Достарыма жолдау

«Қызылорда облыстық ОIIД ЕБҚКБ тарапынан жарияланған сайысқа»

 

Достарыма жолдау

 

 

Менің басты байлығым – бұл менің денсаулығым! Және мен есірткісіз өмірді таңдаймын!

Ал есірткіге жол бермеу үшін не істеу керек? Әрине, ең алдымен өзіңе — өзің берік бол. Сені жолдан тайдыру үшін кейбіреулер сені алдап, есірткіні ұсынады. Ал сен сол кезде не істеуің керек, әлде, не деуің керек? Әрине, жоқ. Ал екіншіден салауатты өмір салтын ұстана біл. Өзіңді таза, мықты, ақылды, қайратты адам етіп тәрбиелеп шыға біл. Өз денсаулығыңды ойлай біл. Достарыңмен бірге спортпен айналыс. Ойна, күл, уақытыңда көңілді өткіз. Ең бастысы өмірге сенімді көзбен қара. Ал осылай өзіне сенімді адамдар көбейіп, есірткі өмірден жойылса, онда бұл өмірдің өзі ертегі. Барлық адам спортпен айналысып, жаман әдеттерден арылса, онда бұл өмірдегі ең жақсы ізгі істердің бірі болар еді. Бірақ, бұл жай ғана қиял болып қала береді. Осының барлығы 100% болмаса да талпыну керек. Менің айтарым -өмірде жақсылық көп болатынына сен, есірткісіз болашақ ең жақсы болашақ екеніне сен!