С.Сейфуллин,Туған ел

79

Сабақтың тақырыбы: С.Сейфуллин «Туған ел»

Мақсаты: Окушыларға  С.Сейфуллин  туралы  жалпы  мағлұмат беру.  Өлеңдегі автордың берген ойын, идеясын ашу. Мәнерлеп, сауатты оқуларын жетілдіру. Туған елін, жерін суюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайдтар, нақыл сөздер

Сабақтың типі: Жана білім енгізу

Түрі: дәстүрлі

Әдісі: көрнекілік, сұрақ — жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

а) Сынып оқушыларының оқу-құралдары  түгелденіп,дайындықтары тексеріледі.
ә) Сабақтың тақырыбы, мақсаты хабарланады.

  1. Психологиялық тренинг
  • Балалар жер бетіне жылу не арқылы таралады?
  • Күн болмаса  жербетінде не болар еді? (оқушылардың жауаптары тыңдалады)

— Олай болса, Күн анаға тілек айтып көрейік.

1-слайд.

Көк аспанда күн күлсін!

Бірге күлсін бүлдіршін.

Көк аспанда Күн күлсін,

Жерге ұдайы нұр құйсын!

Күн  анаға  ризашылығымызды  білдіре  отырып, күннен  алған шуақты жүрегімізбен сезініп, бір-бірімізге жылы, мейірімді тілектер айтып көрейік.

(«Жүрек» арқылы бір-біріне жақсы тілектер айтады)

-Осындай  жылы тілектерді  бойымызға  қабылдай  отырп, сабағымызды бастайық.

III. Үй тапсырмасын  тексеру

Үйге берілген «Үш бақытым», «Туған тілім» өлеңдері жатқа сұралады.

Бекіту сұрақтары:

— М.Мақатаевтың өлеңі неліктен «Үш бақытым» деп аталған.

— Д. Әбілевтің өлеңі не туралы?

— Екі өлеңнің ұксастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы көрсету.

2-слайд

Үш бақытым

 

— Екі өлеңде де ақын ұлтжандылыққа, Отан сүйгіштікке шақырады. Жалпы Отан дегеніміз не?

Отан дегеніміз — туған жер. Туған жерін жырламайтын ақын-жазушы жоқ.

3-слайд:

…. Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Тек өз сезімін әркім әр түрлі жеткізуі мүмкін. Суретшілердің тілі — бояу, музыканттардың тілі — музыка, ол ақын, жазушылардың тілі — сөз.

— Сондай бір туған жерін тебірене жырлаған аса көрнекті ақын, жазушы, белгілі қоғам қайраткері — С.Сейфуллин.
4 — слайд.

(С. Сейфуллиннің суреті, кітаптары, өлең шумағы.)

  • С.Сейфуллин туралы толықырақ мәлімет алу үшін бізді  Әйгерім ақынның өмірбаянымен шығармашылығымен  өзінің дайындап  келген мәнжазбасы арқылы таныстырады.
  • Бүгін осындай көрнекті ақынның «Туған ел» өлеңімен танысамыз. Өлең мәнерлеп оқылып, мазмұны түсіндіріледі.

(Туған жер, табиғат туралы сурет)

5-слайд

Оқу түрлері: жеке оқу, тізбектей оқу, абзац бойынша оқу. «Туған ел» туралы мәнжазба тыңдалады.

  1. Дәптермен жұмыс.

а) Тақырып, авторы жазылады. «Ой толғау».
ә) Туған ел туралы 2-3 сөйлеммен шағын әңгіме құрастыру.

  1. Туған жер, Отан туралы мақал-мәтелдер айту.
  2. Поэзия минуты. (Өлең құрастыру)

Сарғайды … … ….

Сап — сары           … … ….

Соңғы әнін          … … ….

Құс кетті … … ….

VII. Туған жер, табиғат байлығын тиімді пайдалана білуге міндетті, — деген болатын Қазақстанның Республикасының  ата заңында. Сондықтан табиғатты, туған жерімізді қорғау — бәріміздің борышымыз. Өйткені қазір суымыз тартылып, орманымыз кесіліп, құнарлы жерлесіміз сортаңданып қалды, жан- жануар, өсімдіктеріміз «Қызыл қітапқа» ене бастады.

«Қызыл кітап»туралы мәнжазба тыңдалады.

Ал,   енді,   балалар,   біз  әруақытта  табиғаттағы әрбір тіршілік   иесінің қамқоршысы бола білейік, Туған жерімізді қорғай білейік.

VIII.       Бекіту.
— Қандай өлеңмен таныстық?
— Авторы кім?
— Өлеңде не туралы айтылған?

  1. Бағалау.
  2. Үйге тапсырма.