Ауыз қуысында астың қорытылуы

245

Ауыз қуысында астың қорытылуы .

«Ауызша сабақ-1» технологиялық картасы

Сабақтың мақсаты:

Ауыз қуысында астың  қорытылуы   туралы білім беру.

Міндеттері:

  • Ұжымдық жағдайда ақпаратты жоғары жылдамдықпен меңгеруді ұйымдастыру;
  • есте сақтау және зейінді жаттықтыратын тапсырмалар орындау;
  • пәннің құндылықтарын сезінуге ықпал ету;
  • өз бетінше білім алуға үйрету, ең негізгіні бөліп алу, салыстыра білуге дағдыландыру;
  • өзін-өзі бақылау және бағалауға үйрету; өзін-өзі түзету біліктілігін дамыту.

 

Көрнекілігі, дидактикалық материалдар: ООМ, тірек-конспект, слайд, түрлі-түсті бор

 

Сабақтың барысы:

 

Сабақтың құрылымы Технологиялық картаның жұмыс тәртібі Түсініктеме
1 кезең.

Ұйымдастыру

        кезеңі

 

Оқушылардың зейінін жинақтау:

 

ООМ

А Б В С Д Е
       2 кезең.

Оқушылардың субъектілік іс-тәжірибесін өзектендіру

Үй тапсырмасының орындалысын тексеру:

                              

«Ас қорыту мүшелерінің құрылысы.» тақырыбы  бойынша ТСҚ жазу.

   5 минут беріледі.

Сөз саны 63-100 сөз болу керек. ООМ-да ақ түсті бормен кім қанша сөз жазғаны жазылып қойылады.

        3 кезең.

Қабылдауды ұйымдастыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тірек сөздермен жұмыс

Мұғалім тақтаға тірек сөздерді жазады. 14 кілт сөзді есте сақтау үшін оқушыларға 1минут уақыт беріледі

1 Шайнау                          8. И.П Павлов

2.Тістер                             9. Муцин

3. Тіл                                 10.Лизоцим

4.Жұту                              11.Тіс түбірі

5.Дентин                           12.Шартты рефлекс

6.Эмаль                            13.Микроскопиялық без

7.Сілекей бездері            14.Химиялық ыдырау

Берілген уақыттан соң блок жабылады. Оқушылар есте қалған сөздерді дәптерге жазады. Блок ашылады. Оқушылар  естерінде қалмаған сөздерді толықтырып жазып, жазбаларын толықтырып алады.

 

Тірек сөздерді дәптерге жазу үшін 21 сөзге 1,5 минут уақыт беріледі.

ООМ-да оқушылардың неше сөз жазғандығы тексеріліп, түрлі-түсті бормен сөз саны жазылады немесе  «+», «-» таңбамен белгіленеді.

 

 

4 кезең.

Ұғынуды, ойлауды ұйымдастыру

Оқушылар мәтінмен өз бетінше жұмыс жасап, берілген ақпаратты өңдейді. Тірек сөздердің мағынасын ашады. Мәтінді оқу жылдамдығы

1 параққа 3 мин.

5 кезең.

Алғашқы түсініктерді тексеру

Қарама-қарсы сұрақтар

Осы аталған тірек сөздердің мағынасын ашу мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады.

1.Сілемейлі қабықпен жабылған, тамырлары мен жүйкелері  көп, қозғалмалы бұлшық етті мүше.

Ж: Тіл

2.Адамда үш жұп сілекей бездерінен , басқа көптеген  ұсақ бездер.

Ж: Микроскопиялық бездер.

3.Тағамды механикалық өңдеу

Ж: Шайнау

4. Тағамды  майдалайды.

Ж: Тістер

5.Ересек адамдағы тістің  жалпы  саны.

Ж: 32

6.Тістің  құрылысы.

Ж: Қаптамасы,  тіс  мойыны,  жақ сүйектің  тіс қуысына  кіріп  тұратын  тіс  түбірі.

7.Тіс  сүйекке ұқсас тығыз  қандай заттан  құралған?

Ж: Дентиннен құралған

8 Сілекей  бездерінде не түзіледі?

Ж: Сілекей  түзіледі

9.Адамдағы үш жұп сілекей  бездері?

Ж: 2 шықшыт,  2 жақ асты,  2 тіл асты безі

10.Рефлексті  әрекет

Ж: Жұту

11.Сілекей нәруызы

Ж: Мицин

12.Сілекей құрамында зиянсыздандыратын  қасиеті бар нәруызды зат.

Ж: Лизоцим

13.Микроскопиялық бездер деген қандай бездер

Ж: Адамдағы ұсақ  бездер

14.Шартты рефлекс деген не?

Ж: Сілекей ауызға тағам түскенде ғана емес, тағамды көргенде ғана бөлінеді.  Осы рефлексті И.П. Павлов  шартты рефлекс д

15. Тіл дегеніміз не?

Ж: Сілемейлі қабықпен жабылған, тамырлары мен жүйкелері  көп, қозғалмалы бұлшық етті мүше.

16.Жануарлардағы сілекей бездерінің қызметін зерттеу үшін олардың шығару өзегіне жыланкөз операциясын ұсынды.

Ж:И.П.Павлов

17.Муцин деген не?

Ж:Сілекей нәруызы.

18.Шайнау дегеніміз не?  

Ж: Тағамды механикалық өңдеу

19.Сілекейді жабысқақ етеді

 Ж: Муцин

20.Сүт тістердің  алмасуы  неше жаста басталады.

Ж: 6 – 7 жаста басталады.

 

Сын тұрғысынан сұрақтар

Мұғалім оқушыларға 3 жауабы да қате немесе

1 жауабы ғана дұрыс тест ретінде сұрақ қояды.

1 Ересек адамдағы тістің  жалпы  саны.

32,  33,  34

2. Жануарлардағы сілекей бездерінің қызметін зерттеу үшін олардың шығару өзегіне жыланкөз операциясын ұсынды.

Сечнев,  И.П.Павлов, 

3. .Сілекей құрамында зиянсыздандыратын  қасиеті бар нәруызды зат.

 Лизоцим,   муцин,  дентин

4. Рефлексті  әрекет

 Шайнау  жұту,   ас қорыту

5. Тағамды  майдалайды.

 Тістер,  тіл   ұрт

6. .Тағамды механикалық өңдеу

Шайнау  жұту,   ас қорыту

7. .Сүт тістердің  алмасуы  неше жаста басталады.

 6 – 7 жаста, 6 – 8 жаста, 7 –8жаста .

8. Сілекейді жабысқақ етеді

Лизоцим,   муцин,  дентин

9. Адамда үш жұп сілекей бездерінен , басқа көптеген  ұсақ бездер.

 Микроскопиялық бездер, астың қортылуы

10.Сілемейлі қабықпен жабылған, тамырлары мен жүйкелері  көп, қозғалмалы бұлшық етті мүше

Тістер,  тіл   ұрт

11. Тіс  сүйекке ұқсас тығыз  қандай заттан  құралған?

 Дентиннен, эмалдан, сүйектен

12.Ас қорыту жолының қабырғасы  неше қабаттан тұрады?

2,  3,  4

13. Адамда ас қорыту жолының ұзындығы.

4-6 м, 6-8 м, 8-10м

14.Сілекей нәруызы

Лизоцим,   муцин,  дентин

Әрбір оқушы ООМ бойынша сұралады.

Оқушыларға жауабына қарай «+», «-» таңбасы қойылады.

Оқушылардың  жауабына қарай тағы да «+», «-» таңбасы қойылады.

         6 кезең.

        Бекітуді

        алғашқы  

   ұйымдастыру

ТСҚ

Сабақта меңгерілген материал бойынша ТСҚ жазылады. Ең көп сөз қорын жазған оқушы дауыстап, жылдам оқиды.

5 минут уақыт өткен соң, мұғалім уақыттың аяқталғанын айтқанда оқушылар бір-бірінің қанша сөз жазғандарын санап, есебін шығарады.
       7 кезең.

Талдау және

рефлексия,

қорытындылау

Мұғалім сабақты қорытындылайды. Өзінің тақырыпқа көзқарасын көрсетеді. Тез және сапалы жұмыс жасаған оқушыларды мадақтайды. ООМ-да әр оқушының бүгінгі сабаққа қатысуы

5 балдық шкаламен бағаланады.

8 кезең.

Үйге тапсырма

§47 «Асқазанда астың қорытылуы» тақырыбымен танысып  келу. Барлық оқушыға көтермелеу,  мадақтау сөздері айтылып, әркім өзінің еңбегіне  лайық  бағасын алады.

 

Биология пәнінің мұғалімі Мұқышева Майра Абдрахманқызы