«Еркін және еріксіз тербелістер» физика пәнінен қысқа мерзімдік жоспар

319

Ақтөбе облысы Темір ауданы   Шұбарқұдық кенті

Жансен Кереев атындағы орта мектебінің физика пәні мұғалімі:

Карабалина Гулжанат Бурабаевна 

Пәні:физика

Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс.
Сабақтың  мақсаты Ø  Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс.  Тербелмелі жүйе, ішкі және сыртқы күш ұғымдарын ажырата білу.

Ø  Практикада  алған білімдерін  қолдана білуге үйрету,  функционалдық сауаттылығын арттыру, ғылыми көзқарастарын дамыту

Ø  Өзін-өзі      бағалауға, сыни ойлауға, топпен жұмыстана білуге   баулу

Түйінді идея «Көзге елестеткен мың ойдан, қолмен жасаған бір іс артық»

В.И. Ломоносов

Күтілетін нәтиже Ø  Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс  жайлы мағлұмат алады

Ø  Алған білімін қолдана отырып, талдау жасайды, қорытындылайды

Ø  Өзін-өзі      бағалай алатын болады, тое ережесін сақтай отырып, топтық жұмысқа атсалысады

Сабақтың барысы Ойлаудың жіктелуі   Блум таксономиясы бойынша
Ұйымдастыру Сәлемдесу. Сынып оқушыларына  жағымды ахуал туғызу, берілген  әріптерден Ж, С, А, Б басталатын сөздермен амандасады.

Топқа бөлу (1,2,3,4 сандарына байланысты 4

топқа бөлінеді)

Қызығушылықты ояту

 

 

 

 

 

 

Еркін  және еріксіз тербеліс.

Механикалық тербеліс апмлитуда,

период, жиілік, математикалық,

серіппелі маятник

Білу

«Сөздер банкісі»   тарау бойынша оқушыларға таныс және таныс емес сөздер берілген. Білетіндеріне, анықтама бере отырып,  «Білеміз»  қобдишасына орналастырады. Сонда жаңа тақырып «сөздер банкасында»  қалып қояды. Осылайша жаңа тақырыпты анықтайды.

 

 

Кіріспе

 

 

 

Проблемалық сұрақ

Тәжірибе

 
 

 

Тербелістердің бір-бірінен айырмашылығы неде?

 

Егер қолымызбен үстел үстіндегі кітапты ілгер-кейін қозғасақ, ол тербеледі.

 

 

 

Егер маятникті тепе-теңдік күйінен шығарып  жіберсек, ол тербеліске түседі.

 

Негізгі бөлім

«Ойлан.Бірік. Бөліс»

Түсіну

Оқулықпен жұмыс

Еркін тербелістер деп ̶ дене тепе-теңдік күйінен шығарылғаннан соң сыртқы күштің әрекетінсіз болатын тербелістерді айтады.

Еркін тербелістердің жиілігін жүйенің меншікті тербеліс жиілігі деп атайды.

Еріксіз тербелістер дегеніміз – сыртқы периодты күштің әрекетінен болатын тербелістер.

 

Мәжбүр етуші күштің тербеліс жиілігі мен тербелмелі жүйенің меншікті жиілігі дәл келген кездегі еріксіз тербелістер амплитудаларының кенет арту құбылысы резонанс деп аталады.

Тәжірибе:

 Тапсырма Еркін тербелістер

Еріксіз тербелістер

Резонанс

Резонанстың пайдасы мен зияны  берілген тірек сөздерді пайдаланып, әр топ постер қорғайды

 

 

 

 

Тапсырма

Қолдану

 

«Көзге елестеткен мың ойдан, қолмен жасаған бір іс артық»                                В.И. Ломоносов

І топ   Математикалық маятниктің көмегімен  тербеліс периодын тап

ІІ топ   Серіппелі маятниктің көмегімен тербеліс жиілігін тап

ІІІ топ Математикалық маятниктің  тербеліс периодының

жіп ұзындығына   тәуелділігін зерделе

ІV топ   Серіппелі  маятниктің  тербеліс периодының  жүк массасына тәуелділігін зерделе

Сергіту сәті Музыка әуенінде оқушылар «еркін жазу»  ауада мұрынмен, қолмен, шынтақпен бір-біріне жақсы тілектер  жазады
Тапсырма Талдау Жасаған тәжірибеңе  қорытынды жаса
Қорытынды бөлім

Сыни тапсырма

 

Жинақтау «Есеп және озық ой» стратегиясы

 

«Бұл не?»  деп сұрамаңыз.

Жаңа тақырыппен байланыствра сөйлеңіз

Тапсырма Бағалау

ACTIVOTE құрылғысымен тест алынды, нәтижесі көрсетіліп, сол бойынша оқушылар өздерін бағалады

Тест

 

 

Бекіту сұрақтары

Еркін тербеліс дегеніміз не?

Еріксіз тербелістер дегеніміз не?

Резонанс.

Резонанстың пайдасы мен зияны

Қосымша тапсырма Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс.

“Тербелістердің пайдасы мен зияны ”       мәлімет жинақтау

23- жаттығу

Бағалау Басбармақ тәсілі

Бағалау парағы арқылы. Әр топтың бақылаушысы  жасаған жұмыстарға сәйкес бағалау парағын жүргізеді.

Рефлексия Синквейн тәсілі бойынша сабақ барысында алған әсерлерін ортаға салу

 

Сабақ бойынша:

 

                                                               Тест
1. Белгілі уақыт өткенде, қайталанып отыратын процестерді тербеліс деп атайды
2. Секіріп жатқан спортсменнің қозғалысы механикалық тербеліс бола ма?
3. Тербелістін периоды Т=t/n формуласымен өрнектеледі
4. Бірлік уақыт ішіндегі тербелістер саны, тербелістер жиілігі деп аталады
5. Жиіліктің өлшем бірлігі секунд    па?
6. Математикалық  маятниктің тербеліс  периоды жук массасына тәуелді  ме?
7.   Серіппелі маятниктің тербеліс периоды жүк массасына тәуелді ме?
8. Тербеліс периоды  Т   белгілене ме?
9. Тербеліс амплитудасының бірлгі  метр?
10. Математикалық  маятниктің   тербелісі  жіп ұзындығына  тәуелді ме?

 

 

«Есеп және озық ой»

Бақылаушының  бағалау парағы

Бағалау өлшемдері Тақырыптың ашылуына үлес қосу Топтық жұмысқа атсалысуы есеп тест сыни тапсырма қорытынды
1
2
3
4
5
6