Қойылым «Достығығымыз жарасқан!» (бастауыш сыныптарға арналған)

109

Раушан Карижанова

Қойылым

«Достығығымыз жарасқан!»

(бастауыш сыныптарға арналған)

 

Музыка ақырын ойнап тұрады.Бақа әндетіп,келе жатады.(ква,ква,ква,ква )

 

Бақа:   — Алақай,жадырап жаз келді! Алақай! Алақай!

-Балалар,табиғат қандай тамаша,

-Ой,жаздың алғашқы жауыны жауа бастады.Қайда тығылсам болады?

-Мына бір саңырауқұлақтың астын паналайын.

 

(сол кезде торғай келеді)

Торғай:    -Бақа,бақа, мені қасыңа жіберші,малмандай су болатын болдым

ғой!

 

Бақа:        -Кел,саған орын бар.

 

Торғай:    -Рақмет!

 

Тышқан:    -Достар,Мені аяңдар,Жауынның астында жаурап қалдым.

 

Бақа:          -Тышқан,Саған да орын табылады,кел!

 

Тышқан:     -Неткен мейірімді едің, рақмет!

 

(Секеңдеген қоян келеді)

Қоян:        -Мынау қандай ғажап нәрсе? Сәлем достар,Әдемі тоным су

болды.Мені қастарыңа жібересіңдер ме?

 

Бақа:        -Қоян ,сен ренжіме,саған орын жоқ.Сен тым үлкенсің.

 

Торғай:    -Жоқ,бақа достым,алдымен мына ғажапты көр.

 

Тышқан:   -Иә,қараңдар,манағы кішкентай саңырауқұлақ үлейіп кетіпті.

 

Бақа:          -Қоян,кел,қатарымызға қосыл.

 

(сол кезде жаңбыр басылып күн шығады.)

 

Бақа:   -Достар,пейіліміз жаздай кең,жаңбырдай мол  болсын. Қане,әнге

салайық!

 

«Достық» жыры  әнін     айтады.