1,2 тараулар бойынша қазақ тілі пәнінен тест жұмысы.

274

Батыс Қазақтан облысы
Тасқала ауданы
Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ
1-санатты
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

9-сыныптарда қазақ тілі пәні бойынша аптаның әр жұма күні  оқулықтан өткен тарау бойынша сынақ өткіземін,соңынан талдау жұмыстары жүргізіледі..Бұл жұмыс оқушы үшін қайталау-пысықтау үшін өте пайдалы деп есептеймін

1,2 тараулар бойынша қазақ тілі пәнінен тест жұмысы.

 9»А»сынып

 

1.«Түріктің тұнық таза тілі, түзу емлесі-қазақта» кімнің сөзі?

А.М.Жұмабаев

Б.М.Әуезов

В. Ш.Құдайбердиев

Д.А.Байтұрсынов

Е.Ж.Аймауытов

  1. 12-15 ғ жазба туындылар қай дәуірдікі?

А.көне түркі дәуірі

Б. жаңа түркі дәуірі

В.орта түркі дәуірі

Д.қазіргі қазақ әдебиеті

Е.қазақ тарихы

3.Түркі тілдеріне ортақ тарихи жазба мұралар дәуірі

А.бір

Б.екі

В.үш

Д.төрт

Е.бес

4.Көне түркі дәуіріне жататын жазбалар

А.Хорезми»Мұхаббатнаме»

Б.Ж.Баласағұн»Құрадғу білік»

В.қыпшақ жазбасы «Кодекс куманикус»сөздігі

Д.А.Иассауи»Диуани хикмет»

Е. Орхон-Енисей жазба ескерткіштері

5.Қай дәуірдің туындылары екі кезеңнен тұрады?

А.көне түркі дәуірі

Б.жаңа түркі дәуірі

В.орта түркі дәуірі

Д.қазіргі қазақ әдебиеті

Е.қазақ тарихы

6.»Шешеннің тілі –шебердің бізі» кімнің сөзі?

А. Ж.Жабаев

Б.А.Йүгінеки

В.М.Қашқари

Д.Ж.Баласағұн

Е.А.Құнанбаев

7.1960ж Анкарада жарық көрген еңбек қалай аталады?

А.»Түркмен энцоклопедиясы»

Б.»Түрк энцоклопедиясы»

В.»Қазақ энцоклопедиясы»

Д.»Қырғыз энцоклопедиясы»

Е»Түркия энцоклопедиясы»

8.Алтын Орда кезеңі қай ғасырға тән?

А.3-5 ғасыр

Б.6-8 ғасыр

В.9-11ғасыр

Д.12-15 ғасыр

Е.16-18 ғасыр

9.»Бар жақсылықтың басы-тіл»кімнің сөзі?

А.М.Қашқари

Б.Ж.Баласағұн

В. А.Йүгінеки

Д.Хорезми

Е.С.Сарайи

10.Қазақ тілі түркі тілдерінің қай тобына жатады?

А,қарлық

Б.бұлғар

В.оғыз

Д.қырғыз-қыпшақ

Е.қыпшақ-ноғай

11.Қазақ тілінің ұлттық әдеби тіл ретінде қалыптасуына үлес қосқан ғалымдар

а.А.Байтұрсынов

в.Ш.Уәлиханов

с. М.Әуезов

д. С.Аманжолов

е.Қ.Жұмалиев

12.15-18ғ ақын-жыраулар шығармаларының тілін қазіргі әдеби тілдің алғашқы үлгісі ретінде талдап көрсеткен ғалым

а. А.Байтұрсынов

в.Р.Сыздықова

с.М.Әуезов

д.М.Балақаев

е.А.Құнанбаев

13.19ғ 2-жартысындағы басылымдар мен Абай,Ыбырай шығармаларын байланыстырып қарауды ұсынған ғалымдар

а.А.Байтұрсынов

в.М.Әуезов

с.Қ.Жұбанов

д.Ш.Уәлиханов

е.В.Радлов

14.Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етудің алғышарттары

а.біреу

в.екеу

с.үшеу

д.төртеу

е.бесеу

15.Ішкі тілдік факторлар түрін анықта:

а.ауызша,жазбаша қоғам өмірінің алуан саласында қызмет етеді

в.заман талабына сай тілді қолданушы саны арта түседі

с.табиғи,табиғи емес тілдік орта қалыптасады

д.республиканың барлық аймағында таралған,кеңінен қолданылады

е.лексика-фразеологиялық қоры мол

16.сыртқы факторлар анықтамасын тап:

А.тілдік құрылым жүйесі жетілген

В.лексика-фразеологиялық қоры мол

С.ежелден қалыптасқан жазба,ауызша дәстүрі бар

Д.туыстас тілдердің отақтығына дәлел бола алатын,бәсекеге қабілетті тіл

Е.заман талабына сай тілді қолданушы саны арта түскен

17.»Тіл туралы»Заңның тарауы,баптары

А.l-тарау,22 бап

В.ll-тарау, 25бап

С.lV-тарау, 26 бап

Д.Vl-тарау, 27 бап

Е.lll-тарау,24 бап

18.ҚР-ның  жаңа Ата Заңында қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болған жыл

А.1987-1990ж

В.1991-1993ж

С.1993-1994ж

Д.1993-1995ж

Е.1995-1997ж

19.ҚР Елбасы Жарлығымен «Қазақстан Республикасының тіл саясаты Тұжырымдамасы»мақұлданды

А.1996ж 4қараша

В.1995ж 4қараша

С.1993ж 4 қараша

Д.1992ж4 қараша

Е.1991ж 4қараша

20.Орхон ескерткіштерін оқудың кілтін тапқан ғалымдар

А.Потанин,Ш.Уәлиханов

В.В.Томсен,В.Радлов

С.Менандр,Земарх

Д.Далан,Байғұт

Е.С.Аманжолов,М.Балақаев

21.»Қиссасул әнбиясы» жазба туынды авторы кім?

А.М.Қашқари

Б.әль-Фараби

В.Рабғузи

Д.С.Сарайи

Е.Хорезми

22.Төте жазуды ұсынған  қазақ ақыны кім?

А.Абай Құнанбаев

Б.Жамбыл Жабаев

В.Мағжан Жұмабаев

Д.Ахмет Байтұрсынов

Е. Шәкерім Құдайбердиев

23.»Қазақтардың тілі-түпкі түрін-түркі сипатын сақтап қалған тіл» кімнің сөзі?

А.П.Мелиоранский

Б.В.Радлов

В.Н.Ильминский

Д.А.Янушкевич

Е.М.Байғұт

24.»Гүлістан-би-түркиі»кімнің еңбегі?

А. Сайф Сарайи

Б.Махмуд Қашқари

В.Жүсіп Баласағұн

Д. Әль-Фараби

Е.Ахмет Йүгінеки

25.»Ана тілі дегеніміз-сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың мәңгілігінің мәңгілік мәселесі»кімнің сөзі?

А. Ә.Әлімбаев

Б.Ж.Жабаев

В.Ғ.Мүсірепов

Д.М.Әуезов

Е.А.Байтұрсынұлы