Жарық дисперсиясы

150

 

Сабақ тақырыбы:   Жарық дисперсиясы

Сабақ мақсаты: Білімділік:Дисперсия құбылысын тұжырымдап, табиғаттағы

дисперсия құбылысын түсіндіру.

Тәрбиелік:Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Дамытушылық:Тақырып бойынша материалдарды табуға,

ізденімпаздыққа   баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер , слайдтық презентациялар, интерактивті

тақта ,оқулық

Қолданылатын әдістер:  Түсіндірмелі сұрақ–жауап ,тест

Сабақтың типі :      Жаңа  сабақ  материалын  меңгерту.

Сабақтың  барысы : І.     Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.    Өткен  сабақ  материалдарын  еске  түсіру

ІІІ.   Жаңа  сабақ  материалын түсіндіру

ІV.   Жаңа материалды бекіту.

  1.         Сабақты  қорытындылау,бағалау

VІ.   Үй тапсырмасын беру

Жаңа сабақ  материалын   түсіндіру:

1.Ньютон  ашқан  жаңалықтар,тәжірибелері

1966 жылы  И.Ньютон ақ  жарықтың  призмадан  өткенде,  одан  сынып  түрлі-түсті  жолақтар  пайда  болатынын  тапты. Әр  түрлі  түстерден  тұратын  жолақтарды  спектр деп  атады

2.Спектр  түстері

Ақ  түс — күрделі  түс ,ол негізгі  жеті  түстен  тұрады :қызыл, қызғылт  сары, сары ,жасыл,  көк, көгілдір ,күлгін.

3.Жарық дисперсиясы,оның  түрлері

Дисперсияның  екі мағынасы  бар:

1.Дисперсия – күрделі  ақ  түсті  спектрге  ажырату  құбылысы

2.Дисперсия – заттың  сыну  көрсеткішінің  түсетін  жарықтың   толқын ұзындығына  тәуелділігі.

Жарықтың  дисперсиясын  қалыпты және  аномальді  деп  бөледі.

4.Толықтауыш  түстер

Бір – біріне  қосқанда ақ  жарық  беретін  түстерді  толықтауыш  түстер деп атады.

5.Алғашқы  түстер

Қызыл,жасыл ,көгілдір  түстерді Юнг алғашқы түстер  деп  атады. Алғашқы  түстердің  ешқайсысын басқа түстерді  араластыру  арқылы  алу  мүмкін  емес.

6.Заттардың  түстері

Егер зат  ақ  жарықтың  барлық  құрамды  бөлігін  біркелкі  шашыратса ол  ақ  болып  көрінеді.Ал зат өзіне  түскен  барлық түсті жұтса, ол  қара түсті  береді.

Сондықтан мөлдір  денелерді жарық  жолына  ұстаса , олар  әр түрлі түске  боялған  тәрізді  көрінеді.Мұндай  заттар  жарық  сүзгісі деп  аталады.

7.Түстердің бір-бірінен ерекшелігі

Түстер  ерекшелігі: қызылкүш-қуаттың  символы;қызғылт  сарықызу қанды;сарыкүн  шуағы ,жылу  символы,жасылтіршілік  түсі,жағымды  түс,көкашық  аспан,өмір,өсу;көгілдірсенімділікті,білгірлікті;күлгінбайлықты,жеңісті  бейнелейді;ақтазалық,пәктіктіңм  белгісі ; қара-қайсарлықты білдіреді.

 

Жаңа  материалды  бекіту:

1.Тест  тапсырмасы

  1. Жарық Күннен жерге дейін қанша уақытта жетеді?

а) 8 мин     б) 8 мин 20 сек     в) 20 сек

  1. Вакуумдағы жарық жылдамдығы қаншаға тең?

а) 3*108 м/с    б) 3*105 м/с     в) 3*106 м/с

  1. Дисперсия қай тілден енген:

а) грек  б) латын   в) ағылшын

  1. Қай түстің  таралу  жылдамдығы  үлкен:

а) қызыл    б) көк    в) күлгін

  1. Ньютон спектрды қандай заттың көмегімен жүзеге асырады:

а) призма  б) линза  в) айна

  1. Жарық жылдамдығын өлшеудің лабораториялық әдісін кім ашты:

а) О.Ремер – 1676 ж   б) И.Физо – 1849 ж  в) Т.Юнг – 1800 ж

  1. Ортаның абсолютсыну көрсеткіші қандай бірлікпен өлшенеді:

а) атаусыз шама   б) люкс, люмен  в) генри, фарад

8.Жарықтың  толқын  ұзындығын немен анықтайды:

а)дифракциялық тор   б)микроскоп  в)оптикалық  аспап

9.Жарықтың  қай  түсі  көп  сынады:

а)қызыл    б)күлгін    в)көгілдір

10.Дисперсия  нешеге  бөлінеді: а)2     б)3     в)4

2.Дисперсия  құбылысының  анықтамасы:

Дисперсия – заттың  сыну  көрсеткішінің  түсетін  жарықтың   толқын ұзындығына  тәуелділігі.

3.Табиғатта  кездесетін  құбылыстар ,логикалық  сұрақтарға  жауап

  1. Кемпірқосақтың пайда болуы. Жарық жаңбыр тамшыларына түсіп, шағылып аспанда жарық шоқтарының жіктелуінен кемпірқосақ пайда болады.

2.Шөп пен жапырақтың түсі жазда жасыл боп, күзде сары боп көрінеді. Жазда жапырақ жасыл түстен басқасын шағылдырады, ал күзде сары түсті шағылдырады.

3.Логикалық  сұрақтар:

  1. Күн батарда немесе шыққанда қызыл арай неліктен көрінеді?
  2. Жарық түсі жарық толқын ұзындығына тәуелді ме?
  3. Аспан түсі неге көк?
  4. Қандай жағдайда беті жылтыр емес дененің көлеңкесі толық түседі?
  5. Біртекті ортада жарық қалай таралады?
  6. Күн сәулесі қандай жылдамдықпен таралады?
  7. Кепірқосақтың пайда  болу  себебі  неде?

4.Карточкамен  жұмыс: Есептер  шығару.

Сабақты  қорытындылау: Сұрақ – жауап арқылы  тақырыптың негізгі

материалын  қорытындылау.

 Оқушыларды  бағалау:       Сабаққа белсене  қатысқан ,  сұраққа  дұрыс  жауап

берген  оқушыларды  бағалау.   

Үй тапсырмасы:

  • 4.6 Жарық дисперсиясы оқу

Жарықтың  түстері  туралы  реферат жазу