Хайуанаттар бағында

54

 Маңғыстау облысы Ақтау қаласы №4 гимназия мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі
 Баймухамедова Алмагуль

Сабақтың тақырыбы: Хайуанаттар бағында
Сыныбы 5-сынып                                  күні
Сабақтың мақсаты:  Оқушыларды хайуанаттар түрімен таныстыру, оларға күтім жасауға баулу,ой-өрістерін   кеңейту,шығармашылық  қабілеттерін   арттыру.
Күтілетін нәтиже Оқушының ой-өрісі, ойлау белсендігі дамиды. Хайуанаттарға қамқорлық жасауды үйренеді. Ынтымақтастықта жұмыс істеуге үйренеді
Сілтеме «Қазақ тілі» оқулығы, суреттер, ғаламтор желісі
Оқыту әдістері: АКТ,  ВЕНН диаграммасы«Ыстық орындық» Оқыту үшін бағалау
Сабақта қолданылатын материалдар: Оқулық           картиналар                АКТ
кезеңдер уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру жұптастыру 3мин Піл, аю, қоян суреттері  бойынша топқа  бөлу,  топ ережесін сақтау. Топтарға бөлінеді, топ ережесін сақтап, ынтымақтастықта жұмыс істейді. 
Үй тапсырмасын тексеру«Ыстық орындық»

 

5мин Төмен және жоғары дәрежелі сұрақтар қояды Өтілген тақырып бойынша төмен және жоғары дәрежелі сұрақтарға жауап береді
АКТ 3мин Хайуанаттар тіршілігі туралы бейнеролик көрсетеді. Бейнероликті мұқият көріп,, сабақтың тақырыбын ашады.
Жаңа сабақТақырыпты ашу 10мин Хайуанаттар бағы туралы әңгіме өрбітедіМәтінді бірлесіп оқып, аударуға тапсырма береді.

Тақтаға сөйлемдерді жаздыртады, сөз құрамына талдатады.

Өздерінің хайуанаттар туралы білгендерін айтып, ой бөліседі.Оқушылар жаңа мәтін бойынша  өз ойларымен бөліседі3-тапсырманы жазбаша орындайды, сөздерді сөз құрамына талдайды.
Тапсырмадиалогтік оқыту 10мин Деңгейлік тапсырмалар береді  Сұрақтарға жауап береді. Жауаптарын  дәптерлеріне жазып алады Қосымша сұрақтарға жауап беріп, диалогты өзара жалғастырады
Сергіту сәті. 3мин Хайуанаттар туралы  бейнеклипке би билетеді Хайуанаттардың іс-қимылын қайталап, би билейді.
Венн диаграммасы 5мин Тапсырманы түсіндіріп, бақылайды  Үй жануарлары мен хайуанаттар туралы ерекшеліктері мен ұқсастықтарын анықтайды
Үй тапсырмасы 3мин «Мен үй жануарларына қамқорлық жасаймын» тақырыбына эссе жазу. Үй тапсырмасының мақсатын түсіндіреді. «Мен үй жануарларына қамқорлық жасаймын» тақырыбына эссе жазады.
Өзара бағалау 3мин Қорытынды жасайды БББ стратегиясы арқылы кері байланыс жасайды