«Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы» семинар-практикум

137

Тақырыбы:   «Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы»  семинар-практикум

Болашағы-жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік-отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік-білім беру мекемесі. Заманға лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, тың идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Сондықтан жас ұрпаққа білім беруді үздіксіз жетілдіру мәселесі толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық.
Жас жеткіншектердің тәрбиелі де білімді болып, еліміздің мақтанышы болуға тәрбиелеу мақсатында  мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.М Жасақованың ұйымдастыруымен «Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы» атты сынып жетекшіге арналған семинар-практикум өткізілді. Жақсы көңіл-күймен өткізу үшін, мектеп психологы Р.Ж. Тулеушева «Жүректен жүрекке » психологиялық тренингімен  семинарды ашты.Семинарда 7-сынып оқушылары «Әдепті болам десең, арлы бол!» тақырыбы  арқылы  әдепті болу, мәдениетті болу әрбір тұлғаның ұлттық борышы екенін жаман әдет, тыйым сөздер ,сиқырлы сөздер  арқылы ұғындырса, 8-сынып оқушылары «Қайырымдылық-имандылық» тақырыбын адам баласына , табиғатқа қамқорлықпен қарау, қайырым жасау, әр адам өзінің  жан тазалығы мен тән тазалығын сақтап  , иманды болуы-адамгершілік парызы екенін мәтін, «Жақсы мен жаман»  ойыны арқылы түсіндірді, 9-сынып ұл балалары «Қыз қылығымен сүйкімді » тақырыбында  намысын, арын жоғары ұстай білген қыз ғана жұрт алдында әрдайым абыройлы ,сыйлы, тәрбиелі екенін видеоролик,  8-10сынып ұл балалар арасында өткізілген сауалнама қорытындысы , сондай-ақ,  көркем әдебиеттерден қыз бала тәрбиесіне мысалдар келтіре отырып,өз табиғи сұлулығын,шынайы мінезін сақтау , бойына  қыз ең қажетті  нәзіктік, ілтипаттылық , үлкенді сыйлау,  тұрақтылық, әсемдік сияқты мінездерді қалыптастыру керектігі жөнінде ойтастаса, 10-сынып оқушылары қазіргі қоғамдағы ең маңызды мәселелердің бірі-бұл жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың көбеюі туралы  «Құқықтық сауаттылық –заман талабы» тақырыбында сөз қозғады.Елімізде құқықтық білімді ,құқықтық сана мен тәрбиені одан әрі өмір талабына сай жетілдіру мақсатында «Сенің құқығын-менің құқығым» бөлімінде оқушылар өз құқықтары жөнінде  айтып өтсе, « Тығырықтан шығар жол қайсы» бөлімінде көшедегі көрініс тәрізді  жағдаяттарды  шешуде құқықбұзушылықтың алдын-алу жолдарына байланысты көптеген сұрақтарды талқыға салды. Аталған тақырыптардың қорытындысы ретінде Алмагүл Мұхамбетқалиқызы кемпірқосақтың жеті түсінде жазылған жақсы ақыл-кеңестерін шәкірттер жүрегіне жолдаса, оқушылар бір-біріне жылы сөздер айту арқылы жүрек, гүлдерін бір-біріне  сыйлады. Семинар   соңында, «Бала- біздің болашағымыз, олай болса болашағымыз жарқын, егемен елдің ертеңі жас ұрпақтың тәрбиелі, оқу білімімен өлшенеді. Ол үшін жан-жақты ізденіс, шығармашылықпен жұмыс істеу заман талабы. Алар асуымыз, шығар шыңымыз көп болсын!»-дейді,  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алмагүл Мұхамбетқалиқызы Жасақова

Тасқала ауданы

ЖОББСовхозМБ

ӘБ сынып жетекшілер

 

 

Мұғалімдердің жалақысы нақты қалай есептеледі?

*Жоғары білімді, 18 сағат жүктемемен жұмыс істейтін, бірінші және екінші санатты мектеп мұғалімі қанша жалақы алуы тиіс? Осы жайлы нақты айтсаңыздар екен.

Мырза САДЫР,* Алматы қаласы

Бұл сауалдың нақты жауабын алу үшін есепші маманның көмегіне жүгін­дік.

Баян ҚОҢЫРОВА, _Алматы қаласы, Алатау ауданына қарасты № 154 жалпы орта білім беретін мектеп есепшісі:

– Алматы қаласы бойынша жалпы білім беру мекемесіндегі жоғары, бірінші, екінші санатты 18 сағат жүктемемен жұмыс істейтін мұғалімдердің айлық жалақысы:_