Балалар құқығы әлемінде

121

Батыс Қазақстан облысы

Ақжайық ауданы

Атамекен ауылы  Жангалиева Конырша Амангелдиевна

М.Өтемісов атындағы негізгі жалпы білім беретін мектебінің І санатты бастауыш сынып мұғалімі

Тақырыбы: Балалар құқығы әлемінде.

Мақсаты: Баланың негізгі құқтарын үйрету арқылы құқықтық біліімдерін жетілдіру.

Міндеттері:  1.ҚР –ның заңдарын құрметтеуге және орындауға тәрбиелеу.

2.Қоғамда өзінің неге құқылы, неге міндетті екенңн ажырата білуге жағдай туғызу.

  1. Өмір сүруге деген құштарлығын арттыру.

Танысу:

Сендер бір- біріңді жақсы білесіңдер, ал қонақтар сендер туралы білмейді,

Біз сендермен жақынырақ танысқымыз келеді.Танысқанда аты- жөндеріңді, еркше қабілеттеріңді, сүйікті істеріңді  айтыңыздар.

Танысуды өзімнен бастайын:

-Мен Қоңырша Амангелдіқызы, бастауыш класс мұғалімі, 1- класс жетекшісімін. Балалармен жұмыс жасағанды ұнатамын, сүйікті ісім көркем әдебиет оқу.

Әрі қарай оқушылар өздерін таныстырады.

-Мен сендермен танысқаныма өте  қуаныштымын. Менің алдымда шеттерінен өнерлі, қабілетті балалар тұр  екен. Ендеше біздің әңгімеміз жарасып, тәрбие сағатымыз сәтті өтеді деп ойлаймын.

«Балалық шақ» әні  орындалады

Бұл балалық шақ  туралы ән бәрімізге таныс, бәріміздің сүйікті әніміз .Мен үшін өте қымбат. Ол бақытты балалық шақты, қызықты мектеп  өмірін еске түсіреді.

Бұл балалық шақ! Бақытты шақ! Достарыңмен шана тебу, доп ойнау, бірге табиғатқа серуенге шығу. Алаңсыз, ештеңені ойламай,  шаршағанша ойнау.

-Ал сендер өздеріңнің балалық шақтарың туралы не айтасыңдар?

Балалық шақ осындай  таусылмайтын қызықтарымен адамның есінде мәңгі қалатын  ең бақытты шақ. Адамға өмір бір-ақ рет беріледі. Сондықтан  әрбір күніміді қуанышты, бақытты, есте қаларлықтай етіп өткізуге тиіспіз.. Ол үшін біз құқтарымыз бен міндеттерімізді білуіміз керек. Сондықтан бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы:

«  Балалар құқығы әлемінде»

-бүгінгі тәрбие сағатында балалардың құқтары мен міндеттері жайлы айтамыз

-Өте ертеде, бұдан бірнеше мыңдаған жыл бұрын жер бетінде алғашқы адамдар пайда болған. Адамдардың арасында үлкен сұрақ туындады.Нені істеуге болады, нені істемеу керек ? Не істеуге құқылы, неге құқысыз?

-Балалар құқық дегеіміз не? (балалардың жауаптары тыңдалады )

Құқық – бұл адамдардың өмір сүретін ережесі. Ол адамдардың қоғамдағы қарым- қатынасын анықтайды.

Ересек адамдардың түрлі құқықтары   бар.

-Ал, балалардың құқықтары бар ма? Балалар неге құқылы? (Балалар жауаптарын тақтаға жазады)

Өмір сүруге

Бала құқылы

Есім алуға                                                          емделуге

Отбасы тәрб                                                     білім алуға

 

 

Сөз бостандығына      демалуға              ойын айтуға

 

Балалардың  барлық құқықтары  арнайы заңдарда жазылған.(кітапшаларды көрсету). Құқықтарың мен міндеттеріңді қаншалықты білетіндеріңді тексеріп алайық. Ол үшін « Рұқсат етіледі», «Тыйым салынады» деген ойын ойнайық.

Балаларға түрлі суреттер көрсетіледі .(Ту ұстаған бала, жәбір көрген бала,ана құшағындағы бала, ауыр жүк көтерген бала, білім алып ,ем алып жатырған бала, ән айтып, сурет салып отырған бала, ақ, қара, сары балалар).

Суреттерді көрсеткенде балалар неге рұқсат етіліп, неге тыйым салынатынын айтады.

Жарайсыңдар балалар, сендер жақсы жауап бердіңдер.

Қоғамда  өмір сүріп жатқан әрбір адам  заңды жақсы білуге

және оны орындауға міндетті. Заң білмейтін адамды соқыр адаммен теңестіруге болады. Бұған көз жеткізу үшін тренинг өткізейік.

Екі бала шығады. Біреуінің көзін байлап, екіншісінің көзін байламаймын.   Екеуі аудиторияның ішін аралап жүру керек.  (балалар өздерінің  сезімдерін айтады ).

Заңды білмейтін, оны орындамайтын адам қорқақ,, өзіне сенімсіз болып өмір сүреді. Ал өз құқығын білетін адам өмірде өзіне сенімді, тыныш, бақытты ғұмыр кешеді.

Кейде балалар өз қүқықтарын жақсы білгенімен  өзгенің құқығын бұзғанын білмей қалып жатады., Сондықтан мен сендерге бір жағдаят оқып берейін. Сендердің міндеттерің жақсылап тыңдап, балалардың қандай қателік жібергенін айту.

Нұрлан 3- класс оқушысы. Бала кезінен тіл кемістігі бар. Ешкім онымен бірге жүріп ойнағысы келмейді. Оны сыныптастары шеттетіп, мазақтап жүргізбейді. Ешқандай аяушылық сезімін танытпайды. Ол үнемі көңілсіз жүреді. Нұрланның қандай құқығы бұзылды? ( балалардың жауаптарын тыңдау).  Балалықпен мұндай қателіктер жіберіп алмаңыздар.

Енді балалар аздап дем алып алайық.

«Жарыққа шығу»

Жайланып отырып алайық, көздеріңді жұмыңдар, өздеріңді қараңғы, салқын жер  астына түсіп кеткендей сезініңіз. Сізге дем алу ауыр, ауа жетпей жатыр. Жер асты жайсыз, жалғызсың. Сен бұл жерден тезірек шыққың келеді.Сен өте ұзын, шеті жоқ тоннелмен келе жатырсың. Саған бір кішкентай жарық көрінді. Бұл жер астына кішкене тесіктен түскен күннің сәулесі еді. Сен жылдам басып, сол жарыққа кедің. Қолыңа тас алып,  жоғары лақтырып, тесікті ұлғайттың. Жылы жел шашыңды сипап өтті. Сен таза ауамен дем алып, кеудең қуанышқа толды.Сен һзіңді еркін, бақытты сезіндің.

Өмірде қателескен адамның  жаны жайсыз, мазасыз, үреймен күні өтсе, тура жолмен, әділ заңмен жүрген адамның жаны жайлы,  әрбір күні қуанышты өтеді. Әрине көптеген адамдар заңды құрметтейді.

Мен  сендерге мына емен ағашын көркейтуді  тапсырамын.

Топтарға жапырақтар беремін.  1- топ  жапырақтарға өз  құқықтарын, 2- топ міндеттерін жазып, емен ағашына жапсырасыңдар.

Міндеттер: заңға бағынуға, мектеп ережесін сақтауға, Отанды қорғауға, рәміздерді құрметтеуге, табиғатты қорғауға, үлкенді сыйлауға, т.б

-Балалар сендерге бүгінгі сабақта не ұнады? Сабақтан не үйрендіңдер?

Қорытынды:

Балалар сендер сабаққа жақсы қатыстыңдар, үлкен рахмет.Мен сендерге өмірдің бұралаң жолдарында адаспай тура жолмен жүрулеріңе, бақытты  болуларыңа тілектеспін. Достарыңа, туыстарыңа қайырымды болыңдар. Әр күндерің қуанышқа, шаттыққа толсын.

Тыңдағаныңызға рахмет.