«Елін сүйген –Елбасы!»

153

1.Шаттық шеңбер.

  1. «Жақсы тілек тілейік!»
  2. Ән ұран.

Сұрақ-жауап

-Біздің балабақша қалай аталады?

-Туған өлкеміз,қаламыз қалай аталады?

-Республикамыз қалай аталады?

-Қазақстан Республикасы қандай ел? (Тәуелсіз егеменді ел)

-Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін ата. (Әнұран,елтаңба,ту,теңге)

-Қ.Р.кең байтақ жерін, егеменді елін кім басқарады? (Президент)

-Қ.Р.Президентінің аты-жөнін кім атайды?

Өздерің байқаған боларсыңдар, бүгін біздің оқу іс-әрекетіміз ерекше, мерекелі,салтанатты түрде ұйымдастырылып отыр. Себебі  бүгінгі тақырыбымыз Қазақстан елі үшін маңызды, айтулы мерекелерге байланысты.

Елбасымыз сізге мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздің піріміз де, әніміз де!
— деген жақсы тілекпен  «1-желтоқсан Президент күні» мерекесіне байланысты «Елін сүйген –Елбасы!» атты оқу іс-әрекетін бастаймыз.Слайдқа назар аударыңдар, мен сендерге Елбасымыздың өмірі мен еңбек жолын бейне суреттер арқылы қысқаша әңгімелеп берейін.

Н.Ә.Назарбаев 6-шілдеде, 1940 жылы, Алматы облысы, Шамалған ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. Әкесінің аты-Әбіш, анасы – Әлжан. Балалық шағын еске алған: «Үш қоңыр» жайлауын еске алады. Елбасымыздың осы туған жеріне арнаған «Үш қоңыр» өлеңі де бар. Елбасы бала күнінде «ұшқыш» болуды армандайды.  Елбасы әже тәрбиесінде болады да, өте мейірімді,еңбекқор, тілалғыш болып өседі. Мектепе «өте» жақсы оқыды және Спортпен шұғылданғанды, домбырада ән айтқанды ұнатады. Еңбек жолын металл балқыту заводынан бастайды. Техникалық училище, Жоғары техникалық оқу орынын және Жоғары партия  мектебін  бітіреді.  Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін, 1991 жылдың 1 желтоқсанында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып,ел қолдауының арқасында сайланды.  Президенттің өмірлік серігі, еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаева. Елбасының отбасында үш қыз тәрбиеленеді. Халықта : «Алланың назары түскен адам ғана патша болады» деген нақыл сөз бар. Елбасымыздың 23 жыл ішінде жасап жатқан игі істерін айтып жеткізу мүмкін бе? Президентіміз басты мақсатта  Қазақстан Республикасының мықты, күшті ел болуын қалайды. Атап айтар жобалары : «Жол картасы» балабақшалар мен мектептердің барлық баланың қамтамасыз етілуі, олардың заманға сай жабдықталуы, тегін, сапалы білім берілуінде қажетті құрал-жабдықтардың жеткілікті болуы қарастырылған. «Қазақстанның отбасындағы әр бала балабақша,мектеп және университет –деген үш жолды жүріп өтуі керек» -деген елбасы өз жолдауында.    Сауаттылық- бұл жарқын,жақсы сенімді болашақ  дегеніміз. Қазақтың ұлттық мерекесі «Наурыз» тойлана бастады. Ұлттық салт-дәстіріміз қайта оралды. «Ауыл жылы», «Отбасы», «Қарттар күні», «Денсаулық күні», т.б. тәрбиелік мәні зор мерекелер жарияланды. «Дипломмен ауылға» атты жобасы жастардың болашағына жол ашты. «Қазақстан-2030» стратегиясы, «Батыс Европа- Батыс Қытай» авто көліктер трассасы, «Қазақстан-Түркменстан-Иран » темір жолы, «100 мектеп,100 аурухана», «Балапан» бағдарламасы.т.б. Білім алып,еркін еңбектеніп, бақытты өмір сүруге барлық жағдай жасалды. Н.Ә.Назарбаев   бүкіл әлем мойындаған мықты саясаткер. Көршілес елдермен достық қарым-қатынас жасауда, жерімізде мәңгілік бейбітшілік орнату мақсатында «Жаппай жою» қаруын мүлде жою туралы бірінші болып ұсыныс білдірген біздің Президентіміз болды. Елбасының өз елін ,өз жерін шексіз сүйетінін мына жеткен жетістіктерінен де байқауға болады. Қазақстан Республикасының «Ең мықты,дамыған 50 ел қатарына кіруі», Ата-бабамыз қолдаса, «Енді дамыған 30 ел қатарынан көріну үшін жұдырықтай жұмылайық!»-деп  халқына үндеу тастауы,  Елбасымыздың білімді, батыл қолбасшылық әрекетерінің арқасы.  «Назарбаевты қазақ халқының бағы үшін бере салған» деген, шетел өкілдерінің сөздері бар. Елбасымыздың арқасында Қазақстанда 140-тан астам басқа ұлт өкілдері емін-еркін, тату-тәтті өмір сүруде. Олар өз салт-дәстүрлерін,тілдерін, діндерін ұстана алады, бірақ Қазақ тілін  міндетті түрде білуі қажет.

Сергіту сәті: әнменен Елтаңбасы елімнің. (Жақсыбек)

Тақпақтар. Саламат. Досжан. Наздана. Дарын.

Президент туралы әңгімелегенде Тәуелсіздік туралы айтпау мүмкін емес. Осы желтоқсан айының 16 жұлдызында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні аталып өтіледі. 1986 жылы, Алматы қаласында «Желтоқсан көтерілісі» болды. Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ, осы бүгінгі біздің бақытты күндеріміз үшін қазақтың батыр ұл-қыздары өз өмірлерін  қиды. Олардың есімін есте сақтауымыз керек «Лаззат, Қайрат Рысқұлов, Сабира, Тұрар,Ербол т.б.» балалар қайталайды. Алматы қаласында желтоқсан құрбандары үшін «Тәуелсіздік монументі» Елбасшының басшылығамен қойылған. Ата-бабаларымыз арман еткен «Тәуелсіздік туын» биік ұстап, берік сеніммен алдағы белестерді алу болашақ сендердің қолдарыңда. Енді кім маған тәуелсіздік туралы тақпақтарын айтып береді.

Асхат.Арман.Гүлжанат. Жақсыбек.

Ер найзасыз болмайды,

Ел таңбасыз болмайды – дегендей, Тәуелсіз еліміздің мемлекеттік рәміздерін 1992 жылы 4-маусымда бекітілді.Слайд пайдалану. Елтаңба туралы кім әңгімелейді?(Әділ)

Авторы кім? Дарын(Жандарбек мәлібеков,Шот-Аман Уалихан) Мемлекеттік көк туды кім әңгімелейді?(Жақсыбек)

Авторы кім?(Шәкен Ниязбеков)

Ән ұранның авторларын кім атайды? (Ш.Қалдаяқов,Жұмекен Нәжімеденов,Н.Назарбаев)

Ұлттық валютамыз қандай? (Теңге) Теңгеміз қай күні айналымға шықты?(1993ж 15.11.)

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері туралы тақпақ тыңдайық.

Альбина. Сафия. Дінмухамбет.Еңлік. Әділ.

Қазақстанның өзінің мемлекеттік рәміздерінен басқа Ата заңы ,  Қарулы күштері бар. Қазақстан елі күнен-күнге гүлденіп, өсіп келеді. «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол- Тәуелсіз Қазақстан » Н.Ә.Назарбаев.» -деген елбасымыздың сөздері бар.

«Отансыз адам- бұлбұлсыз орман» – дегендей  Отанымызды қорғау баршамызға міндет. Отансүйгіштік – азаматтық санамен қалыптасатын қасиет. Отан- ол сенің отбасың, бауырың мен ата-анаң. Туған елің мен жерің. «Отансыз адам тұл жетім» — осы сөздерді әрдайым есте сақтаңдар балалар. Кім Отан туралы мақал-мәтел,тақпақтарын айтқысы келеді ,тыңдайық.

Раушан.Айгерім.Әсемай.Томирис. Абылай. Айгерім.

Отанымыздың жүрегі болған жас қала, бас қаламыз туралы айтпасақ болама? 1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.
Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
Жаңарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Таниды сені бар әлем бүгін.

Тәуелсіздіктен кейінгі қол жеткізген, мақтанышпен айтатын жетістігіміз жаңа елордамыздың  пайда болуы. Бас қаламыз қалай аталады?

Астана қаласы. 1998 жылы 10 маусымында ресми тұсау кесері болды.

Осы Астанамыз күнен-күнге көз тартып көркейіп келеді.Астана қаласы Есіл өзенінің оң және сол жағалауында орналасқан.Еуразияның жүрегінде орналасқан әсем қаламыз аққудай сыланып, тотыдай таранып бой көтеріп келе жатқан жаңа қала. Астана келбеті – ұлт келбеті, жаңа қоғамның жаңа мемлекттің астанасы. Әлемге танылған Астананың 7 кереметін атап кетейін. Слайдты қолдану. «Ақ орда»- Президенттің киелі орны, «Хан шатыр», «Пирамида»-Бейбітшілік пен келісім сарайы, «Бәйтерек»- Астананың символы,  «Думан»-ойын-сауық отауы, «Нұр астана» мешіті, «Қазақ елі»-монументі, бүкіл қазақ халқының тарихынан жыр шертетін қасиетті орын. Астана қаласына кім қыдырып барды?   Бас қаламыз Астана туралы кім тақпақ айтып береді?

Аружан. Камила.

Қортынды:

-Бүгін біздің оқу іс-әрекетіміз қандай мерекелерге арналды?

-Президент күні қай күні тойланады?

-Президенттің туылған күнін ата.

-Тәуелсіздік-дегенміз не?

-Желтоқсан оқиғасының қаһармандарын ата.

-«Астана күні» қашан тойланады?

Тақырыптық оқу іс-әрекетіміздің соңында жанымызға рух беретін патриоттық ән айтайық: «Көк тудың желбірегені» Бүгінгі ойға түйгеніміз:

Өзің деп жырлаймын,

Елімді қорғаймын.

Отаным менің,

Тәуелсіз Қазақстан!

 

Менің сөзім

Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

Елімде бейбіт, тыныш заман болсын.

Тілеймін әр адамға бақыт қонсын,

Елімнің ел ағасы,елбасшысы-

Нұрсұлтан Әбішұлы аман болсын!-