«Бақытты отбасы-ол…» дөңгелек үстел

768

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы
Сатыбалды негізгі жалпы білім беретін мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Темірғалиева Назым Фатихқызы

Тақырыбы: «Бақытты отбасы-ол…»дөңгелек үстел

Мақсаты:Сынып оқушыларына отбасы тәрбиесінде ой салу, ата-ананың отбасы тәрбиесіндегі сауаттылығын көтеру және жасөспірімдердің теріс жолға түсуіне жол бермеу.

Дөңгелек үстелге ата–аналар,сыныптың жалпы оқушылары қарастырылады.

Дөңгелек үстел 6 бөлімнен тұрады:

  1. Ойға шабуыл
  2. Бүгінгі менің ойым
  3. Ата – анаға тест
  4. Сүйіспеншілік сипаты
  5. Қорытынды

Бірінші болып оқушылар, олардың артынан дөңгеленіп ата – аналар отырғызылуы керек. Дөңгелек үстелдің ортасына өсірілген гүл қойылады. Оқушылар ішке кіріп келе жатқанда олардың біріне көк жапырақ, біріне сары жапырақ беріледі. Әдемі ой салар әуен қойылып, сол әуенмен ата – ана да, оқушылар да орнына отырады.

Пайдаланған өсиет сөздер:

  1. Баланың жақсысы – қызық, жаманы күйік (Абай)
  2. Ата – бабасын сыйламау – азғындықтың белгісі (Пушкин)
  3. Кімде – кім ата – анасын разы еткен болса, ол қандай жақсы . Алла тағала оның өмірін ұзартады (Мың бір хадистен)

Салынған талдың суреті пайдаланады.

Кіріспе.

Тренинг

Топқа бөліну./отбасы болу/ әуен арқылы/

Топ ережесін құру.

«Бір күнгі отбасылық өмір» қойылым

Жүргізуші: Қадірменді ата – ана, “Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін” деп әлпештеп отырған перзентінің мейірімсіз, қатыгез, жаман бала болғанын кім тілейді десіз? Бірақ бүгінгі күні ата – анасын құрметтейтін, олардың алдындағы перзентік парызын орындамайтын, өз айтқанымен жүргісі келетін балалардың бар екені шындық.

“Тәрбие – отбасынан басталады” дейтін болсақ, біздің отбасындағы тәрбиеміз,қарым-қатынас мәдениеті қандай? Бүгінгі балаларымыз  “махаббат майданында” жүрген қыздар мен жігіттер. Біреуі – біреуді ұнатып қалып жатса, біреуі —  біреуге ұнап жатады. Бір – біріне ұнаған жастың ендігі арманы біз мына өмірде бірге болсақ екен, өмірдің ащысы мен тұщысын бірге көрсек екен деген ой туады, ал ол отбасын құру дейтін болсақ, сол отбасын құруға біздің жастарымыз дайын ба?

      Ал ата – ана, ертеңгі үміт күткен балаларымызбен сыйластығымыз, отбасындағы түсініктігі қандай?

      Бүгін сіздерді “Отбасы бақыты –ол…” деп аталатын дөңгелек үстелге пікірлесуге шақырамын.

      Ендігі ойымызды осы тақырып төңірегінде топтастырып, әрі қарай жалғастырайық (оқушыларға да, ата – аналарға да мына ойларды жалғастыру беріледі)

а) отбасы бақыты – ол….

ә) бақыт дегеніміз — …..

б) борыш дегеніміз-…….

в) отбасы бақыты үшін мен…….

г) келешектегі отбасымның бақыты үшін мен……

(осы кезде әуен қойылып, қатысушылардың әуенмен жұмыс істеуіне жағдай туғызу керек)

      Ата – ана, оқушы жауабынан соң қорытынды жасалып, “осы отбасы бақытын бұзатын қандай жағдайлар?” деген сұрақ тасталады.

Жүргізуші: 3 – бөлім “Бүгінгі менің ойым” деп аталады. Оқушыларға мынадай сұрақтар жазылған парақтар таратылады:

а) – ой, мама, қойызщы осы, сіз оны түсінбейсіз(осы сөздерді есту ата – анаға ауыр емес пе?)

ә) отбасы бақыты кімның қолында(ананың, әкенің, балалардың)

б) мұны дұрыс істеген жоқсың, сол үшін анаң ұрсып жатыр. Ұрысқаны үшін анаң кінәлі ме, дұрыс істемегенің үшін сен кінәлісің бе?

Ата – аналарға берілетін сұрақ:

  • балаңыздың “ой, қойшы мама” деген сөздері сізге ауыр тие ме? Бұл сөздерді жиі естуге тура келе ме?(оқушылар, ата – аналар жауаптары тыңдалады)

Жүргізуші: Сенің кез – келген жақсы ісің үшін алған қуанатын да анаң, кез – келген дұрыс емес ісің үшін ренжитін де анаң. Ана жүрегі енді ғана қауызынан ашылар гүл. Сенің бір ауыз сөзің гүлдей болған ана жүрегін тырнап алуы мүмкін. Ана жүрегі ренішті де, ауруды да, қайғыны да бәрін – бәрін көтереді. Бірақ әрбір тырнаудың ізінен мәңгілікке жара қалып кетеді, осы ұмытпа. Оқушылар, сендерге осы жерде айтылған сөздер тек анаға арналды, яғни әкені ренжітуге болады деген ой тумасын. Анасын сыйлаған бала әкесін де сыйлайды (тақтада жазулы тұрған хадистен сөз оқылады)

  1. Енді оқушыларға алфавит бойынша әріптерді қойғанда шығатын сөздердің бірнешеуі беріледі, ал ата – анаға тест беріледі. Сол тесттің сұрақтарына жауап беру арқылы ата – ана балл жинайды. Сол баллына қарап, бала тәрбиесіне байланысты бағыт – бағдар беріледі.

Оқушыларға берілген тапсырма:

Мына сандардың астында бір – бір әріп тұр, соны тауып сөйлетіп көр.

1 8 1
10 28 23 8 5 38

 

 

18 2 11 38 14
20 18 37

 

10 1 23 1 16 1 17 1

Тапсырма жауабы: әрбір тұрған сан алфавит бойынша сандардың ретін береді. Сонда “Ана жүрегі нәзік гүл, оны жаралама” деген сөз шығады.

Ата – анаға берілген тест “Сіз қандай ата – анасыз?”

  1. Балаңызға айтқаныңды істете аласыз ба?

а) Жоқ б) Ия в) Кейде ғана

  1. Балаңыз сіздің айтқаныңды қалай орындайды?(үй шаруасын)

а) өз еркімен б) қорыққанынан в) айтқызбай орындайды

  1. Балаға қатал талап қою бала тәрбиесіне кедергі келтірмейді ме?

а) Иә б) Кейде в) Жоқ

  1. Балаңыз сізді тыңдамаған кезде қолданатын шараңыз қандай?

а) Ұрсасыз б) Ұрасыз в) Түсіндіресіз

  1. Балаңызды әділетсіз жахалап, кінәлаған болсаңыз қателігіңізді мойындап кешірім сұрайсыз ба?

а) Иә б) Кейде в) Жоқ

  1. Балаңызбен пікір алысып, ой бөлісесіз бе?

а) Иә б) Кейде в) Жоқ

  1. Балаңыз ашуланғанда сіз өзіңізді ұстай аласыз ба?

а) Иә б) Кейде в) Жоқ

  1. Баланың күнделікті қажетіне жұмсау үшін берілетін ақша мөлшері оның қалауынша болуы керек деп есептейсіз бе?

а) Иә б) Кейде в) Жоқ

  1. Уақытты балаңызбен бірге өткізу сіз үшін қуаныш па?

а) Иә б) Кейде в) Жоқ

  1. Өзіңіздің алғашқы ойыңыздың қате екенін түсініп, өз шешіміңізді өзгерте аласыз ба?

а) Иә б) Кейде в) Жоқ

Ата – ана тақтада ілінген таблицаға қарап отырып, өзі жинаған балл арқылы өзін — өзі бағалай алады, ал жүргізуші ата – анаға өзін қалай бағалауы керектігі жөнінде бағыт – бағдар береді.

Ата – ананың өзін — өзі бағалау парағы.

Егер сіз 45 – 50 — ге дейін балл жинасаңыз, сіз бала тәрбиесін дұрыс жолға қойғаныңыз. Егер одан төмен балл жинасаңыз, онда сізге бала тәрбиесінде көбірек ойлануыңызға тура келеді. (пікірлесу соңынан төмен балл жинаған ата – аналарға бала тәрбиесінде бағыт – бағдар берілуі керек, оқушылардың қатысуынсыз)

Реті А В С
1 0 5 3
2 4 0 5
3 0 3 5
4 0 0 5
5 5 3 5
6 5 3 0
7 5 2 0
8 0 2 5
9 5 2 0
10 5 2 0

Жүргізуші: Келесі бөлім “Сүйіспеншілік сипаты” деп аталады. Бағана өздеріңіз сыныпқа кіріп келе жатқанда берілген жапырақарды пайдаланар сәт туды. “Отбасының бақыты үшін не керек?” деген сұраққа байланысты ойларыңызды көк жапыраққа, ал отбасын бұзатын жағдайлар туралы пікірлеріңізді сары жапыраққа жазып, ілулі тұрған тақтадағы ағашқа жапсырамыз.

  • Енді осы ойларымыздың барлығы неге ағашқа жапырақ түрінде жапсырылды, қалай ойлайсыздар… (оқушылардың пікірін тыңдаймыз, болмаса жүргізушінің өзі қорытындылайды)
  • Әрбір отбасы — өрнек жайған ағаш діңгегі. Егер осы сары жапырақтар көп болса, сіздің отбасыңызды қауіп – қатер қорқыныш, бақытсыздық жайлай бастағандығы. Ол мына өздеріңіз жазғандай арақ, айқай, келіспеушілік, әкенің балаға, баланың анасына көңіл бөлмеуі. Ал егер көк жапырақ көп болса, онда сіздің отбасыңызды бақыттың орнағандығы, яғни түсіністік, сыйластық, бір – біріне деген махаббат, адалдық, жүрек жылуы, баласының анаға, ананың балаға жылуы.

Үлкендер бата бергенде көптеп көгер, ұрпақ жай деп жатады, сол сияқты отбасының көктеп – көгеруі үшін, бақыты үшін мына өздеріңіз жазған жақсы ойлардың барлығы керек. Отбасы бақыты ол отбасы мүшесінің барлығына байланысты.

Қорытынды: Күнді қолмен бүркеуге болмайтындай, барлық проблемадан қашып құтылу мүмкін емес. Балаларымызды тек қана компьютермен, қымбат киім алып берумен, күнделікті ақшамен қамамасыз етумен шектелмей, олардың өміріне белсене араласып, проблемасын бірге шешетін кез келді. Қадірменді ата – ана Макаренконың “Біздің балаларымыз – біздің қартайған шағымыз. Дұрыс тәрбие – бұл бақытты қарттық, нашар тәрбие – бұл біздің болашақтағы сорымыз, бұл біздің көз жасымыз, бұл біздің басқа адамдар мен бүкіл ел алдындағы кінәміз” – деп айтқандай бақытты қарттық көргіміз келсе, балаларымызды жақсылап тәрбиелейік. Қадірменді оқушы, ата – анаңа ақыл қосар ақылшы екеніңді, қиындығын жеңілдетер көмекшісі екеніңді, яғни ертеңгі күнгі үміті екеніңді ұмітпа. Әрбір отбасы бақыты сол отбасын құрап отырған мүшелердің барлығына тікелей байланысты.