«Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр»

1098

Тақырыбы: «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр»

Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Баршын ауылы
Баршын орта мектебінің мұғалімі
Искакова Алтын Асылхановна

Мақсаты: Отан тарихын терең білуге, елін, жерін құрметтеуге, саналы болуға,  ынтымақтастыққа, бірлікке, ел тарихын білуге, елімізді өркендетуге, білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ту, қанатты сөздер, суреттер, буклеттер

 

Барысы:

  • Құрметті оқушылар! «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» атты алғашқы сабағымызға қош келдіңіздер.тақырыпты толық түсіну үшін мына сауалдарға жауап бере отырып, ойымызды жетілдірейік.
  • Біз қай мемлекетте өмір сүреміз?
  • Қазақстан қандай мемлекет?
  • Елімізді кім басқарады?
  • Елімізде қандай ұлт өкілдері тұрады?
  • Жолдау деген сөзді қалай т?үсінесіздер?
  • Елбасы жариялаған қандай жолдауларды білесіздер

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері 2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол — «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті«,- деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық — тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл — Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады.

Елбасы өз сөзінде:

«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,
«Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан.
«Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!
Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды деді. Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Ендеше, Ассамблея – барша қазақстандықтың мүддесі! — деген болатын. Біз: «Мен – қазақстандықпын, өз елімде мен үшін барлық есік ашық!» – деп айта алатын әділетті қоғам құрып жатырмыз. Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой.

  • Ал, енді оқушылар менің қолымдағы қағаз қиындылары бойынша үш топқа бөлінейік. Қағаз қиындыларында жазылған сөздерді құрасытыра отырып, сол бойынша топтарға бірігеміз: 1 топ — «Атамекен», 2 топ — «Мәңгілік ел», 3 топ – «Ынтымақ»

 

      Негізгі бөлім. (бұл бөлімде оқушылар әртүрлі тапсырмаларды орындайды) Президент 2014 жылы қаңтар айындағы «Қазақстан – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында Қазақстан халқы үшін үлкен маңызға ие болды. Қазақ халқының мыңдаған жылғы тарихи тәжірибесінен, Тәуелсіз жылдары жүріп өткен қазақстандық жолдан туындаған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы жария етілді.

Бір мақсат – бұл «Мәңгілік Елді» нығайту, біздің Отанымыз – Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайту!

Бір мүдде – бұл біздің ортақ құндылықтарымыз, еркін және өркендеген елде өмір сүруге деген талпынысымыз!

Бір болашақ – бұл Мәңгілік Елдің, біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының өркендеуі!

Қазақстан халқы Ассамблеясы және біртұтас елдің азаматтары «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін әзірлеу туралы тапсырманы ерекше шабытпен қабылдады.

«Мәңгілік Елдің» жеті қағидасы біздің дамуымыздың арқаулық құндылықтарын, Қазақстан халқына ортақ мүддесі мен тарихи тағдырын айшықтады.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идея басты жеті құндылықтары:

Қазақстан мен Астананың тәуелсіздігі

Біздің қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім

Зайырлы қоғам мен жоғары руханилық

Индустрияландыру мен инновациялар негізінде экономикалық өсім

Жалпыға ортақ еңбек қоғамы

Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы

Ұлттық қауіпсіздік және біздің еліміздің жалпыәлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық қатысуы.

 

«Сандар сөйлейді» тапсырмасы. Әр топқа берілген сандар бойынша еліміздің тарихына көз жүгірту. Бұл кезеңде әр топ таңдап алған қағазда көрсетілген даталар бойынша өз ойларын айтады:

1992 жылы Республика алаңында Желтоқсан құрбандарын еске алуға арналған ескерткіш тақта қойылды.
1991 жыл 16 желтоқсан — ел тарихында кейінгі ұрпақ мәңгі қастерлеп, ардақтап өтетін күн.
1991 жыл 1 — желтоқсанда еліміздің тұңғыш президенті Н. Назарбаев сайланды.

1992 жылы 2 наурызда БҰҰ — ға мүше болды.
1992 жыл 4маусымда ҚР — ң Жоғарғы Кеңесінің сессиясында еліміздің мемлекеттік рәміздері қабылданды.
1993 жылы 15 қарашада мемлекетіміздің Ұлттық валютасы «теңге» айналымға енді.

1995 жылы 30 тамызАта заң қабылданды.

1996 жыл 16 желтоқсан – Алматыда тәуелсіздік монументі ашылды

1998 жыл – халықтар бірлігі және ұлттық тарих жылы

1999 жыл – ұлттар бірлігі мен сабақтастығы жылы

2000 жыл – мәдениетті қолдау

2002 жыл – денсаулық жылы

2004 жыл — Қазақстандағы Ресей жылы

2003 жыл ауылды қолдау жылы

2005жыл – қауіпсіздік және еңбекті қорғау жылы

2011 жыл 30 қаңтар – 6 ақпан – Астана және Алматы қалаларында VII қысқы Азиада ойындары өткізілді.

2015 жыл Қазақстан Халқы Ассамблея жылы болып жарияланды

2017 жыл – Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрме өткізу жылы.

 

«Сұрақ – жауап». Әр топқа сұрақтар оқылады.

  1. Елтаңба авторлары кім? ( Жандарбек Мәлібеков, Шота Уәлиханов)
  2. Қазақ хандығының негізін қалаған сұлтандар?(Керей, Жәнібек)
  3. Қазақстанда қанша астана болды? (4, Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана)
  4. Ассамблеяның 20 жылдығына орай өтетін XXII сессияға қатысқан адам саны? (1 500 астам)
  5. Қазақстан неше елмен шектеседі? (5 елмен)
  6. Елімізде ақпан-сәуір айларында өткізілген республикалық акция? («ҚХА – 20 ізгі іс»)
  7. 2015 жылғы 28 ақпанда Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы ҚР Президентінің Жарлығына қол қойылғанына 20 жыл толуына арналған орай өткізілген Қазақстан халқының форум? «Менің Қазақстаным»
  8. Мемлекеттік тудың авторы? (Шәкен Ниязбеков)
  9. Қашан жаңа институт — Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына қол қойылды. )1995 жылғы 1 наурызда)
  10. Астана қаласының орнындағы ежелгі көне қала атауы? (Бозоқ)
  11. Қашан Астана қаласындағыБейбітшілік және келісім сарайында  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығымен «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясы өткізілді? 2015 жылғы 23 сәуірде 
  12. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері? (Тоқтар Әубәкіров)
  13. Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
  14. 2017 жылғы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтетін «ЭКСПО-2017» қатысушы мемлекет саны? (100)
  15. 2017 жылғы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесі қабылдайтын халықаралық ұйым саны: (10)
  16. «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауын жариялаған уақыт. 2014 жыл 17 қаңтар
  17. «Қазақстан жолы – 2050 стратегиясы – Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауын жариялаған жыл: 2012 жыл 14-желтоқсан
  18. Қай уақыттан бастап «Менің Қазақстаным» пойызы» атты әлеуметтік акция басталды? 2015 жылғы 23 наурыздан бастап

 

  1. «Ой дода». Әр топ берілген тапсырма бойынша қағазға таныстырылым дайындайды. Қазақстан: кеше, ертең, бүгін…. тақырыбы бойынша ой толғау.

«Атамекен» тобының тапсырмасы: еліміздің өткені бойынша

«Ынтымақ» тобының тапсырмасы: еліміздің бүгінгі жағдайы бойынша

«Мәңгілік ел» тобының тапсырмасы: еліміздің болашағын бейнелеу

Берілген уақыт аяқталғанда, әр топтан бір оқушы шығып қорғайды. (5 минут)

 

Қорытынды.

Қазақстан  еліміз дамыған өркениетті 50 елдің арасынан орын алуымыз сіздердің ұлттық тәрбие мен тиянақты білімдеріңізге байланысты. Ертеңгі сіздер ұлтымыздың ізгі қасиеттерін, рухани құндылықтарын бойларыңа сіңіріп өз Жері мен Елін қорғай алатын ұлтжанды, мәдениетті болып өсулерің керек.

«Ұлтарақтай болса да ата қоныс жер қымбат,

Ат төбеліндей болса да туып өскен ел қымбат» демекші, балалар, бүгінгі сабағымызда алған білімізді елді, жерді сүюге, қадірлеуге қолданайық. Бүгінгі сабағымыздан алған әсерлерімізді «Екі жұлдыз, бір тілек» бойынша білдірейік. (оқушыларға стикерлер таратып беру). Таратылған стикерлерге оқушылар өз тілектерін, ұсыныстарын, сабақ бойынша алған әсерлерін жазып, тапсырады.