И дыбысы мен әрпі

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,  №24 жалпы білім беру орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бигельдиева Айткүл Амантұрлықызы
Сабақтың тақырыбы: И дыбысы мен әрпі.

 

Ашық сабақ

Пәні: Сауат ашу

Тақырыбы: «И дыбысы мен әрпі»

Сыныбы: 1 «А» сыныбы

Өткізген: Бигельдиева А.А

Сабақтың тақырыбы: И дыбысы мен әрпі

 

Сабақтың мақсаты: 1. И дыбысы мен әріпін таныту, оның сөз ішіндегі

ерекшелігін меңгерту.

  1. Сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу

дағдыларын, сөздік қорларын дамыту.

  1. Ұқыптылыққа, сауатты жазуға тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: Ақылды тақта, суреттер, әріптер, т.б.

 

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

 

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап

 

Пән аралық байланыс: дүниетану.

 

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

 

Психологиялық дайындық

 

Таныстырар әріппен

Мынау кітап — Әліппең

Әліппе деген аты оның

Басталған қай әріптен?

 

Әліппе кітабының тапсырмасы көп:

Олар сөздерді оқу, буынға бөлу және жазу, жаттау.

 

  1. Олай болса жаттау кезеңіне келеміз.

Әліппе тақпағын сұрау

 

ІІ. Жаңа сабақ

 

Үш шырпыдан қайсы әріп

Шығар екен жасалып

Ал шырпыны төгіңдер

Құрастырып көріңдер

 

Балалар шырпыны алып И дыбысын құрастыру.

 

Олай болса бүгінгі сабақта И дыбысы мен әріпін өтеміз.

 

И дыбысы дауысты, жіңішке.

Оқушыларға и дыбысынан келетін сөздер ойлату

 

И дыбысы сөздің басында, ортасында, аяғында кездеседі.

 

  1. Әліппенің айту кезеңіне келдік

Суреттерді айту

 

  1. Әліппенің оқу, буынға бөлу кезеңіне келдік.

Ит, кит, ине, инелік, иек, шие, киік, киім, тиын, тиін

Сөздікпен жұмыс

 

Сергіту сәті

Ие керек итке

Ине керек жіпке

Икем керек іске

Иық керек жүкке

 

Мен оқимын                                  Мен тоқимын

Сен оқисың                                   Сен тоқисың

Ол оқиды                                       Ол тоқиды

 

Ит мәтінін оқыту

 

Көмекші

Жеті қазынаның бірі

Ит                        Құтқарушы

Қамқоршы

Дос

 

Ит болып үрдірту

 

Кішкентай

Күштің даусын

Үлкен

Иттің даусын салу

Итке ат қою керек

 

Әліппенің жазу кезеңі

 

Дәптермен жұмыс

Ии

 

 

 

 

 

 

Адасқан әріпті тап

Ойын:

 

Ай                                  Ши

Ой                                  Қи

Май                      Би

Шай                     Ти

 

Қорытындылау

 

Бағалау

 

Үйге тапсырма беру