«Жас географ» интеллектуалды сайысы

95

«Жас географ» интеллектуалды  сайысы

Мақсаты:

География пәнін таңдаған оқушылардың  білімін саралау, ҰБТ-ға дайындығын байқау, пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, сөйлеу, ойлау қабілеттерін одан әрі дамыту, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» озып шығып «Жас географ» атағын алатын оқушыны анықтау.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта

Түрі: Сайыс

Барысы:

  1. I. Сәлемдесу, сайыс тақырыбы, мақсат-міндеттері.
  2.     Ұйымдастыру.

1.1   Қатысатын оқушыларды таныстыру (6 оқушы қатысады.)

1.2.  Әділ-қазылар алқасын сайлау.

1.3   Сайыстың кезеңдерімен таныстыру

             III.    Марапаттау.

  1.   Қорытынды.

Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады:

1 кезең. Тақтада 1,2,3,4,5,6 ұяшықтары беріледі. Оқушылар өздері таңдаған ұяшықтағы 5 сұраққа жауап береді. Ұпай саны-10.

 

2 кезең. Тақтада 5 түрлі тақырыптағы тапсырмалар берілген.Дұрыс жауап берген оқушы ұпай санына ие болады.

 

3 кезең. Тақтада біз пайдаланып жүрген 42 алфавит бойынша сұрақтар берілген. Бұл сұрақ жауаптарының басқы әріптері  алфавитпен байланысты болады.

Дұрыс жауап – 1 ұпай.

 

4 кезең. Географиядағы грек және латын сөздерінің  аудармасын табу керек.

Ұпай саны-10.

 

5 кезең. Берілген сөздерді дұрыс анықтап, артық сөзді табу керек.

Ұпай саны-20.

 

 

I-кезең

 

 

 

 

 

 

 

1.

  1. Сөнбеген жанартаулар мен гейзерлердің, мұздықтардың көп болуынан «Мұз бен от елі» деп аталатын ел (Исландия)
  2. Қазақстандағы шина жасау зауыты орналасқан қала (Шымкент)
  3. Ауаның горизонталь бағытта қозғалуы (Жел)
  4. Аустралияның астанасы (Канберра)
  5. Орыс қызының есімімен аталатын өзен (Лена)

 

2.

  1. Қысы қатал болатын Лапландияны дүние жүзі халықтары қалай атайды? («Аяз Атаның мекені»)
  2. Қазақстандағы өлшеуіш аппаратура шығаратын зауыт қай қалада (Көкшетау)
  3. Құрлық бетіндегі ішіне су толған табиғи ойыс (Көл)
  4. Ұлыбританияның астанасы (Лондон)
  5. Машина маркасымен аталатын өзен (Волга)

 

3.

  1. «Екі өзен аралығы» деп аталатын ойпат, бұл ойпатта қай екі өзен ағып өтеді? (Месопатамия ойпаты.Тигр және Евфрат өзендері)
  2. Қазақстандағы аккумулятор шығаратын зауыт орналасқан қала (Талдықорған)
  3. Жан-жағын су қоршаған құрлықтың шағын бөлігі (Арал)
  4. Монғолияның астанасы (Ұлан-Батор)
  5. Қазіргі шайдың атауымен аталатын Шри-Ланканың бұрынғы атауы (Ассам)

 

4.

  1. Еуропадағы қай мемлекетті «Сүт фермасы» деп атайды. (Дания)
  2. Қазақстандағы титан-магний зауыты орналасқан қала (Өскемен)
  3. Жер бетінің жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан биік бөлігі (Тау)
  4. Египеттің астанасы (Каир)
  5. Пішіні жолбарысқа ұқсайтын түбек (Скандинавия)

 

5.

  1. Еуропадағы бұл елді «Қызғалдақтар елі» деп атайды. (Нидерланды)
  2. Қазақстандағы кабель зауыты орналасқан қала (Семей)
  3. Абсолют биіктіктері бірдей нүктелерді қосатын сызықтар (Горизонтальдар)
  4. Канаданың астанасы (Оттава)
  5. Қыздың есімімен аталатын көл (Виктория)

 

6.

  1. «Күншығыс елі» (Жапония)
  2. Қазақстандағы толық циклды металлургия комбинаты орналасқан қала (Теміртау)
  3. Жер бетінде полюстен полюске ойша жүргізілген сызық (Меридиан)
  4. Бразилияның астанасы (Бразилиа)
  5. Ұл баланың есімімен аталатын пайдалы қазба (Алмас)

 

II-кезең

 

Қазақстан қорықтары 10 20 30 40 50
Әлем саяхатшылары 10 20 30 40 50
Елтану 10 20 30 40 50
Жануарлар дүниесі 10 20 30 40 50
Өсімдіктер дүниесі 10 20 30 40 50

 

Қазақстан қорықтары

10- Қиыр Шығыста ғана кездесетін малиус боката алмасының жабайы түрлері кездесетін қорық  (Наурызым)

20— Үстірт қорығында өсірілетін жабайы қойдың түрі  (Муфлон)

30- Қазақстанда ең алғашқы қорық қай жылы құрылды (1927 ж Ақсу-Жабағылы)

40- Қорғалжың  қорығы орналасқан  облыс (Ақмола)

50- Марқакөл қорығында кездесетін дәрілік өсімдіктер (Аралий мен «алтын тамыр»)

 

 

Әлем саяхатшылары

10- 1911 жылы «Фрам» кемесімен Антарктиданың жағалауына келген ол 4 жолдасымен  ары қарай итке жегілген шанаға отырып саяхатын жалғастырады.Ержүрек саяхатшы Оңтүстік полюске жетіп, онда Норвегияның туын қадайды. (Руаль Амундсен)

20- Орыс саяхатшысы және табиғат зерттеушісі.Памирдегі ең үлкен мұздық осы адамның есімімен аталады. (Алексей Павлович Федченко)

     30- Су асты зерттеулерінің негізін қалаушы және алғаш акваланг ойлап тапқан

      француз  теңіз саяхатшысы. Экспедицияның материалдары бойынша мұхиттағы

тіршілік  туралы көптеген фильмдер түсірілді. (Жак Иф Кусто)

40- Бұл адам өзінің бірінші саяхатында Жаңа Зеландияның екі арал екенін анықтап, Үлкен Тосқауыл рифті тапты.Аустралияның шығыс жағалауын ашқан ағылшын теңіз саяхатшысы. (Джеймс Кук)

50- Екінші рет (1545-1596) жер шарын айналып шыққан теңіз қарақшысы.Экспедиция нәтижесінде Жаңа және Ескі Дүниенің дәл картасы жасалды.Бұл адамның есімімен Тынық және Атлант мұхиттарын қосатын бұғаз аталды. (Френсис Дрейк)

 

Елтану

10- Отын түрлерінің жетіспейтіндігіне қарамастан, елдің экономикасы өте жақсы дамыған елдердің қатарында.Энергетикалық ресурстардың 80 ﹪-дан астамын сырттан әкелінеді, шойын мен болат қорытудан дүние жүзінде ең алдыңғы орындағы ел. (Жапония)

20- Бұл елде 1993 жылдан бастап халыққа тегін электр энергиясы, су, табиғи газ және ас тұзын беру жүзеге асуда.Газ өнеркәсібі халықты жұмыспен қамтамасыз ететін сала.Суармалы егіншілік пен қой шаруашылығы басты орынды алады, Копетдаг тауының етегі атақты ахалтеке жылқысының Отаны.    (Түрікменстан)

30- Бұл жоғары дамыған елді «теңіз бен тау елі» деп атайды.Оның келбетін машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, шарап өндірісі мен субтропиктік егіншілік анықтап береді.Бұл ел әлемге атақты музыканттарды, көркемсурет шеберлерін сыйлаған.Шетелдік туризмнен көп пайда түсіреді, жыл сайын 36 млн-ға жуық туристер келеді.  (Италия)

40- Бұл дамушы елдің аумағы екі дүние бөлігінде орналасқан.Тарихи-мәдени ескерткіштер мен рекреациялық ресурстары негізінде халықаралық туризм дамыған. Әлемдегі ең ірі өзеннің атырауында тұрғандықтан жергілікті халық ауыл шаруашылығымен айналысады.Мақта-ел экспортының маңызды бөлігінің бірі.  (Египет)

50- Латын Америкасындағы бұл елдің атауы испан тілінен аударғанда   «бай жағалау» дегенді білдіреді. Астанасы Сан-Хосе, елдегі  екінші ірі қала Лимон деп аталады. Бұл қай ел? (Коста-Рика)

 

Жануарлар дүниесі

10- Өзіне қажетті қоректің бәрін эвкалипт жапырақтарынан алады, еш уақытта  су ішпейді.Тым ұйқышыл, түнде тамақ жеу үшін оянады, баяу қозғалады,оны қалталы аю деп те атайды.  (Коала)

20- Шығыс Қазақстандағы  мүйізінен (панты) бағалы дәрілік шикізат алынатын жануар

(Марал)

30- Анд тауының символы  (Лама)

40- Еуразияның тайгасында тіршілік ететін Қиыр Шығыста ерекше қорғауға алынған жыртқыш   (Уссурий жолбарысы)

50- Солтүстік Американың арктикалық шөл зонасында мұз дәуірінен  бері  сақталып қалған жануар тіршілік етеді.Оның қалың, әрі ұзын қара-қоңыр жүні суықтан жақсы қорғайды.Дүниежүзілік Қызыл кітапқа енгізілген. (Қойөгіз)

 

Өсімдіктер дүниесі

10- Африка материгіндегі Намиб шөлінде өсетін бұл өсімдік 2000 жылға дейін тіршілік етеді.Жапырақтары ұшынан бірте-бірте қурап, сабағынан өсіп отыратын өте сирек кездесетін өсімдік.  (Вельвичия)

20- Амазонка бассейнінде жапырағының диаметрі 2 метр, 50 кг дейін жүк көтере  алатын гүлді өсімдік өседі.Ол қалай аталады. (Виктория-регия)

30- Бұл ағаштың биіктігі 100 м-ге дейін жетеді, қабығы қалың, отқа тез жана қоймайды.Өсуге кедергі келтірмеуі үшін ағаш жыл сайын қабығын тастайды.  (Эвкалипт)

40- Оңтүстік Американың саваннасында бұтағы өте қатты, қабығынан тері илеуге қажетті шикізат алынатын  ағаш  (Кебрачо «балта сынар»)

50-  Ява  аралындағы вулкан шыңында 3 мың метр биіктікте өсетін гүл-вулкан атқылау ошағының жақын екендігін көрсетеді екен.Жергілікті халық бұл өсімдікті қалай атайды?(«Өлім гүлі»)

 

 

III-кезең

 

А Ә Б В Г Ғ Д Е Ё Ж З
И Й К Қ Л М Н Ң О Ө П
Р С Т У Ұ Ү Ф Х Һ Ц Ч
Ш Щ Ъ Ы І Ь Э Ю Я    

 

А— Бесінші мұхит деп аталатын қабық (Атмосфера)

Ә- Бұл мемлекеттің астанасы-Баку қаласы (Әзірбайжан)

Б- Тәулігіне бағытын екі рет өзгертетін жел (Бриз)

В- Сирек кездесетін түсті металл (Вольфрам)

Г-  Каспий теңізінің I ғасырдағы аталуы  (Гиркан)

Ғ- Қоғамда өндіргіш күштерінің сапа жағынан түбегейлі өзгерісі (ҒТР)

Д- Топырақтану ғылымының негізін салған ғалым окучаев)

Е- Картада Италия мемлекетінің пішіні неге ұқсайды  (Етікке)

ЁЭфиопияның  астанасы  (Аддис-Абёба)

Ж- Семейде көпір салу үшін қаржылай көмек көрсеткен ел (Жапония)

З- Африкадағы «Қызыл металл» елі (Замбия)

И- Геотермальды энергияны  пайдаланатын ел (Исландия)

Й- Аустралияның  солтүстіктегі шеткі нүктесі (Йорк)

К-«Климат» сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді  Көлбеу»)

Қ- Қай жемісті «шөл падишасы» деп атайды (Құрма пальмасы)

Л- Бастапқы меридиан басып өтетін қала (Лондон)

М- Тропосфераны зерттейтін ғылым  (Метеорология)

Н- Салыстырмалы биіктікті өлшейтін құрал (Нивелир)

Ң- Марқакөл қорығының эндемик балығы  (Мөңке)

О- Мұнайды сыртқа экпорттайтын елдерді біріктіретін ұйым   (ОПЕК)

Ө- Қазақстанның экологиялық жағынан ең лас қаласы (Өскемен)

П- Ежелгі біртұтас материк (Пангея)

Р- Теңізшілер көкжиек бағыттарын қалай атады умб)

С- Ауа райын болжайтын адамдар (Синоптиктер)

Т- Ресей жеріндегі батпақтың 80﹪ қай зонада орналасқан (Тундра)

У- Қала  халқының үлес салмағының өсуі  (Урбандалу)

Ұ- Әлемдегі көл кеме қатынасы дамыған аймақ  (Ұлы көлдер)

Ү- Канаданың   жалауында бейнеленген өсімдік  (Үйеңкі)

Ф- Финноскандинавияның шығыс бөлігінің  негізгі тұрғындары (Финдер)

Х- Жапонияның астанасы орналасқан арал (Хонсю)

Һ- Халықаралық «Қызыл кітап» басылып шыққан жыл (1966 жыл)

Ц—  «Құрылыс наны» (Цемент)

Ч- АҚШ-ның ірі мегаполистерінің бі рі(Чипитс)

Ш- Шығыс Қазақстандағы ең қуатты СЭС (Шүлбі)

Щ- Балқаш көлінің батыс бөлігінің суы қандай болып келеді (Тұщы)

Ъ— Қазақтанның «Қызыл кітабы» ұйымдастырылған жыл  (1978 жыл)

 

Ы- Бұл қазан шұңқырды «Орта Азияның меруерті» деп атайды (Ыстық көл)

І-  Алматы қай таудың баурайында орналасқан  (Іле Алатауы)

Ь- Мұздар елінің астанасы (Рейкьявик)

Э- Аустралиядағы ең ірі көл (Эйр)

Ю- Қытайдың ұлттық валютасы (Юань)

Я- Қай түбек өзінің кіші екенін білдіреді (Ямал)

 

 

IV-кезең

 

 

 

ИАНМЕДРИ        —       МЕРИДИАН

РТОКВЭА         —         ЭКВАТОР

СОПМАК         —          КОМПАС
ЛАПЬРЛЕАЛ       —         ПАРАЛЛЕЛЬ
ЮПЛОС             —         ПОЛЮС

 

САПТАС           —            ПАССАТ
НОСМУС           —           МУССОН
ФАЙТНУ            —          ТАЙФУН

ДОНАРОТ         —          ТОРНАДО

ЛАНКУВ            —         ВУЛКАН

 

V-кезең

 

Географиядағы грек сөздерінің аудармасы.

 

Барометр-«салмақ өлшеймін»

География-«Жерді сипаттау»

Карта-«табақ»

Полюс-«білік»

Гигрометр-«ылғал өлшеуіш»

Мантия-«шапан»

Кратер-«тостаған»

Метаморфоз-«өзгеру»

Озон-«аңқыған»

Планета-«кезбе»

 

Географиядағы латын сөздерінің аудармасы

 

Вегетация-«ояну»

Глобус-«шар»

Орбита-«жол»

Конденсация-«қоюлану»

Меридиан-«талтүстік»

Компонент-«құраушы»

Экватор-«теңестіруші»

Абсолют-«толық»

План-«жалпақ»

Промиль-«мыңға шаққанда»

III. Марапаттау.

IV.Қорытынды