Дененің бір түзу бойымен әрекет ететін күштерді қосу,Тартылыс құбылысы, Ауырлық күші

Сабақтың тақырыбы: Дененің бір түзу бойымен әрекет ететін күштерді  қосу,Тартылыс құбылысы, Ауырлық күші

Сабақтың мақсаты: Дененің бір түзу бойымен әрекет ететін күштерді қосу

Тартылыс құбылысы, Ауырлық күші туралы түсінік беру

Біліміділік:Барлық заттар өзара тартылыс құбылысы арқылы

байланысатының түсіну,тәжірибе нәтижелеріне жүгініп

ауырлық күшіннің,теңәрекетті күштің формуласын тағайындау

және тақырыпқа байланыст есептер шығарып үйрену.

Дамытушылық: Тәжірибелік фактілерді анализдеу арқылы оқушылардың

ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік : Ұқыпттылыққа, ұжым алдында жауапкершілікке,

мәдениеттілікке  тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру

Көрнекіліктері: динамометр,жұлдызша, қарлар

Сабақтың әдісі: СТО технологиясы ,Венн диаграммасы,  өзін-өзі бағалау,

ассоцациялық аймақ, 5 жолды тұжырымдама, қарлы ойыны

Сабақтың барысы:

І қызығушылықты ояту:

1.ұйымдастыру бөлімі: Амандасу,түгендеу,екі топқа бөлу

  1. Үй тапсырмасын сұрау

Балалар табиғаттың қандай мезгілі?

-қыс мезгілі!

Жақсы балалар,ендеше мен сіздерге осы қыс мезгілінің алғашқы қарын уыстап алып келдім.сол қарымыз еріп кеттестен бұрын  қолымызға алып сұрақтарына жауап берейік.

Қарлы ойыны: мұнда үй тапсырмасының сұрақтары:

1.Инерция деп нені айтамыз?

2.Кеңістік дегеніміз не? Неше түрі бар

3.Уақыт негізгі қасиеттерін ата?  Өлгем бірлігі қандай?

4.Жылдамдық дегеніміз не № формуласы.өлшем бірлігі

5.заттың тығыздығы формуласы,өлшем бірлігі?

6.Күш дегеніміз не ? белгіленуі.өлшем бірлігі?

7.Дененің массасы ден нені айтады? Қандай әріппен белгіленеді,қлшем бірлігі?

8.Молекулалы-кинетикалық теориясының негізі қағидасы қандай?

9.Табиғатты зерттеудің негізгі әдістері:

10.Физикалық теория дегеніміз не?

11.Сандарды стандартты жазу

ІІ Мағынаны тану

1.Жаңа сабақты түсіндіру

Сонымен балалар  басында айтылып өткендей бүгінгі өтетін тақырыбымыз: Дененің бір түзу бойымен әрекет ететін күштерді қосу, Тартылыс құбылысы, Ауырлық күші

2 бала         1 ересек адам

F1 F2                     FR

FR =F1 +F2                           FR =F1 –F2                  2 бала

F1 F2

Денеге бір мезгілде әрекет ететін бірнеше күштің әрекетіндей әрекет жасайтын күш сол күштердің теңәрекетті күші деп аталады.

Жаксы балалар біздер балалық шағымыздан әрқайсымызға денелердің жерге тартылуы жақсы таныс, мысалы: тебілген допта,бұтағымен үзілген алмада жерге түседі.Демек денелерге Жер тарапынан күш әрекет етеді.

Барлық кеңістікке жайлаған тартылыстан «жеті қат көкке ұшсақ та», «Жеті қабат жер астына енсек те» құтыла алмаймыз.

Сондықтан әлемдегі денелердің бір-біріне тартылуы  Бүкіләлемдік тартылыс деп аталады. Ағылшын физигі мен математигі  Исаак Ньютон бұл құбылысты зерттеп, табиғаттың ұлы заңы. Бүкіләлемдік тартылыс заңы деп атады.

Бүкіләлемдік тартылыс күші көрінісінің бірі –денелердің жерге тартылу күшін ауырлық күші деп атайды. Ауырлық күшін – Fа  әрпімен белгіленеді.

Ағылшын ғалымының зертеу құрметінен Ньютон белгіленеді. (Н). Жүргізілген көптеген тәжірибелерден денеге әрекет ететін ауырлық күші дененің массасына тура пропорционал болатыны анықталған.Барлық дене массасына қатынасы тұрақты болады. Бұл тұрақты шаманы g-әрпімен  белгілейік, сонда болады.

Fа =mg       F/m=g           g=9.8 H/кг

Солтүстік полюсте  g=9.832 H/кг

Экваторда                   g=9.870 H/кг 

450географиялық ендікте   g=9.806 H/кг

Ал енді осы тақырыпқа есептер шығарайық.

№11 жаттығу

І топқа  (а,ә)                                  ІІ топқа (б,в)
№12 жаттығу.
1.Денеге әрекет ететін ауырлық күші 10кН. Ол дененің массасын қандай?
Берілгені:                ХБЖ:             Анализ:               Шешуі:
Fа =10кН -10000Н                        Fа =mg      

g= 9,8 Н/кг н/е 10 н/кг
Т/к: m=?
Жауабы: m-1000кг, 1т
3. Жүктің массасы 10кг. Оған қандай ауырлық күші әрекет етеді?
Берілгені:                 Анализ:                Шешуі:
m=10кг

g= 9,8 Н/кг

Fa = 10кг * 10Н/кг = 100Н = 102 H

Т/к Fa -?

Жауабы: 98Н

Ал енді екі топ есептерін болса,

ІІІ.Ой толғаныс

1.Бекіту

Жаңа өтілген тақырыпты оқушылардың қаншалықты меңгергенін білу мақсатында және бекіту мақсатында өзін-өзі тексеру венн диаграммасы және ассоциациялық аймақ,  кілтті сөз «күш»  5 жолды тұжырымдама.

 

Бағалау «жұлдызша» арқылы екі топты бағалау

Үйге тапсырма:

29,30  11-жаттығу №1,12-жаттығу №2