Дін саясатының маңызы

БҚО Ақтөбе қаласы , №50 орта мектеп. Алдабергенова Гулнара Бокембаевна. Тарих пәнінің мұғалімі

Дін саясатының маңызы

Kіріспе:
Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар  араcында «Дін саясатының маңызы!» атты кездесуімізге қош келдіңіздер.
Кездесуіміздің мақсаты:
• Діни экстремизмнің алдын алу бойынша жастардың діни сауаттылықтарын ашу;
• Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын жан — жақты талдап, жастарға ой салу;
• Қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға, жастарды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу;
• Қазақ халқының діни ұстанымы мен салт — дәстүрлерін қастерлеп сақтауға, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға ат салысу.
Қонақтармен таныстыру: Бүгінгі кездесуіміздегі сөз кезегін

Тәрбие ісінің меңгерушісі Ахметова  Гулназ ………
Дінтану пәнінің мұғалімі Ерекеева Ақзила…………………

Мұғалімнің сөзі;
Бүгінгі таңда түрлі конфессиялар өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүруі және өзара тиімді қарым — қатынас жасауы үшін елімізде қолайлы жағдайлар жасалған.
Сонымен қатар, Қазақстандағы конфессияаралық қатынастар басқа елдер үшін үлгі болып табылады.
Алайда, кейбір дінге сенушілер агрессия мен діни радикализмнің қауіпті формаларына бой алдырып, азаматтардың қауіпсіздігі мен мемлекеттің тұрақтылығына қауіп төндіруде.

Оқушыларды екі топқа бөлемін.

Екі түрлі қоғам-екі түрлі көзқарас
Дін –улы апиын Дін-тәрбие мектебі
v Аңқау елге – арамза молда.
v Құдай көгін билесін, жеріме менің тимесін.
v Сауатсыз молданың сәлдесі үлкен.
v Дін — қараңғы ін. v Көпке ұнаған құдайға да ұнайды.
v Көпке тентек – құдайға шет.
v Дінің тіліңді сақтайды,
Тілің діліңді сақтайды.
v Алла кішіпейілділіктің абыройын асырды, тәкаппарлықтың құтын қашырды.

2) Хадистер- мұсылман әлеміндегі адам құқының негізгі ережелері.
Үш түрлі қасиет бар, осы үшеуіне ие болған адамдарға Тәңірім қиямет күні мейіріммен қарап, жәннатқа кіргізеді: Үш түрлі адамдар бар,- оларға бейіштің есігі жабық: Үш түрлі адамдар бар, Тәңір о дүниеге барғанда олармен сөйлеспейді, рахымы да түспейді, кінәларын да кешпейді:
Ø Тату-тәтті тұрған жұбайлар.
Ø Ата-анасына мейірімді болған адамдар.
Ø Қол астындағыларға қадірлі болған адамдар. Ø Ата-анасының қарғысына ұшырағандар.
Ø Ішкілікке мүлде салынып кеткендер.
Ø Берген қайыр –садақасын не жақсылығын міндет қылушылар. Ø Қу медиен шөлде келе жатқан адамға бір жұтым су бермеген адам.
Ø Тәңірінің атын айтып, өтірік су ішіп, сатушы адам.
Ø Өз патшасымен пайда көрсе, сертінде тұрып, пайда көрмесе, қиянат іс жасайтын адам.

Мұғалім сөзі:  Соңғы кездері экстремисттер бейбітсүйгіштікке, ұстамдылыққа баулитын және өзге діни көзқарастарға түсіністікпен қарауға тәрбиелейтін ислам дінін ушықтыруға, басқа өркениеттермен қақтығыстыруға талпынуда, осы арқылы тек дінаралық татулықты емес, сонымен қатар мұсылмандар арасында да іріткі салуда.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Қазақстан — 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруымыз керек деп атай отырып, XXI ғасырдағы Қазақстандағы дінге ерекше көңіл бөлді.

Шындығында, дін зайырлы қоғамымыздың ажырамас бөлігі болып табылады, сондықтан құзырлы мемлекеттік мекемелер еліміздегі діни қатынастарды одан әрі дамытуға әрқашанда мүдделік танытады

Соңғы кезде әлемнің көптеген елдері үшін терроризммен күрес мәселесі аса өзекті болып отыр. Терроризм – бұл қылышынан қаны тамып тұрған зұлмат. Терроризм барлық түрлері және көріністерімен, ауқымы және қарқындылығымен, зұлымдығы және қанішерлігімен бүгінгі заманда ең өткір мәселеге айналды.

Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев өзінің қара сөздерінде: «Адам баласын заман өсіреді, кімде — кім жаман болса, оған замандастарының бәрі кінәлі» деп ұлағатты сөз айтты. Бұл жағдаят адам, қоғам, мемлекет дамуының маңызды қырларын ашып көрсетеді. Сондықтан, мемлекеттің жастарды тәрбиелеуге, тәні сау және рухани бай жастар ортасын қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлуі өте маңызды.
Осы жерде сіздерге мына бір бейне баянды ұсынғым келіп тұр, назар аударайық.
(Бейне ролик кетеді.)

Енді біздің мақсатымызда осы жастарды осындай жат діни ағымдардан аулақ болуға шақыру. Олай болса біздің мына отырған жастарымызға өз ақыл кеңесіңізді айта отырсаң деп сөз кезегін  Ерекеева Ақзила апайға береміз,
Оқушылардың сізге қояр сұрақтары бар екен, ендеше кезекті оқушыларға берсек.

Мұғалімнің сөзі:
Қазіргі кезде ҚР көптеген діни экстремистік ұйымдарға тиым салды.
Слайд №1
Сонымен қатар оқушылардың есінде сақтап жүру үшін мына ережені ұсынғым кеп отыр.
Мұны білу өте маңызды!

1. Сізге таныс емес, көшеде кездескен адаммен дін ұйымның жиналысына шақыратын дін тақырыбындағы диалогқа араласпа!

2. Қандай да болсын кездескен діни ұйымның сенушілері мен ілімін таратушыларға бірінші кездескенде өзіңіздің діни көзқарасыңызды білдірмеуге тырысыңыз.
3. Егер сіз алдыңызда тұрған уағыздаушыға сол діни ұйым туралы сұрақ қоюға шешім қабылдасаңыз, онда ешқандай кері әсерсіз болғаны жөн.
4. Егер сізге діни бағыттағы парақтар, брошюралар, журналдарды оқуға ұсынса рахмет айтып, сыпайы түрде бас тартыңыз.
5. Егер сіз діни жиналыстарға қатысуға шешім қабылдасаңыз, олар туралы көбірек білуге тырысыңыз, туысқандарыңызбен, достарыңызбен, жай адамдармен ақылдасыңыз.
6. Діни ұйымдардың жиналысына қатыссаңыз, есіңізде сақтаңыз: миссионер – уағыздаушылардың басты мақсаты – Сізді өз сенімдеріне кіргізіп алу. Ал, Сіздің мақсатыңыз – деструктивтік діни ұйымдардың ықпалына түсіп қалмау.
7. Діни жиналыстарға жалғыз қатыспаңыз, қасыңызға досыңызды немесе туысыңызды ертіп жүріңіз.
8. Сіз туыстарыңыз бен жақындарыңызды тыңдамай рухани тұрғыда денсаулығыңызды түзеу үшін теріс бағыттағы діни ұйымдардың қатарына қосылу тұрарлық деп ойлайсыз ба?
9. Бұл өмірден бір мақсат пен жетістікке жету үшін, жаныңызға тыныштық табу үшін дәстүрлі емес бағыттағы шіркеулер, миссиялар мен ұйымдарға жоламағаныңыз жөн.
10. Есіңде болсын! Есте сақта!

Ойын. «Таратушы және құрбан».
Құдайға сену, яки сенбеу — өз қолыңда! Өзге діннің жетегінде кетем деп достарың мен жақындарыңнан айрылғың келмесе, Ойлан!
Қорытынды сөз
Бүгінгі «Дін саясатының маңызы » атты кездесуімізді  Елбасымыздың сөзімен қорытындылағым кеп отыр.
«Діни экстремизмді алатын болсақ, ол адамдар арасына ірткі салуға, өшпенділік отын тұтатуға, қантөгістер ұйымдастыруға жол ашады. Пиғылы бөтен, қазақтың болмысына жат ағымдарға қазір тосқауыл қоймасақ, онда ертең бірлігімізге сызат түседі.
Егер елімізде нағыз таза мұсылман, Құранның жолымен жүретін халық көп болса елде береке, бірлік тыныштық болады»
Құрметті қонақтар бүгін мектебімізге келіп өз ойларыңызды ортаға салып ақыл — кеңес бергендеріңіз үшін сіздерге көп-көп рахмет, алланың нұры жаусын келесі кездескенше сау болыңыздар!