Балғын ару

79

Пәні: Сынып сағаты

Сынып жетекшісі: Толеуова М.М.

Тақырыбы: « Балғын ару »

Сабақ түрі: сайыс сабақ.

Мақсаты: 1) Қазақ халқының ұлттық өнерін, салт – дәстүрін дәріптей отырып, біздің сыныптың қыздарының бойында қазақ қызына тән қандай қасиеттер барын анықтау;

2) Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту;

3) Көпшілік алдында өзін — өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Кіріспе.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар, « Балғын ару » сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!

Бұл сайыстың мақсаты қазақ халқының ұлттық өнерін, салт – дәстүрін дәріптей отырып, біздің сыныптың қыздарының бойында қазақ қызына тән қандай қасиеттер барын анықтау

1- жүргізуші: «Асыл тастан, өнер жастан

шығады» деп дарынды

Халық айтса, халық сөзі

Әрқашанда нанымды.

Сол өнердің жолын қуған

Сынып сұлтандарының атынан,

Қабылдаңыз шын жүректен

Мерекелік құттықтауды.

— Назарларыңызға қазақ биін ұсынамыз.

2- жүргізуші: Ақын боп әділдікті жақтап өтем,

Ананың ақ үмітін ақтап өсем.

Әдеп пен инабатты сақтап өскен

Қазақтың аруларын мақтан етем.

Ақын мен әнші деген – ел еркесі,

Қазақтың тарқамасын берекесі.

8- наурыз күні құтты болсын, —

Аналар мен арулар мерекесі! – деп ұлдардың құттықтау өлеңдерін тыңдайық.

  • Ұлжан сен қандайсың?

Арайлап атқан таңдайсың.

Әдемі, ашық, айдайсың

Ата – ана үмітін ақтайсың.

  • Гүлсаядай қыз табылмас,

Өзі әдемі, сыпайы

Қазақ қыздан аумайды

Сегіз қырлы бір сырлы.

 

 

  • Сыныптасым Аяжан

Сабақты жақсы оқиды.

Ылғи бестік алады,

Әдепті қыз болады.

  • Айтайын мен сіздерге, әдемі наз –

Оқиды менімен көктем мен жаз!

Ай менен Күн секілді егіз қыздар

Мереке құтты болсын Айназ, Елназ!

  • Сымбаттысын Аяулым,

Талаптанып оқисын.

Мақсат қойсаң алдыңа

Жетерсің талай мұратқа.

  • Томирис біздің өнерлі,

Шашы ұзын, келбетті.

Нәзік, тәтті сөзімен

Баурап алар бар жұртты.

  • Аңқылдаған ақ көңілмен,

Гүлдей жайнап жүреді.

Озайын деп нық сеніммен,

Махаббат көзге түседі.

  • Алма жүзді Дильназ

Күлімдеген жүзің мәз.

Саған сірә тең келер,

Жер жапанда қыз аз.

  • Аяулым, аяулысың, ардақтысың

Жүресін әрдайым сен салмақтысың.

Тілеймін саған тек жақсылық

Тілеймін зор денсаулық, мол байлық.

  • Ұстазын анасындай құрметтеген

Жаны мөлдір, ісі жоқ басқаменен.

Нұржамал  ұстазының  айнасы ғой

Сегіз қырлы, бір сырлы болсам деген.

  • Сыпайы оның  мінезі,

Күліп жүрер ақырын

Қыз сынына кеп қапты

Біздің әсем Айтолқын!

  • жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен аяулы арулар! Бүгінгі «Балғын ару » байқауына қош келдіңіздер! Көңіл сарайларыңыз ашылсын, күлкілеріңізден інжу – маржан шашылсын!

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, бүлдіршін қыздар. Сіздерді көктемнің ең алғашқы мерекесімен -8- наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз.

  • жүргізуші: Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық.

«Балғын ару» сайысын

Рұқсат болса бастайық.

Мұғалім:   Бүгінгі біздің сайысымызды тамашалап, бағалайтын әділқазылар: Майра Берикболовна, т.б.

Кімдер жүйрік, өнерпаз, білейікші

Аруы деп мектептің  жүрейікші

Әділқазыларға тек әділдікті,

Ал аруларға тек сәттілік тілейікші!

1жүргізуші: Мың бұралған арулар аңдап басып

Келеді міне ортаға толқып тасып.

Аруларын сыйлаған, халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық!

  • Негізгі бөлім.

Мұғалім: Бүгінгі сайыста қыздар 3- топқа бөлініп өз өнерлерін көрсетеді.

( слайд)

2- жүргізуші: Көркіне сай ақылы бар,

Ақжүністей арулар

Ақылың көрсек несі бар?

« Ақжүніс» тобын қарсы ал!

1- жүргізуші: Ақ маңдайы айдай боп,

Шытырма көйлек үстінде.

Сұлу Жібектей бұралып,

Қыздар тұрса несі айып?

« Қыз Жібек » тобын қарсы алыңдар!

2-жүргізуші:  Ақылды да, әдемі де ару жан!

Бар қасиет бір бойынан табылған.

Әсем әнмен, шешен сөзбен, биімен

Таңғалдырған талай жұртты әсем Баян!

« Баян Сұлу » тобын қарсы алайық.

Мұғалім: « Балғын ару » сайысы 5- бөлімнен тұрады.

  1. Бөлім: « Таныстыру»
  2. Бөлім: « Таңғалмаңыз»
  • Бөлім: « Ұзын шаштың формуласы»
  1. Бөлім: « Ою ойғанның ойы ұшқыр»
  2. Бөлім: « Білім — ақылдың көркі»

1- жүргізуші: Қыз емес қыздың аты – қызыл алтын,

Көрінер толған айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес

Халықтың сақтай білген ізгі салтын.

Мұғалім: Сайысымыздың 1- кезеңі б/ша ендігі сөзді топ жетекшілеріне береміз.

Бұл сынақта топ жетекшілерінің инабаттылығы, сәлем беру рәсімі, тіл шеберлігін көріп тамашалаймыз.

1 Сайыс: « Таныстыру»

Топ жетекшілерін ортаға шақырайық.

« Ақжүніс» тобы

Үлгі алып өткен күннен

Жүріп келе жатырмыз сара жолмен

« Болмасақ та ұқсап бақ » деген сөз бар,

Өнеге аламыз Ақжүністен.

Солардай болу – біздің арманымыз,

Әрқашан да керек –ақ қой ибалы қыз.

Ақылшы бола білейік өмірде

Сол себепті « Ақжүніс» топ аталамыз.

« Қыз Жібек » тобы

Қыр гүліндей нәзік және шырайлы

Күн көзіндей әсем неткен ажарлы.

Ару қыздар – қазағымның мақтанышы,

Соның бірі айтар едік Жібек қызды.

Әсем сұлу көркімен даңқы жетті,

Сол себепті « Қыз Жібек » біздің топтың аты.

« Баян сұлу» тобы

Әсемдік, сұлулықты жиған бойға,

Қыздар ғой көрік берген кең далаға.

Қыздар – гүл, қыздар нәзік бұл әлемде.

Қыздар ол – болашақта асыл ана.

Сұлу қыздар қалған талай тарихтан,

Баянсұлу еді соның бірі қазақта.

Біздерге өнегелі із қалдырған,

« Баян сұлу» атадық сол себепті топтың атын.

— Қыздарымызға рахмет. Ендігі кезек әділқазылардың бағалауы.

2 Сайыс: « Таңғалмаңыз!»

2-жүргізуші: Өнері өрге жүзер, таңғалмаңыз!

Таланты талмай ұшар, таңғалмаңыз!

Таңғажайып әлемі – өнер аты,

Шарпып өтсін лебімен, таңғалмаңыз!

1-жүргізуші: « Таңғалмаңыз!» сайысы.

Қыздарымыз жоқтан барды жасаса, таңғалмаңыз!

Бардан жоқты жасаса, тағы да таңғалмаңыз!

Мұғалім: бұл сайыстың тапсырмасы: дайын тағамның құрамынан берілген үлгі б/ша тағам түрін жасау.

— Жұмысымызды бастайық. Іске сәт!

— Қыздарымыздың тағамдары  дайын болғанға дейін, сыныбымыздың « сегіз қырлы, бір сырлы » ұлдарының бірі Нұртілекті, Сыйланды, Арманды қарсы алайық. Әр топтан 1-1 қыздан шықсың. Тапсырмасы: бұрым өру. Аяқтағаннан кейін әділқазылар алқасына барып көрсетеді. Ұпай саны қыздың тобына беріледі. ( қазақша өлең)

— Қыздардың жасаған тағамдарын тамашалайық.

— Ендігі кезек әділқазылардың бағалауы.

3 Сайыс: « Ұзын шаштың формуласы»

2-жүргізуші: Сұлу қызға жарасқан,

Өрілген қос бұрымы.

Ұзын бұрым кескенің

Қазақтың жаман ырымы.

  • жүргізуші: Бұрымды қыз сайысы

Тәрбиелі, мәнді де

Шашты күтіп өсіру

Қыз баланың сәні де.

Мұғалім: Бұл сайыста аруларымыз ұзын шаштың формуласымен таныстырып, сусабындарына жарнама жасайды.

 « Ақжүніс» тобының жарнамасын тамашалайық.

Бұрымды қыз – сұлу қыз,

Әлбетте сіз сұлусыз.

Әрленсін десең шашыңыз,

« Тимотей» жуыңыз.

Өте жақсы шашыңызды күте білген,

Әр талын таза ұстаңыз лас, кірден.

Қиялдағы арудай күйге енесіз,

Әрдайым « Тимотей» бірге жүрсеңіз.

« Қыз Жібек » тобының жарнамасын тамашалайық.

Қайратты да, сұлу шаш

Арманыңда жүре ма?

Арманыңа жеткізер

Сусабыны « Нивея»

Тыңдаңыздар, босқа қарап тұрмаңыздар!

«Нивея» сусабының акцияменен сатып алыңыздар!

« Баян сұлу» тобының жарнамасы.

Бағасы сапасы сай,

« Сиос» сусабыны заманға сай.

« Сиос» — ертегіде жүргендей,

« Сиос» — күй кешесін сұлулықты көргендей.

Қою шашын толқып тұрса әрқашан

Таңдағаның дұрыс болар еш өкінбей.

— Сайыс нәтижелерін тыңдайық.

4 Сайыс: « Ою ойғанның ойы ұшқыр»

2- жүргізуші: Аңыз болған жоғалмай бұл ғасырда,

Салт – дәстүрі халқымның жалғасуда.

Бұғы мүйіз оюы сәнділікпен

Көз тартып ұрпақтарға алмасуда.

1- жүргізуші: Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан

өнерлі шеберлер бар даңқы асқан.

« Шеше көрген тон пішер» деген рас,

Қыздарымыз шебер қолға араласқан, – дей отыра

қыздарымыздың ою оюының кереметін тамашалайық.

Мұғалім: Бұл сайыстың тапсырмасы А3 форматы, дайын ою — өрнектер беріледі содан түскиіз құрау қажет.

— Сайыс нәтижелерін тыңдайық.

5 Сайыс: « Білім — ақылдың көркі»

Қыз баланың көркіне ақылы да сай болуы керек. Онда бүлдіршін қыздарымыздың білімін тексерейік.

Ана тілі

  • « Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы кім?
  • Атақты билерді ата.
  • А. Құнанбаевтың табиғатқа арналған өлеңдерін ата.

Қазақ тілі

  • Сөздерге сұрақ қойып, олардың қай сөз табы екенін анықта:

Мектеп, ұзын, жетпіс, жазды, әңгіме.

  • Сөйлемде жалқы есімді тап:

Сырдария мен Әмудария — Арал теңізіне құяды.

  • Сын есімді тап:

Қауырсыны құндыздай,

Қос жанары жұлдыздай.

Математика

  • Сынып оқушыларына 21 оқулық және 42 дәптер таратылып берілді. Дәптерге қарағанда неше оқулық кем берілген?
  • 1 метр неше сантиметр?
  • 1 кг тұз ауыр ма, 1 мақта ауыр ма?

Еркін тақырып

  • Бір әуенге билеу. ( 1 әуенге билеу)
  • Қай қала? ( суретін көрсету)
  • Кімнің суреті бейнеленген?

Осымен бұл сайысымыз аяқталды. Қыздарымызға көп рахмет.

— Кеш  қорытындысын әділқазылар шығарады. Оғанға дейін «Қара жорға » биін тамашалайық.  Сайыскерлерге өнерлеріне қарай атақ беріледі, жеңімпаз  « Балғын арулар » лентасы мен марапатталады.

Марапаттау.

1- жүргізуші: Бақытың бастан кетпесің,

Жамандық қуып жетпесін.

Әсем күлкі жүзіңнен

Өмір бойы кетпесін.

  • жүргізуші: Сау болыңдар, көргенше,

Қайта айналып келгенше

Жиі келіп тұрыңдар,

Қоштасайық ендеше.