Барыстың мүсіні

76

 

Балқаш қаласы

 Қарағанды облысы

Жалпы білім  беретін №9 орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Салимбаева Сауле Какитаевна
Тақырып. Барыстың мүсіні.

Оқыту мен тәрбиелеудің  міндеттері:  Ермексазбен жұмыс істеуге үйрету; барыс мүсінін  құрастыру арқылы  ой өрісін дамыту,  құрастыруға дағдыландыру және  адамгершілікке баулу

Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар: ермексаз, қайшы ,қол орамал.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу. Оқу-құралдарын реттеу. Қауіпсіздік ережелерін ескерту.

Жаңа сабақ мақсатын қою: Оқушының ой-өрісін дамыту.

Жаңа сабақ: (Оқулықпен жұмыс) Қазіргі заман талабына сай  ермексазбен жұмыс істегенде ережеге көп көңіл бөлу керек. Барыс 1997 жылы қыркүйектің 14-20 күндерінде Алматыда өткен Екінші Азия ойындарының тұмаршасы. Таудың қатал табиғаты оны батыл, еркін, қиындыққа мойымайтын етіп шынықтырған ,осы қасиет спортшыларға дарысын деген ниетпен ырым еткен.

Пысықтау: Кітаппен жұмыс:  суретті зерттеп қарау, мүсіннің бейнесін кескішпен және саусақтың ұшымен жасау.   Барысты  жасап көрелік.  Басын, қолдарын,құйрығын киімдерін жеке жасап алып денесін құрастыр.

Қорыту: Балалар, біз бүгінгі сабақта не жасадық? Неге үйрендік?  Саған ұнады ма?  Адамгершілік деген не деп ойлайсың?

Сабақты қорытындылау:

Бағалау : Жеке оқушыларға  қосымша  тапсырма беру, өздігінен  әшекейлеу

Үйге тапсырма беру:  ермексаз әкелу..

Қорыту: Балалар, біз бүгінгі сабақта не жасадық? Неге үйрендік?  Саған ұнады ма?  Адамгершілік деген не деп ойлайсың?

Сабақты қорытындылау:

Бағалау : Жеке оқушыларға  қосымша  тапсырма беру, өздігінен  әшекейлеу

Үйге тапсырма беру: Бірнеше пішіндер қиып келу.