С. Мұқанов «Сұлушаш» өлеңмен жазылған шығарма

Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: С. Мұқанов «Сұлушаш» өлеңмен жазылған шығарма

ОҚО, Шардара ауданы,Ұзын-Ата ауылы, Ұзын-Ата ЖОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шинтемирова Зәуре Пірманбекқызы.
Әдебиет пәнінен ашық сабақ
Тақырыбы:Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы

Сабақтың мақсаты: Білімділік: С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасының көркемдік ерекшелігіне тоқталу.Кейіпкерлер бейнесін талдау арқылы поэманың тақырыбын,идеясын,мәнін ашу.

Дамытушылық: Көркем сөйлеу,жазу шығармашылығын арттыра       отырып,тіл байлығын жетілдіру

Тәрбиелік:Жазушының шығармаларын талдай отырып,мейірімді- лікке ,сезімталдыққа,ұлтжандылыққа,адами қасиеттерге тәрбиелеу

Сабақтың өту әдісі: ИБО әдісі,топтық , жұптық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаз,сызбалар,топтастыру сызбасы,т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих , тіл

Сабақтың барысы: 1кезең     Ұйымдастыру

1.Оқушы санын түгендеу

  1. Оқушы назарын сабаққа аудару

2кезең       Үй тапсырмасын сұрау

  1. Кеспе қағазбен жұмыс
  2. Ой пікірді дәлелдеу

1. С.Мұқанов ақын ба?

2. С.Мұқанов жазушы ма?

3. С.Мұқанов- қазақ әдебиеті тарихын зерттеуші ме?

(Оқушылар оз ойларын ортаға салады)

3 кезең  Осы ой – пікірді дәлелдеу мақсатында топтастыру әдісін пайдалану

3кезең  Жаңа сабақты түсіндіру

С.Мұқановтың қазақ әдебиетінің алтын қорына қосқан талантты шығармаларының бірі- «Сұлушаш» поэмасы.Оны өлеңмен жазылған шығарма днп те атайды.С.Мұқанов осы шығармасы арқылы дәуір шыңдарын тарихи тақырып тұрғысынан кең камтып бейнелеуде елеулі табысқа жетті.Шығарманың сюжеттік желісін ел аузындағы аңыздан алынғнымен,ақын оны өз дәуірінің талабымен шебер ұштастырды.Жастардың бостандыққа ұмтылуы арқылы автор жалпы адамзат баласына тән азаттыққа ұмтылу идеясын  көрсетеді.Автор аңыздағы халықтық сарынды сақтайды да, оқиға мазмұнына өз жанынан өзгерістер енгізді. Сол арқылы өмір шындығын,әлеуметтік мәселелерді терең бейнелейтін реалистік шығарма жасайды.Жалпы бұл шығарманың 1928 ж құрылған поэма.Жалпы бұл шығарманың идеясы әлеуметтік теңсіздіктің жастарды бас бостандығына бөгет болмауы. Ал тақырыбы тарих шындығы мен махаббат шындығы.

4 кезең. «Мағынаны тану» Оқушылар кезекпе- кезек қысқаша мазмұнын айтады.

1.Шығармадағы негізгі тартыс не?

2.Шығарманың басты кейіпкерлері кімдер?

5 кезең. Поэмадағы кейіпкерлерді теріп жазып,мінездеме беру,суреттеу.(топқа бөліну)

  1. Ақындар
  2. Жазушылар

3.Зерттеушілер

 

6 кезең.  Поэманы талқылап шығу мақсатында әр топқа экспорт парағы таратылады.

1.Ақындар тобы  «Талқылау» кестесі

2.Жазушылар тобы. «Тұжырым»  кестесі

3.Зерттеушілер тобы. «Сипаттау» кестесі

1 топ. Талқылау кестесі

Шығарманың тақырыбы                               /    «Сұлушаш» поэмасы

1.Негізгі кейіпкер                                             /

2.Тақырып                                                         /

3.Әрекет                                                            /

4.Осы әрекетте итермелеген нәрсе          /

5.Жазалаушы тарап                                     /

6.Шығарманың аяқталуы.                           /

3.топ   «Дәуірге байланысты сипаттама»

Ескі әлем                                                          /    Жаңа әлем

1.Сауатсыздық                                               /

2.Қалың мал                                                   /

3.Әлеуметтік теңсіздік                                  /

4.Қазақ қыздарының бас бостандығы     /

2 топ. Тұжырым кестесі

Кейіпкердің аты/  Іс-әрекет /Өмірге қызығушылығы/ Кейіпкер әре-

/                     /                                          /      кетіне баға

  1. / /                                          /
  2. / /                                          /
  3. /      /                                         /
  4. / /                                        /
  5. / /                                        /

 

Сабақты қорытындылай келе Сәбит шығармалары ХХ ғасыр сияқты күрделі кезеңде қазақ халқы бастан кешкен өмірдің кең көрінісін танытатын туындылар қатарына кіреді.Жазушы негізінен,өзі куә болған оқиғаларды негізге алып ,көркем бейнелейді.Заман дәуір өзгерістері легінде көрінуге тырысты.

7 кезең  Үйге тапсырма: «Менің елесімдегі Сұлушаш» ойтолғау

жазу.

8 кезең  Қорытынды бағалау: еңбектеріне қарай бағалау