Тірі табиғаттағы дыбыстық құбылыстар

114

Тақырып: Тірі табиғаттағы дыбыстық құбылыстар

Тақырыпты меңгертудің мақсаттары:

Білімділік:Құлақтың құрылысы туралы толық меңгеруіне жағдай жасау арқылы естудің әртүрлі ағзалардағы ерекшеліктерін өз бетімен меңгерту,жеткен деңгей нәтижесін әділ бағалау.

Тәрбиелік: Мазмұнды тәрбиелік мәні бар тапсырмалармен толықтыру арқылы белгілі көзқарас қалыптастыру, физикалық және биологиялық білімдерін өмірде қолдана білу.

Дамытушылық: Деңгейлік тапсырмаларды орындатуға жағдай жасау, сөйлеу, ойлау , салыстыру қабілеттерін ұштау.

1 кезең

  Пункт   а) ұйымдастыру сәтін өткізу;

        

Пункт   ә) үй жұмысын тексеру

Пункт   б)көпір тапсырмалары

  1. Акустика ғылымы нені зерттейді?

2.Дыбыс дегеніміз не?

3.Дыбыс сипаттамаларын ата

4.Адам қандай жиілік диапазонында дыбысты қабылдайды?

  1. Дыбыссыз дыбыс түрлері қандай?

6.Қандай тіршілік иелері 20-30-мың Гц-ке дейінгі ультрадыбысты қабылдай алады?

7.Биоакустика ғылымы нені зерттейді?

                                                     2 кезең

 (топтық жұмыс арқылы құзіреттілікті біртіндеп қалыптастыру бөлімі)

  Пункт   а) Мақсаты:жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеруге мүмкіндік туғызу(5-7 минут)

  Әдісі: оқулықпен жұмыс

 Формасы : жұптық

 Мазмұны:

                        ІІ кезең

1.Есту мүшесінің  қандай маңызы бар?_________________________________

_______________________________________________________________________

  1. Есту мүшесінің құрылысы
Сыртқы құлақ Ортаңғы құлақ Ішкі құлақ
  1. Осы дыбыс толқындары қайда беріледі?__________________________________

______________________________________________________________________

4.Дыбыстың үні, ырғағы, күші, жіңішкелігі, мағынасы қайда талданады?________

______________________________________________________________________

  1. Тепе-теңдік мүшесінің орналасқан жері….________________________________
  2. Неліктен ортаңғы құлақ ауамен ,ал ішкі құлақ сұйықпен толы болады ? ____ ____________________________________________________________________

Пункт   ә) Мақсаты:жоғарыдағы а) пункті тапсырмаларынмұғалім көмегімен бірге талқылап, оқушылардың өзіне қорытынды шығарту сәттері

  Әдісі: сұрақ-жауап

 Формасы : жалпы

 Мазмұны:

7 . Адам алтыбақанда ұзақ ойнағанда неліктен басы айналып, тепе-теңдікті  сақтай алмайды? ________________________________________________________ _______________________________________________________

8 Не себепті самайдан соққы тигенде есту қызметі бұзылады?________________ _______________________________________________________________________

9 Насекомдар, құстар,балықтарда есту қызметі қандай? _____________________ _______________________________________________________________________

  1. Көртышқан, мұртты кит, дельфиндерде неге құлақ қалқаны болмайды?____________________________________________________________
  2. Африкандық фенек түлкісінің өзінің ұзындығы 40 см ,ал құлақ қалқанының ұзындығы 15 см-ге тең. Бұны қалай түсіндіруге болады? Ал пілдің ше? __________ __________________________________________________________________ ____
  3. Әртүрлі ортадағы дыбыс жылдамдығы кестесімен танысайық .

Қоңырауды бос ыдыста , содан кейін суы бар ыдыста қағып көр. Шыққан дыбыстардың  қаттылығы бірдей ме?Кестені пайдаланып су мен ауаның дыбыс өткізгіштік қасиеттерін салыстыр

Табиғи орта 200с-дегі дыбыстың таралу жылдамдығы
ауа 340 м/с
су 1490м/с
болат 4380 м/с
темір 5850 м/с
шыны 5600 м/с
сутек 1280 м/с
каучук 50 м/с

 

13 Эксперимент  жүзінде  құлақтың  құрылысын  тексер

14.Электрондық оқулықпен жұмыс.    

                                                 Рефлексия

Білемін Білдім Білгім келеді
 

 

   

 

Пункт   ә) Мақсаты:жоғарыдағы меңгерген білімдерін мысалдармен бекіту сәті

  Әдісі: тәжірибелер орындау

 Формасы :жеке және топтық

 Мазмұны:

Жаңа сабақты бекіту жұмыстары

  1. Тәжірибе №1 Адамда ,жануарларда неге екі құлақ болады? Түсіндір.
  2. Тәжірибе №2 Қалың қағаздың бетіне тарақты тісімен жүргіз. Дыбыстың неге шыққанын айт.Осы тәжірибені физика тұрғысынан түсіндір.
  3. Тәжірибе №3 Орындық аяғына гитара не домбыра шегін керіп байлап,дыбысын шығарып көріңдер.Тәжірибені түсіндір
  4. Тәжірибе №4 Үнтаспадан үрленген шарды 10 см қашықтықта қойып ,тыңда . Қандай құбылысты байқайсыңдар?

ІІІ кезең(кері байланыс)

(әр оқушының қалыптасқан құзіреттілік деңгейін айқындап бағалау үшін)

 

           

                                 І деңгей (5 балл)

1.  Дыбысты зерттейтін ғылым ? ______________________________________

2.Тербелістің ауада толқын түрінде таралуы……___________________________

3.  Қаттылық, тон, тембр ненің сипаттамасы ?____________________________

4. Дыбыс қаттылығы немен өлшенеді?_________________________

5. Мұхиттарда дельфиндер қалай тілдеседі ?_______________________________

6 Табиғат аясында демалу , даусы жәй шығып тұрған музыка тыңдау , музыкалық аспаптарда ойнай білу пайдалы дейді, Сен қалай ойлайсың?

                                 ІІ деңгей (5 балл+4 балл =9 балл)

1. Дыбыс әлемін қалай қабылдаймыз?

2. Дыбыс тербелісінің жүру жолын анықта

3.Орталық жүйке жүйесіне дене және оның бөліктерінің кеңістіктегі орны туралы ақпарат беретін мүше….

4.Солтүстікте тұрған ауыл маңайына тамақ іздеген аюлар маза бермеген. Осы шақырылмаған қонақтардан құтылу үшін адамдар қандай айла ойлап тапқан?

5.Жиілігі 510Гц дыбыс көзінен толқын ауада 340м/с жылдамдықпен таралады. Толқын ұзындығы қандай?

6. Судағы дыбыс жылдамдығы 1480 м/с ал жиілігі 740Гц болса ,толқын ұзындығы неге тең болады?

                                  ІІІ деңгей ( 9 балл+3 балл =12 балл)

1. Ең алдымен найзағайдың жарқылын көресің ба, әлде күннің күркірегенін естисің бе?

 

2. Айға бірінші қонған американдық астронавтар Нил Армстронг пен Эдвин Олдрин күнделіктерінде былай деп жазған: «Тұлдыры жоқ Ай тым көріксіз.Небір тал шөп, не бір бұта көзге түссе-ші! Сырт еткен дыбыс естілмейді. Тіпті аспанның түсі де бөлек , қап-қара… » Айдың мұндай табиғатын қалай түсіндіресің?

 

3. Теңіз түбіне жіберілген және одан шағылған ультрадыбыс 0,8с өткен соң қайтып оралды. Теңіз суындағы дыбыс жылдамдығы 1490 м/с. Теңіздің тереңдігі қандай? _________________________________________________________________________________________________________________

                                   

                                   IV шығармашылық деңгей

1.Құлаққа құлаққап киіп музыка тыңдау, үзіліссіз ұялы телефон қолдану пайдалы ма?

2. « Мектептегі шу деңгейін қалай азайтуға болады?» тақырыбында эссе дайындау

 

Қорытындылау. Құлақты  күтіңіз.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Физика оқулығы Биология оқулығы

3.Қызықты физика                    4.Жалпы биология

5.Физика журналы                   6.Биология журналы

7.СД физика және биология