Дене импульсі. 20. Импульстің сақталу заңы

109
Пәні Физика және астрономия
Тақырыбы  19.Дене импульсі. 20. Импульстің сақталу заңы
Сыныбы 9
Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың

мақсат-міндеттері:

Ақпараттық құзіреттілік:Сақталу заңдары, күші импульсі, дене импульсі, қозғалыс мөлшері жөнінде түсініктер беру. Өз бетінше ақпараттар табуға, талдауға және ақпараттарды қолдануға мүмкіндіктер беру.

Коммуникативтік құзіреттілік:Күш импульсі мен дене импульсінің арасындағы қатынасын, импульстың сақталу заңын топ ішінде түсіндіруге баулу.

Проблеманы шешу құзіреттілігі:Физикалық мағынасын, формуласын білуге үйрету, өмірде қолдана алу билігін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Жаңа материалды хабарлау
Сабақтың әдісі Практикалық, көрнекілік, түсіндірмелі, ішінара зерттеу
Пәнаралық байланыс: Математика, физика, информатика
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар Ынтымақтастық, білім беруді ізгілендіру, ұжымдық және топтық оқыту.
Оқыту құралдары Оқулық, электронды оқулық, плакаттар, топтамалар

 

Сабақтың барысы Оқытушының қызметі Оқушының қызметі Күтілетін нәтиже
1.Ұйымдастыру бөлімі — Амандасу

-Сынып тазалығын тексеру

-Түгендеу

 

Оқытушымен амандасу, кезекшілік міндеттерін атқару.Сабаққа дайындау Сабаққа дайындық ұүйымдастырылып, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру Физикалық диктант

1. Инерциялы санақ жүйелері деп                         айтамыз.

2.                   құбылысын инерция деп атайды.

3.Дененің массасы оның

Сипаттайтын шама.

4.Төмендегі кестеден белгісіз шамалардың мәнән табыңдар.

Күш Н Масса кг Үдеу м/с
F1=? 0.15 0.3
F1=0.045 0.45 ?
F1=0.5 F1 0.45 ?

 

 

Жауаптары.

1.    Сыртқы әрекеттер бірін-бірі теңгерген кезде, дене бірқалыпты және түзу сызықты қозғалатын санақ жүйелерін айтамыз.

2.    Денеге тигізетін сыртқы әрекеттер бірін-бірі теңгерген кезде дененің қозғалыс жылдамдығын сақтау.

3.    Инерттілігін сипаттайды.

Күш Н Масса кг Үдеу м/с
F1=0,0045 0.15 0.3
F1=0.045 0.45 0,1
F1=0.5 F1 0.45 0,005
Нақтылаумен түсінуге берілген тапсырмамен жұмыс жасайды.
3. Жаңа сабақты түсіндіру. Бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы «Дене импульсі», «Импульстің сақтаду заңы»

Күш импульсі деп білімі бір уақыт ішінде күш әсерінің өлшемі болып саналатын векторлық физикалық шаманы айтады.

I=F*t мұндағы  I-F  күшінің t уақыттағы импульсі.

Дене импульсі деп механикалық қозғалысының өлшеуіші болатын физикалық векторлық шаманы айтады.

P=mu

p-u жылдамдықпен қозғалған массасы ь дененің импульсі.

[p] = 1 кг*1 м/с=1 кг-м/с

Шыққан өрнек тұйық жүйеге енетін денелер импульстерінің векторлық қосындысы осы жүйе денелерінің кез келген өзара әсерлесуінде тұрақты болып қалады дегенді білдіреді.

muo+Muo=mu+Mu

 

Сабаққа зейіндерін аудару Оқулықтарымен дәптерлерін ашып, сабаққа бар зейіндерін аудару.
4.Материалды бекіту Есептер шығару

17-жаттығу № 1,2,3

5.Үйге тапсырма 19,20 оқып келіп, түсінгенін айту. Үй тапсырмасын дәптерлеріне, күнделіктеріне жазып алады.