Ми бөліктері және үлкен ми сыңарлары қыртысының аймақтары: қимыл-қозғалыс, тері-бұлшық ет, көру, есту, иіс сезу, дәм сезу

593

Ми бөліктері және үлкен ми сыңарлары қыртысының аймақтары: қимыл-қозғалыс, тері-бұлшық ет, көру, есту, иіс сезу, дәм сезу

«Ауызша сабақ-2» технологиялық картасы

Сабақтың мақсаты:

Ми бөліктері және үлкен ми сыңарлары қыртысының аймақтары, қызметі туралы  білім беру

Міндеттері:

  • ұжымдық жағдайда ақпаратты жоғары жылдамдықпен меңгеруді ұйымдастыру;
  • есте сақтау және зейінді жаттықтыратын тапсырмалар орындау;
  • пәннің құндылықтарын сезінуге ықпал ету;
  • өз бетінше білім алуға үйрету, ең негізгіні бөліп алу, салыстыра білуге дағдыландыру;
  • өзін-өзі бақылау және бағалауға үйрету; өзін-өзі түзету біліктілігін дамыту.

Көрнекілігі, дидактикалық материалдар: тірек-конспект, интерактивті тақта, ООМ, түрлі-түсті бор

Сабақтың барысы:

Сабақтың құрылымы Технологиялық картаның жұмыс тәртібі Түсініктеме
 

1 кезең.

Ұйымдастыру

кезеңі

Оқушылардың зейінін жинақтау:  

 

ООМ

А Б В С Д Е
 

2 кезең.

Стандарттық және өзгермелі

жағдайларда

білімді қолдану

үлгісін құру

 

1 ші бағалау

 

Мәтінмен және тірек сөздермен жұмысОқушылар мәтінмен өз бетінше жұмыс жасап, тірек сөздерді табады:

1. Ми                 8.Ми қарыншалары

2.1300-1400 гр    9. 12 жұп жүйке

3. Ақ зат            10.Сопақша ми

4. Артқы ми       11. Сұр зат

5.Ядро                12.Ортаңғы ми

6 .Ми бағанасы  13.Ми көпірі

7. Есту аймағы    14. Гипофиз

Енді тақтадағы сөздерді оқушылар есте сақтайды. Уақыт біткен соң сөздер жабылып, балалар есте қалғандарын дәптерге жазады. Сөздер ашылып, ұмытып кеткендерін толықтырады.

Мәтінді оқу жылдамдығы:1 бетке 3 мин. ООМ-да оқушылардың тапқан сөздері «+», «-» таңбамен белгіленеді. Тірек сөздерді дәптерге жазуға 14 сөзге 1 минут уақыт беріледі. ООМ- да оқушылардың неше сөз жазғандығы тексеріліп, түрлі-түсті бормен сөз саны жазылады.
3 кезең.

Ойлауды ұйымдастыру

2 ші бағалау

 

 

 

 

 

4 кезең

Білімді өз бетінше қолдану

 

3 ші бағалау

 

 

Мұғалімнің тірек сөздерімен сәйкес келген сөздердің маңыздылығы анықталып, тақтаға жазылады.

 

Осы аталған тірек сөздердің мағынасын ашу мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады.

Қиылыс сұрақтар

1.Мидың ақ заты қайда орналасқан ?

Мидың ішкі жағында 

2.Мидың  орташа салмағы қанша гр?

1300-1400 гр

3.Көру аймағы қайда орналасқан ?

Шүйде бөлігінде

4. Ми қыртысында қанша нейрон бар ?

14 млрд

5.Ми сыңарларының ішінде не бар ?Ми сұйықтығы

6.Ақ зат неден түзіледі ? Жүйке талшығынан

7.Сезу қимыл аймағы мидың қай бөлігінде орналасқан ?Шүйде бөлігінде

8.Ой еңбегін не басқарады ?

Ми қыртысындағы жасушалар

9.Гипофиздың екінші атауы ?

Ми қосалқысы

10 . Сопақша ми арқылы жүзеге асатын рефлекстер?

Түшкіру,жұту, жүрек-қантамырлар жұмысын реттеу

11.Денеге суық, ыстықпен әсер еткен кездегі ағзаның жауап қайтара  алуы мидың қай бөлігімен байланысты ?

Мидың барлық бөлімдерімен

12.Ми сыңарларының беті қандай

болады ? Жүлгелі, қатпарлы

13.Оқушылардың негізгі ой еңбегі  Оқу

14.Ой еңбегімен шаршамау үшін не істеу керек ? Таза ауада серуендеп,түрлі жаттығулар жасау

15.Аралық мида қанша ми қарыншалары бар ?  Бір ми қарыншасы

16.Самай бөлігінде  орналасқан қай аймақ ? Есту аймағы

17. Ми көпірінің атқаратын қызметі ?

Сопақша ми мен ортаңғы миды байланыстырып тұрады

18.Үлкен ми сыңарлары қандай қызмет атқарады ? Қатпарлы ми қыртысының көлемін ұлғайтады

19.Мидың ақ заты қайда орналасқан ? Ми сыңарларының ішкі жағында орналасқан

20.Ми қыртысының қалыңдығы қанша ?

2-3 мм

21.Ми қыртысында қандай жасушалар бар ? Қозғалтқыш,сезгіш

22.Алдыңғы мидың екінші атауы

Соңғы ми

23.Мидан тарайтын жүйкелер саны қанша ? 12 жұп

24.Мишықтан басқа ми бөлімдері нені құрайды ?

Әрбір оқушы ООМ бойынша сұралады.5 балдық шкаламен түрлі- түсті бормен баға қойылады.
5 кезеңБағалау  және өзін-өзі бақылау

 

4 ші бағалау

Оқушылар сабақта өтілген жаңа тақырыптағы тірек сөздерге байланысты тақырып мазмұнын ашатындай тест құрастырулары керек. Сұрақ қоятын оқушы басқа оқушының сайтын атап, сұрағын қояды. Жауаптың дұрыс-бұрыстығын сұрақ қоюшы оқушы өзі айтып тұрады. Мұғалім оны ООМ-да көрсетеді.                5+30Тапсырманы алғашқы аяқтаған 5 оқушыдан кейін 30 секунд уақыт беріледі де сұрау басталады.

Осы тақырып бойынша

І нұсқадағы әрбір оқушы 3-5 тест сұрақтарын құрастырады, ІІ нұсқа мәтінді оқып жауап беруге дайындалады. Келесі сабақта керісінше болады. Жанында отырған жолдасына тест сұрағын қоюға рұқсат етілмейді.

        6 кезеңТүзету және рефлексия

 

5 ші бағалау

Сабақ барысында  жауап ала-алмаған сұрақтарға жауап іздестіру. Жіберілген қателерді талдау.Өтілген тақырып бойынша ТСҚ жазу. Жіберілген қателерді талдау. 
      7 кезеңҚорытындылау Тез және сапалы жұмыс жасаған, толық жауап берген оқушыларды мадақтау. Сабаққа қатысып отырған әр оқушыны назардан тыс қалдырмау. Барлық оқушыларды еңбегіне қарай бағалау. Барлық оқушы мадақталады.ООМ-да әр оқушының бүгінгі сабаққа қатысуы   5 балдық шкаламен бағаланады.
8 кезеңҮй тапсырмасы Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдері, олардың құрылысы мен қызметі. 

 

 

Биология пәнінің мұғалімі Мұқышева Майра Абдрахманқызы