады. Бүгінгі тапсырмаларды орындау арқылы сол ойындарға тоқталамыз.

 

(498+4578) +422= 5 498                              7896 +(2100+4)= 10 000

78987-(7887+400)= 70 700                          87896-(796+83000)= 4 100

399968+(4524+32) =404 524                       789654-(80654+9000)=700 000

 

«Көкпар»  ойыны.

  • Бұл қандай ойын? Қазір №10 тапсырманы қай қатар бірінші орындаса көкпарда сол қатар жеңеді.

2 оқушы тақтаға орындайды, қалғандары дәптерге орындайды.

141 715 : 46 = 3080 (35)                               374 699 : 82 =4569 (41)

273 712 : 34 = 8050 (12)                               927 561 : 203=4569 (54)

 

Сергіту сәті: Бөрше Сымбат: «Наурыз» С .Сейфуллин

 

«Бәйге» ойыны

  • Бұл қандай ойын? Қазір №11 және №12 тапсырмаларды орындау арқылы жеңімпаздарды анықтаймыз.

 

№11 тапсырма. Тақтаға орындалады

А) 1 тәсіл 365 * (50+30) =29200 тонна

2тәсіл 365*50+365*30=29200 тонна

 

Ә) 250:5 =50 қорап сүт

350:5=70 қорап ашыған сүт

50*7=350 қорап сүт

70*7=490 қорап ашыған сүт

 

№12 тапсырма

а) 16 326 : 6 =2 721 (авт) – кызыл

2752 + 2721 =5473 (авт) – қызыл және жасыл

16326  – 5473 = 10 853 (авт) – ак

ә) 236 * 425 =100 300 (бөлшек) – барлық жұмысшы жасап шықты

100 300 : 25 = 4 012 (бөлшек) – сатуға жіберілді

100 300 – 4 012 =96288 (бөлшек) – қалғаны

96 288 : 2 = 48 144 (бөлшек) – машина жасайтын зауыт сатып алады

 

«Қыз қуу» ойыны.

  • Бұл қандай ойын? Қазір №13 тапсырманы орындау арқылы жеңімпазды анықтаймыз.

 

№13 тапсырма

14 728 : 28 : 2 + 78 336 : 306 + 1005 : 5 * 9 = 2328

 

«Айтыс» ойыны

  • Бұл қандай ойын? Қазір №14 тапсырманы орындау арқылы жеңімпаздарды анықтаймыз.

№14 тапсырма

А) түсіндіру  

Ә) 225: (3*5)=  15                             210: (3*7)=10                        18006: (3*2)=3001

9120: (5*3)=608                                900: (5*9)=20                        80000: (5*8) =2000

 

Б) 360: (8*9) =5                                189: (7*3) =9                         720: (9*5)=16

2100 : (6*7)=50                                 315: (5*7)=9                          432: (9*8)=6

 

Сабақты қорыту:

Электрондық оқулықтан тест орындау.

Рефлексия:

  • Оқушылар енді алдарымызда жатқан суреттерге қарайық. Кім «мен бүгін сабаққа өте жақсы қатыстым. Бәрін түсіндім.» дегендерің күліп тұрған баланың суретін көтеріңдер. Бұл 5 деген баға.
  • Ал «мен бүгінгі сабаққа жақсы түсіндім. Сабаққа жақсы қатыстым. Бірақ дұрыс жауап бере алмадым. Келесі сабақта жақсы қатысам» дегендерің жайдары тұрған баланың суретін көтерің. Бұл 4 деген баға.
  • Ал «мен сабаққа дұрыс қатыса алмадым» дегендерің мұңайып тұрған баланың суретін көтерің. Бұл 3 деген баға. Бірақ бұл суретті ешкім көтермейді деп ойлаймын. Өйткені барлықтарыңда сабаққа жақсы қатыстыңдар. Жарайсыңдар.

Бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау, мадақтау.

Үйге тапсырма: «Үш таңбалы санға көбейту мен бөлу» тақырыбы бойынша  6 мысал дайындау

 

 

 

 

 

 

С. Нұрниязұлы атындағы мектеп – интернат

 

 

 

АШЫҚ  САБАҚ

МАТЕМАТИКА

4«Ә» сынып

«Арифметикалық амалдардың қасиеттері»

 

 

Өткізген Басбаева Гаухар