Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған булар

143

 

Сыныбы  8 Күні
Сабақтың тақырыбы

Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған булар

Мақсаты

 

 

заттың агрегаттық күйлерінің өзгерісі булану және конденсация құбылыстарын түсіндіру
Күтілетін нәтижелер

 

 

Булану және конденсация процестерін түсіндіре алады, екі процесті салыстырады, талдайды, қорытынды жасайды
Керекті жабдықтар

 

 

Интерактивті тақта, компьютер, термометр, есеп жинағы, youtobe сайтынан бейнеролик
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті  Оқушы әрекеті
Кіріспе

 

 

 

Сыныптағы психологиялық ахуалды қалыптастыру: оқушылармен амандасу, түгендеу, топтастыру.

Оқушыларды табиғат түрлері (жер, су, ауа, от) арқылы топқа бөлу. Сабақ мақсатымен, жоспарымен таныстыру, бағалау критерийімен таныстыру, бағалау парағын үлестіру.

 

Мұғаліммен амандасады, кезекші жоқ оқушыларды айтады, топқа бөлінеді, оқу құралдарын дайындайды. Сабақ мақсатымен, жоспарымен, бағалау критерийлерімен танысады.
Тұсаукесер

 

 

 

 

Үй тапсырмасын тексеруге өткен тақырыптар бойынша деңгейлік сұрақтар беріледі. Интерактивті тақтадан көрсетіледі.

1. заттың агрегаттық күйлері не себепті өзгереді? (1б)

2. қандай жағдайда дене балқиды? (1б)

3. меншікті балқу жылуы дегеніміз не?  Формуласы мен өлшем бірлігі? (1б)

4. қар жауған кезде ауаның жылынып кету себебі неде? (2б)

5. жылы бөлмедегі мұзды тонмен жауып тастаса, оның балқуы шапшаңдай ма? Неге? (2б)

Барлығы орындап болған соң дұрыс жауаптарын әр топ басшыларына таратамын

Әр оқушы жеке сұраққа жауап береді.

Балқу және қатаю            құбылыстары туралы естеріне түсіреді, жауаптарын дәптерлеріне жазады.

Топ басшылары қалған оқушылардың жауаптарын берілген дұрыс жауаппен тексеріп,  ұпайларын айтады. Алған ұпайларын бағалау парағына түсіреді.

Негізгі бөлім

 

 

 

 

Жаңа сабаққа кіріспес бұрын мынадай проблемалық сұрақ қоямын.

Температура өзгергенде қатты және сұйық заттардың қандай агрегаттық күйде болатынын білеміз. Енді сұйық және газ тәрізді денелерде қандай өзгерістер болады деп ойлайсыңдар?

Оқушылардың жауаптарын алған соң, назарларын интерактивті тақтаға аудартамын. Youtobe сайтынан «Табиғаттағы су айналымы» атты бейнеролик көрсету. Осы бейнероликтен нені байқадық?, берілген сұрақ төңірегінде топпен талқылауға тапсырма беремін. Түрткі сұрақтары, қайта бағыттау, жоғары-төмен деңгейлі сұрақтарды қоямын.

Бекіту бөліміне диктант беріледі, жауаптарының рас, жалғандығын және олардың себебін анықтау.

 

Графикалық диктант .

1.      Булану кезінде сұйықтың ішкі энергиясы өзгереді?

2.      Өзенге шомылып шыққан адамның денесі салқындамайды.

3.      Майлы сорпа шайға қарағанда тез суыйды.

4.      Жинап қойған жуылған кірдің жай, ал жіпке жайылған кір тез кебеді.

5.      Шық ауадағы су буынан пайда болады.

Сұрақтардың жауаптары айтылады

 

Әр топқа маршруттық карта беріледі, ондағы эксперименттік тапсырмаларды топ болып орындау керек. Кейбір топтарға нұсқау беру, жауаптарын тыңдау, сұрақтармен жетелеу.

 

Осы сұрақ бойынша оқушылар өз ойларын айтады, бір-бірінің жауаптарын толықтырады.

 

 

 

Топ ішінде өзара талқылап, спикерлер өз сөздерімен білгендерінше жауап береді, сұрақтарға жауап береді.

(жақсы түсінгендер және белсенді қатысып отырғандар өздеріңе 2-4 ұпай жазыңдар)

 

 

 

 

 

 

Графикалық диктантта берілген сұрақтар бойынша графиктік белгілеулер жасайды, өз қателерін табады, түсіндіреді.

 

 

 

Дұрыс жауапқа сәйкесті оқушылар әр сұраққа 2 ұпайдан қояды және бағалау парағына салады.

 

Тапсырманы топпен орындайды, құбылысты бақылайды, зерттейді, қорытынды шығарады. Бір-бірінің жауаптарын толықтырады

Қорытынды

 

 

 

 

Бағалауға нұсқау беру.

Үйге тапсырма беру: тақырыпты оқу және вики беттеріне шығып конденсация, агрегат, температура сөздерін қарау, толықтыру

Оқушылармен қоштасу

 

Жинаған ұпайларын бағалау парағына түсіру, қорытынды ұпайларын мектеп бағасына айналдыру.

Мұғаліммен қоштасу