Ботақаныма

33

 

Ботақаныма

 

Асыл сезімді анадай кім бар аялар,

Сәбиге жанын,мейрімін асыл бере алар.

Мен ана болдым Аллаға  тәубе сол үшін,

Бала едім міне өзімде де енді бала бар.

 

Әкеңдей болшы аяулы, асыл, салмақты,

Қуантатындай үлгілі іспен жан-жақты.

Сүйкімдім менің,  сүйемін қашан өзіңді

Сәбиім менің алтыныңнан да ардақты.

 

Ананың сырын ана болғанда ұғарсың,

Сәбиің үшін қиындыққа да шыдарсың.

Өмірдің тәтті сыйы екен сәбиді аялау,

Сәбиің үшін  аласарады шыңар шың.

 

Сен менің өмірдегі ең асылымсың,

Сені ешкімге бермеймін алтын мен асыл үшін.

Жүрегімді жарып шыққан ақ боташым

Арманым орындалған асылымсың.

 

Аллам берген ақ періштем десем де,

Шаттық күнін сыйладың сен шешеңе.

Құрсағымда күнім болып жаралдың

Мәз болармын бесігіңнен шешерде.

 

Әруақтарым желеп-жебеп демей көр,

Сәбиіме ұзақ мәнді өмір бер.

Анасы мен Әкесінің мәңгілік

Мақтанышы болсыншы биіктерден көрінер.