Ұлғайтқыш құралдары: микроскоп, ұлғайтқыш әйнек.

440

Пән: Биология

Сабақ: 5

Сынып: 6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Ұлғайтқыш құралдары: микроскоп, ұлғайтқыш әйнек.

Мақсаттары:. Ұлғайтқыш құралдары, олардың құрылысы жайлы түсінік алу

Міндеттері: Ұлғайтқыш құралдары: микроскоп, ұлғайтқыш әйнек. Ұлғайтқыш құралдарды қолдану ережелері, препараттар даярлау, материалдар және құрал жабдықтар, қауіпсіздік техникасы туралы білу

Ұлғайтқыш құралдар туралы білімдерін талдап, бағалауға ұсыну

Ұлғайтқыш құралдары: микроскоп, ұлғайтқыш әйнек. Ұлғайтқыш құралдарды қолдану ережелері, препараттар даярлаутуралы алған білімдерін жинақтап, микроскоппен,  ұлғайтқыш әйнектермен жұмыс жасай алу

Күтілетін  нәтиже: Ұлғайтқыш құралдары: микроскоп, ұлғайтқыш әйнек. Ұлғайтқыш құралдарды қолдану ережелері, препараттар даярлау, материалдар және құрал жабдықтар, қауіпсіздік техникасы туралы біледі.

Ұлғайтқыш құралдар туралы білімдерін талдап, бағалайды

Ұлғайтқыш құралдары: микроскоп, ұлғайтқыш әйнек. Ұлғайтқыш құралдарды қолдану ережелері, препараттар даярлаутуралы алған білімдерін жинақтап, микроскоппен,  ұлғайтқыш әйнектермен жұмыс жасай алады

Модульдері: «Оқытумен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау», «Оқытуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу», «Оқытудағы басқару және көшбасшылық»

Кедергі болатын қандай негізгі қиындықтар бар? Кейбір оқушылардың «Алтын ережеге» бағынбауы

Әдіс тәсілдер: «Жылы лебіз», «Адасқан әріптер», «Терминдік сөздер», «Кемпірқосақ тобы», «Сәйкестендіру тесті», «БББ»

 

 

Сабақ уақыты Кезең, оның мазмұны Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Оқыту үшін бағалау, оқу үшін бағалау Ресурстар
10 минут Кіріспе

«Жылы лебіз»

 Оқушылармен амандасу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Алтын ережені» еске түсіру

Топтастыру. Түрлі-түсті қарындаштар тарату

Мұғаліммен амандасады

Шеңберлене тұрып, бір – біріне жылы лебіздерін білдіреді

«Алтын ережені» еске түсіреді

Түрлі – түсті қарындаштар бойынша 4 топқа бірігеді. Топ басшысын тағайындайды. Топтың атын жазады.

Ауызша мадақтау Стикерлер

 

«Алтын ереже»

А4 қағазы,  маркер, бағалау парақшасы

10 минут Тұсаукесер

«Адасқан әріптер», «Терминдік сөздер»

Үй тапсырмаларына арналған дәптерлерін жинап алу

Топтарға тапсырмалар тарату: 1. АЫСТУЫЛН, ӨБЮКЕ, РЖАҚЫ, ОҚПАРТЫ, ОКЛИЯЭОГ, ОБИЫААЛТИКҚ, РАТФКО, ТОКҚРУЕЕН, ЫУЖЛ, ГАЖІҮГЙСШ, ҒЫАЛЛ, ӨЕШЙЛТ

Осы сөздердің мағынасын сұрау

Үй тапсырмаларына арналған дәптерлерін жинап, мұғалімге тапсырады. Адасқан әріптерден сөздер құрастырады, сол сөздерге анықтама береді Смайликтер беру Смайликтер
15 минут Негізгі бөлім

«Кемпірқосақ тобы», «Кемпірқосақ тобы»,

Пән дәптерлеріне күнді жазғызу

Сұрақтар қоя отырып, жаңа тақырыпты табу:Қандай ұсақ ағзалар бар? Көзге көрінбейтін ұсақ ағзаларды қалай көруге болады?

Жаңа тақырыпқа мақсат құрғызу

Түрлі – түсті қағаздар тарату

Оқулық бойынша тақырыпты жеке оқушыларға оқыту, оқып болған соң топта талқылау: Қызыл – жасушаның ашылуы

Көк – микроскоптың құрылысы

Сары – микропрепарат дайындау

зертханалық жұмыс орындау

Пән дәптерлеріне күнді жазады. Сұрақтарға жауап бере отырып жаңа тақырыпты жазады. Жаңа тақырыпқа мақсат құрады.Түрлі – түсті қағаздар бойынша уақытша топтарға бірігеді. Жаңа тақырыпты жеке оқиды, өз беттерінше дайындық жасайды, кітаптан жұмыс, топ арқылы пікір алмасады. Тақырып талқыланып болған соң өз топтарына оралады да, топта оқып келгендерін талқылайды Топтар бір-бірін бағалайды

 

Оқулық, дәптер
«Қызыл өрік» атты әуенге жаттығу жасау. Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау Ноутбуктен көрсетілген жаттығулар жасайды. Ауызша мадақтау Ноутбук
10 Қорытынды

«Сәйкестендіру   тесті»

«БҮБ»

Тақырыпты бекіту тапсырмасын беру:

Микроскоп – 100-2000

Ұлғайтқыш қол әйнек – 3-5

Тұтқалы ұлғайтқыш әйнек – 10-25

ІІ. 1665 ж – Р.Гук

1590-1610 ж – Янсендер

Топ бойынша бағалау

Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну

Оқушыларға стикерге білдім, үйрендім, білгім келеді сұрақтарына жауап жазғызу

Үйге тапсырма: 5 (біліміңді сына) тапсырмасын орындау

Тапсырманы орындайды

Ұсынылған стикерді толтырады да, мұғалімге тапсырады

Үй тапсырмасын жазып алады

Смайлик беру

 

Ауызша мадақтау

Смайликтер

 

 

 

Күнделік