«НАТЮРМОРТ» тақырыбында бейнелеу өнері пәнінен 5 сыныпта ұйымдастырылған ашық сабақтың жоспары

143

САБАҚ ЖОСПАРЫ                 Бейнелеу өнері-5………

САБАҚ: Натюрморт МЕКТЕП:  «Үлкенбөкен мектеп балабақша» кешені КММ
Қатысқандар саны Қатыспағандар саны
Сабақ негізделген оқу мақсаты      (мақсаттары) Оқушыларда  түстану ерекшеліктері қалыптасады
Сабақ  мақсаттары Барлық оқушылар: теориялық білімдерін тапсырма орындауда қолданады
Оқушылардың басым бөлігі: Өздігінше жұмыс істеуге дағдыланды
Кейбір оқушылар: Ілгергі топ: Түрлі натюрморттар құрастырады
Қатардағы топ: шаблондарды пайдаланады
Тілдік мақсат Негізгі сөздер мен тіркестер: көкөніс түрлері
Сыныптағы диалог  үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға  арналған  тақырыптар:

1. Мәтінде не туралы айтылған?

2. Қандай көкөністер  бейнеленген?

3. Түстерді қалай пайдаланамыз?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

·         Бір тектес натюрморт құрастыру

·         Аралас натюрморт құрастыру

Алдыңғы оқу

(қол жаттықтыру)

Гүл салу

Критерийлері:

·         3 күлте-1ұ

·         5 күлте-2ұ

·         Жүрекше-3ұ

·         Түймесі-1ұ

·         1 жапырақ-1ұ

·         2жапырақ-2ұ

·         Сабағы-1ұ

·         Түрлі түсті-2ұ

·         Қосымша-2ұ

Сабақтағы көрнекілік материалдар Тарату парақшалары, тірек сызбалар, мәтін, түсті қағаз,АКТ
Сабақтың жалпы құрылымдық методикасы Сурет салуды үш деңгейлік оқыту теориясы бойынша орындау

І.Репродуктивтік деңгей.

ІІ.Эвристикалық деңгей:

ІІІ.Шығармашылық деңгей.

Ж о с п а р
Сабақтың кезеңдері Оқыту мазмұны, іс-әрекеттер Оқытудың  әдіс тәсілдері
Ұйымдастыру бөлімі Көкөністерді атау Топқа бөлу
Сергіту сәті: әуенді бейнеүзік
Тақырыпқа сәйкес ой қозғау Тірек мәтінді оқу Топпен ақылдасу
І.Репродуктивтік деңгей.

 

Ең алдымен қажетті түсті қағаздан көкөніс пішінін  өлшеп, қиып дайындап аламыз. Қажетті өлшемдермен  қиып, бейне шығарамыз. Көрнекіліктерге сүйене отырып, тапсырманы орындау

(түсті қағаз пайдалану)

ІІ.Эвристикалық деңгей:

 

Қағаз бетіне қиялдау арқылы  композициялап  құрастыру. Заттарды  орналастыру,  салыстыра отырып пішіндерді қағаз көлеміне есептеп орналастырып натюрморт шығарамыз. Топта  талдау, пікір алмасу,  натюрмортты бірнеше тәсілмен орналастыру

(түсті қағаз пайдалану)

 ІІІ.Шығармашылық деңгей. Өрнектің, көкөністердің көңілкүйлік реңін табу, штрихтау арқылы   барлық  композициясының шешмін табу. Мәтін бойынша орындалу тәсілдерін  талдайды:

(түсті қағаз пайдалану)

Үй тапсырмсы түсті қарындашпен біртектес натюрморт жұмысын ұйымдастыру

Бағалау……………………….

Тақырыпқа сәйкес ой қозғау

Көкөністер туралы ертегі

Бір бақшада әр түрлі көкөністер өсіпті.

Жасыл қияр – ақкөңіл, әзілкеш, ешқашан қайғыруды білмейтін, барлық көкөністерді кекетіп – мұқатқанды ұнататын.

Қызыл қызанақ – маңызды, қашан да сәнді. Ол «Бүгін жаңбыр жауады деп ойлаймын» деген сөздерді жиі айтады екен. Шыныңда да жаңбыр жауған кезде қызанақ: «Көрдіңдер ме! Менің айтқаным дұрыс келді ғой!» деп тағы мақтанады екен. Егер жаңбыр болмаса, қызанақ саспай, өзі айтқан сөзге қатысы болмағандай тұратын.

Қызғылтсары сәбіз болса: «Менің бар сылулығым жер астында жатыр, ешкім көрмейді, мен бақытсызбын!» деп әрдайым көңілсіз болып, бұрқылдайтын көрінеді.

Аңқау қырыққабат – кішіпейіл, сөзшең. Ол «Басында жапырағым екеу – ақ еді, қазір тіпті көбейіп кетті.» — деп, барша айтар әңгімесі тек киімнің ауырлап кеткендігі жайлы.

Қоңыр картоп болса – қайырымды, мейірбан. Бақшадағы көкөністермен түгел дос болып, бәріне көмектеседі. Картопты бәрі жақсы көреді.

Бас пияз – жағымсыз, ол айналасындағылардың көздерінен жас ағып, үнемі жылап жүргендерін ұнататын.

Міне, осындай түрлі мінезді көкөністер сиысып, бір бақшада өсіпті.

 

 

«НАТЮРМОРТ»

тақырыбында бейнелеу өнері пәнінен 5 сыныпта ұйымдастырылған ашық сабақтың жоспары

 

 

Бағалау парақшасы

Топ басшы……….

 

Р/С Оқушының аты — жөні 1тап 2тап 3тап Бағасы
1
2

 

 

3

4

 

5

 

3 тапсырмаға – «5»,  2 тапсырмаға- «4»,   1 тапсырмаға – «3»,

  мүлдем қатыспаған оқушыға – «2