Жылу құбылысына шолу

 

Сабақтың тақырыбы: Жылу құблысына шолу

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік.Жылу құблыстары тарауы бойынша оқушылардың алған білімін қортындылау мақсатында ертегі желісі  мен мақал-мәтел негізінде түсніктерін пысықтау.

2.Тәрбиелік .Теория мен күнделікті өмірдің,салт –дәстүрдің,халықтық педагогиканың

3.Дамытушылық.а)Халық ауыз әдебиеті элементтерін пайдалану арқылы жалпы қаблеттілігін дамыту;

ә)Демонстарциялық жұмыстар негізінде танымдық қызғушылығын дамыту.

Сабақ түрі: Дәстүрлі емес қортындылау сабағы.

Сабақ жоспары:1.Жылу құблысы Шықбермес Шығайбай үйінеде

2.Әріптер сыры (лото ойыны)

3.Демонстрациялау

4.Мұны да біле жүр

5.Жылу құблысы мақал-мәтелде.

6.Тест тапсырмалары

7.Қортынды

8.Үйге тапсырма

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру .

Оқушылар  түгенделіп ,сабаққа дайындығы қадағаланады.Оқушылар «Алғырлар»және «Тапқырлар» тобына бөлініп ,сайыс түрінде жүргізіледі .Жауап парағына әр түрлі фигуралар қою арқылы топ мүшелері бағаланатыны ескертіледі.

Өте жақсы                      жақсы                      Қанағаттанарлық

 

II.Үй тапсырмасын сұрау

Сұрақ –жауап арқылы тірек –схема талдау жасау арқылы қайталау жүргізіп аламын.

1.Бүгігні сабағымызды «Шық бермес Шығайбай»ертегісіндегі Шығайбайдың үйіне саяхаттан  бастағалы отырмыз.Жылу құблыстарын ол үйден табуға болады.

-Ал ертегі қалай басталушы еді?

-Есіктен Алдаркөсемен бірге сығалаған оқушы киіз үйдің есігін ашып,ішіндегі қалтадан сұрақ алып жауап береді.Екі топтан 2 оқушы шығады.Оқушыларға ертегі желісімен салынған суреттер көрсетіледі.

Жекелеме жұмыс .

1сұрақ :а)қазақ үйдің сүйектерін неге киізбен жапқан?

2 сұрақ: ә)жаздың ыстық айларында неліктен керегенің киізін ортан беліне дейін керіп қойған?

Жауабы:конвенция

3сұрақ :–Үй ішіндегі адамдар не істеп отырады ?(сурет көрсетіледі).Ортақ сұрақ.

Жауабы:Адамдар жұмыс істейді .Ішкі энергиялары артып,терлейді.

-Әр топтанбір-бір оқушы ауызша сұраққа жауап береді (сурет көрсетіледі)

4сұрақ: а) от басындаотырған Шығайбай  мен Алдаркөсеге шым тезектің қызуы қандай тәсілмен беріліп отыр?

Жауабы:сәуле шығару

5сұрақ :ә)Етқазаның қақпағын ашып қойса тез пісе ме,әлде жауып қойса тез пісе ме? Неге?

Жауабы:Кебу.Конвенция

Есеп шығару: а) «Алғырлар »тобына:

Темір қазаның массасы 8кг, оған 10л су құйылған.Темпиратурасы 100 С-тан

400 С-қа дейін қыздыру үшін суға қандай жылу мөлшері берілу керек?

«Тапқырлар »тобына:

Шым тезек толық жанған кезде 1,4*107 Дж жылу  мөлшері бөлініп  шыққан .Массасы  қанша шым тезек жанған еді?

6сұрақ :Қарма нан жайлы көрініс қандай физикалық  құблысқа негізделген

Жауабы:жылу өткізгіштік

7сұрақ:Алдардың байдың тонын алдап  киюі .Тон неге жылы болады

Жауабы:Түлкі ішік .тымақ жүн арасында ауа болады,ал ол жылуды наар өткізеді.

1.Әріптер сыры .Жылу құблысындағы барлық формулалардан  дұрыс  тепетеңдікті  құрау арқылы лото ойынын екі ойыншы ойнайды.

2.Демонстарциялық тапсырма

А) «Алғырлар» тобына демонстарциялық тапсырма:

Темір білеушіге ермексазбен шегелер жапсырлған .Білеушінің ұшынан бастап вспирт шамына қыздырады .Не байқалады?Жауап түсіндіріледі.

3.Жылу құблысы мақал –мәтелдерде.

Әр топқа үш мақал-мәтелден беріледі.Қандай физикалық құблыс шамаға қатысты айтылғаны түсіндіріледі

I-топқа:

  1. «Қазан отпен, адам әрекетпен қызады»
  2. «Көсеу ұзын болса,қолын күймейді»
  3. «Тонның жылуы терісінен емес ,жүнінен»

II-топқа:

  1. «Нан піскенше ,күлше күйеді»
  2. «Қол жұмылмай ,жылынбайды»
  3. «Аузы күйген үрлеп ішеді»

4.Бағалау

5.Үйге тапсырма .Екі топқа жылудың пайдасы мен зияны туралы жазу тапсырылады