Солтүстік Американың географиялық орны. Ашылуы және зерттелу тарихы

277

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Ақкөл ауылы, Абай атындағы орта мектептің 
география пәнінің мұғалімі 
Байгабылов Еркин Сактапбергенович 

Класс: 7

Тақырыбы: Солтүстік Американың географиялық орны. Ашылуы және зерттелу тарихы.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Солтүстік Американың зерттелу тарихын, географиялық орнын толықтай меңгертіп, оқушылардың Солтүстік Америка жайында түсінік қалыптастыру.
  2. Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын ашық айтуға, картамен жұмыс жасай алуға, өткен тақырыптарды есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
  3. Тәрбиелік: Өзге елдерді тани отырып, өз елінің ерекшеліктерімен салыстыра отырып тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Материктер мен мұхиттардың физикалық картасы, Слайд, фотосуерттер.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдасытру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу

  1. Оқушыларды түгелдеу

3.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

4.Оқушыларды 2 топқа бөлу

/І топ: Арал       ІІ топ:Теңіз /

ІІ.Өткен тақырыпты қайталау

1.Оңтүстік Американың картасын құрастыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Оңтүстік Американың солтүстігін шайып жатқан теңіз? /Кариб теңізі/

  1. Оңтүстік Американың шығысында орналасқан қырат? /Бразилия қыраты/
  2. Ориноко өзенінде орналасқан сарқырама? / Анхель /
  3. Әлемдегі ең үлкен ойпат? /Амазонка/
  4. Анд тауының ең биік нүктесі? /Аконкагуа/
  5. Амазонка өзені қай мұхиттың алабына жатады?/ Атлант/
  6. Оңтүстік Америкамен Отты жер аралын бөліп тұрған бұғаз? /Магеллан/
  7. Анхель сарқырамасының биіктігі? /1054м/
  8. Гвиана қыраты Оңтүстік Американың қай аймағында? /Солтүстік аймағында/

2.Карточкамен жұмыс /жеке  оқушымен жұмыс/

№ 1

1/ Оңтүстік Америкадағы ең ұзын тау? –    / Анд /

2/ Оңтүстік Америкадағы ең суы мол өзен? —  / Амазонка /

№ 2

1/ Оңтүстік Америкадағы ойпаттарды жаз – / Амазонка, Ла-Плата, Ориноко/

2/ Аконгагуа тауының биіктігі – 6960м

№ 3

1/ Оңтүстік Америкадағы ең ұзын ел? – / Чили /

2/ Теңіз деңгейінен жоғары орналасқан көл? – / Титикака /

№ 4

1/ Гран-Чако жазығында ең жоғары температура қанша градус? – / +47 /

2/ Оңтүстік Американы қанша климаттық белдеу кесіп өтеді? – / 6 /

№ 5

1/ Амазонка өзенінің қанша саласы бар? – /500/

2/ Анд тауының символы – /Кондор, Лама/

 

№ 6

1/ Оңтүстік Американың ең үлкен елі? – /Бразилия/

2/ Оңтүстік Американың байырғы тұрғындары? – /Үндістер/

 

№ 7

1/ Дүние жүзіндегі теңіз деңгейінен ең биік орналасқан қала? – /Ла-Пас/

2/ Игуасу сарқырамасының биіктігі қанша? –  /72м/

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жаңа сабақты бастамас бұрын қандай тақырып екенін оқушылар мына видиороликті қарай отыра анықтайды.

Енді 2 топқа 2 тақырыпща бойынша постер қорғайды.

І топтың тақырыбы: Географиялық орны

ІІ топтың тақырыбы: Ашылуы және зерттелу тарихы

Мұғалімнің түсіндірмесі:

Солтүстік Америка солтүстік жарты шарда орналасқан.   Көлемі жағынан

Еуразия мен Африкадан кейінгі 3-орында.  Жерінің ауданы -24,2 млн. км2

 

 

 

 

 

 

 

 

Табиғатының мынадай басты ерекшеліктері бар:

*Ең ұзын тауы әрі енді тауы – Кордильера  ұзындығы –9000 км, ең енді бөлігі- 1600 км

*Дүниежүзіндегі ең үлкен арал- Гренландия аралы ауданы –  2,2млн км2

*Дүние жүзіндегі ең ұзын жер асты үңгірі –  Флинт-Мамонт

Аппалач тауының оңт.шығысында оның ұзындығы – 500 км

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

*Дүние жүзіндегі ең үлкен тау  мұздығы – Аляска жотасында  орналасқан-Хабборт мұздығы,  оның ұзындығы-145 км

*Дүние жүзіндегі ең биік ағаш –  Секвойя тынық мұхиты жағалаунда  өседі. Биіктігі – 100 метр ден жоғары.

*С.Американың ең биік нүктесі – Мак-Кинли, биіктігі – 6194м

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

*Материктің теңіз деңгейінен

ең төмен орналасқан нүктесі

– Өлім аңғары, теңіз деңгейінен

86м төмен жатыр

*Материктегі ең ыстық жер –

Өлім аңғары (+570С)

 

*С.Америкадағы ең суық жер – Гренландия аралының орт. мұнда(-700С)

*Материктегі жауын-шашынның ең көп түсетін жері – Кордильераның солтүстік-батыс жағалауында, мұнда 6000 мм – ге дейін ж-ш түседі

*Солтүстік Америкадағы жауы-шашынның ең аз жауатын жері-

Калифорния шығанағының солтүстігі (100мм)

ІV.Сабақты бекіту.

  1. Солтүстік Американың оңтүстік жағалауын ашқан кім?
  2. Ньюфаунленд аралы мен Лабрадор түбегі жағалауын ашқан кім?
  3. Ағылшын саяхатшылары Генри Гудзон мен Александр Маккензи материктің қай жерлерін ашты?
  4. Солтүстік Американы Еуразиядан бөліп жатқан бұғаз?
  5. Тынық мұхиты мен Атлант мұхитын жалғастырып тұрған канал?
  6. Солтүстік Америка қандай жарты шарда жатыр?

7.Солтүстік Американың ең биік нүктесі?

  1. Гренландия аралының ауданы қанша?
  2. Материктің ең ыстық жері?
  3. Кордильера тауының ұзындығы?

11.Секвойя ағашының биіктігі?

  1. 12. Солтүстік Американың ең үлкен аралы?

V.Сабақты қорытындылау

Құрлық аумағы солтүстіктен оңтүстікке қарай орта есеппен 7000 км созылып, жағалауында аралдар мен архипелагтар  орналасқан. Солтүстігінде әлемдегі үлкен арал — Гренландия мен Канада Арктикалық архипелагы. Шығысында Ньюфауленд аралы, оңтүстік-шығысында Үлкен және кіші Антиль мен Багам аралдары орналасқан. Сондай-ақ құрлықтың солтүстік — батысы мен батысында да көптеген аралдар бар. Олар: Амут, Королева Шарлотта, Ванкувер, Кадьяк, Алсксандр архипелагы.

Құрлық аумағы әсіресе 30 және 70° солтүстік ендіктер аралығында көлемді болып келеді. Солтүстік жоне оңтүстік бөліктері көп тілімделгсн. Мысалы, Гудзон, Мексика шығанақтары, Лабрадор, Флорида, Мексика және Юкатан  түбектері. Құрлықтың негізгі орографиялық элементтері меридиан бойы бағытта созылып жатыр. Батыста Аляскадан орталық Америкаға дейін 7000 км қашықтықта Тынық мұхит жағалауы бойымен Кордильер тау жүйссі созылып жатса, шығыста Аппалач тау жүйесі орналасқан.

VІ.Бағалау

VІІ. Үйге тапсырма: Солтүстік Американың географиялық орны мен зерттелу тарихын оқып, кескін картаға шеткі нүктелерін,шайып жатқан сураллын түсіру.