Мен өмірді қалаймын

«Қызылорда облыстық ОIIД ЕБҚКБ тарапынан жарияланған сайысқа»

Мен өмірді қалаймын

Өмірдің жолдары бар бұраңдаған,

Бірі жеңіл жол десе, бірі ауыр таңдаған.

Мен тек өмірді  ғана қалаймын,

Өтеді уақыт сансыз сағаттаған.

Сүйемін,өзіңді  шексіз!

Сыйға алған мына өмірді.

Қашан екені тіпті белгісіз,

Сұрауы болар  өмірдің де бір күні!

О, досым ау!

Сүйе біл сен де өмірді!

Жадыра, шаттан, жүргін әркез көңілді.

Өмірдің мынау қиын сәттерін

Сынақ деп білгін өзіңе.

Бастағаннан соң өмір дәптерін,

Төзе біл достым бәріне.

Мұңайған кезде,

Жабырқау сәтте,

Өмірден сен түңілме!

Алмастырғын қайғыны қуанышқа!

Шамшат Дәулет

7-сынып оқушысы

Жалағаш ауданы

№122 орта мектеп