Қазақ хандығына 550 жылдығына арналған, Ұлт мақтанышы, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының туылғанына 105 жыл толуына орай ұйымдастырылған баскетбол ойынынан мектеп оқушылары арасында аудандық жарыс

155

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы  Каменка ауылы  Б.Момышұлы атындағы шағын орталықты орта мектебінде 2015-2016 оқу жылының күзгі демалыс кезінде  өткізілетін  спорттық іс-шаралар жоспары бекітіліп   7 караша күні    Қазақ хандығына 550 жылдығына арналған, Ұлт мақтанышы, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының туылғанына 105 жыл толуына орай  ұйымдастырылған баскетбол ойынынан мектеп оқушылары  арасында аудандық жарыс өткізілді.

Жарысқа әр аймақтан жеңімпаз болған командалар қатысты.

Жауапты мұғалім  Ж.Бектемишев қатысушыларды сапқа тұрғызып, спортшылардың жарысқа  дайындығын баяндады.

Аудандық білім бөлімінің әдіскері Ж.Бағылбеков және мектеп директоры М.Қ.Мейманханов сөз сөйлеп, әрқашан спортпен айналысу керек екенін айта отырып, бүгінгі жарысты  ұйымшылдықпен өткізуін айта кетті.

Жарыс баскетбол федерациясы  бекіткен ережемен  өткізілді.

Нәтижесінде 1-ші орынды Б.Момышұлы шағын орталықты орта мектебінің құрама командасы жеңіп алды, 2-ші орынға №2 орта мектебінің командасы  және 3-ші орынға Б.Момышұлы шағын орталықты орта мектебінің екінші құрама  командасы ие болды.

Жарыс барысында ең ұздік ойыншылар анықталып , жүлдегер командалар  құрмет грамотамен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі:  Ж.К.Бектемишев

 

 

Аудандық турнирдің женімпаздары  Б.Момышұлы атындағы шағын орталықты орта мектебінің құрама командасы. Жаттықтырушы : Бектемишев Жуніс Кенжекулович