Байқатпайтын және қорғанатын реңдер

178

Атабаева Гулхан Нуралықызы Бастауыш сынып мұғалімі

Т. Аубакиров жом

 ОҚО, Мақтарал ауданы, Игілік ауылы

Дүниетану   2 сынып

Сабақтың  тақырыбы:  Байқатпайтын  және қорғанатын реңдер

Сабақ мақсаты:
1. Ойын арқылы жаңа тақырыпты түсіндіре отырып, дүниетану пәніне деген қызығушылығын арттыру.
2. Сын тұрғысынан ойлауға, өздігінен жұмыс жасай  алуға баулу.
3. Ұлттық рухы жоғары, мәдениетті азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білім  беру сабағы, ана тілі+еңбек+дүниетану.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: психологиялық дайындық,миды шынықтыру,сызба-кесте, слайдтар, сызбалар,өзіңді тексер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Психологиялық дайындық.

«Миды шынықтыру».
Әрқашан көтеріңкі көңіл күй болсын !
Музыка әуенімен анимациялық табиғат көрінісін тамашалау.

ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
1)«Сылдырмақ ойыны» арқылы тексеру.
(Сұрақтарға жауап алу.Дұрыс жауап алғанда сылдырмақ сылдырлайды)

-Ал енді сендер үй тапсырмасын оқып келдіңдер,енді соны тексерейік.
-Жырқыштарға қандай жануарлар жататынын ата? (Ат,жолбарыс,жапалақ,бүркіт,қасқыр,қоян)
— Сүт қоректілерді ата?
(Аю,құрбақа,мысық,ит,торғай,сиыр)

Буындардан сөз құрау. (жауабы:Бунақденелілер)
— Дұрыс балалар, сабақта бунақденелілер жайында, яғни  «Байқатпайтын және қорғанатын реңдер» бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы болады.

-Ал мақсатымыз не? Кім айтады?( оқушыларға сабақ мақсатын  қойғызып, толықтыру)

ІV.Жаңа сабақ

Жұмбақтар шешкізу.
Бүгінгі біздің жаңа сабағымызда осы жұмбақ жауаптарындағы бунақденелілер туралы білім аламыз.

 Мағынаны тану.
А)   Мәтін мазмұнымен таныстыру.
V Сергіту сәті:  
(түрлі анимациялы қимылдағы жануарлар суреті)

    Топтық жұмыс.

Ребус шешу

VІІ Қорыту жаттығулары:
 Сәйкестендіру

Қосмекенділер               сиыр

Бунақденелілер               жылан

Жорғалаушылар                  ара

Сүтқоректілер                     бақа

 «Шарлар» ойыны.
-Бунақденелілермен қоректенетін жануарларды ата?
(торғай,көбелек,аю,шыбын,тиын,бұғы,құрбақа,мысық,тауық)

-Қызыл кітапқа  енген жануарларды ата?
(Қарақұйрық,жылан,қасқыр,елік,сиыр,құлан,аю,сарышұнақ,дуадақ)

-Бұнақденелілерді атаңыз?
(Шымшық,ара,бұлбұл,құрбақа,құмырсқа,қоян,тиын,тасбақа,тоқылдақ)

VІІІ Үйге тапсырма:92-94 бет оқып, түсінік айту. Бунақденелілердің суретін салу.
ІХ Бағалау: