Резерфорд тәжірибесі. Атомның планетарлық моделі. Атом ядросының құрамы.

 

Сабақтың тақырыбы:   § 54. Резерфорд тәжірибесі. Атомның планетарлық моделі. Атом ядросының құрамы.

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:             оқушыларға атом ядросының құрылысын анықтайтын құбылыстардың физикалық және химиялық мағынасын, маңызын түсіндіру, химиялық элементтің негізгі қасиеттерімен таныстыру

Дамытушылық: оқушылардың танымдық деңгейлерін кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту, элементтердің құрамын анықтай білуге дағдыландыру, білімін шығармашылық тұрғыдан дамытуға, ой-өрісін дамытуға, өз бетімен қорытынды жасауға үйрену.

Тәрбиелік:            оқушыларды алған білімді пайдалана алуға,                                             білімділікке, ізденімпаздыққа,      белсенділікке,

ұйымшылдыққа тәрбиелеу, мамандыққа баулу.

 

Сабақтың  типі:        Жаңа білімді қалыптастыру

Сабақтың түрі:          Кіріктірілген сабақ

Сабақтың  әдісі:        СТО жобасы, ауызша баяндау, сұрақ-жауап, көрнекілік.

Көрнекілігі:                     сызбалар, интерактивті тақта, химиялық элементтер кестесі, топшамалар.

Пәнаралық байланыс:      Математика, химия, астрономия, тарих

Әдебиеттер:                           Физика және астрономия – 9,   Б.А.Кронгарт,

                                            С.М. Тезекеев  Есептер жинағы. -9

Сабақтың құрылысы:

І. Ұйымдастыру. (Амандасу, түгендеу, қал-жағдайларын сұрау.)

  1. Мағынаны тану «ББҮ» кестесі бойынша

Оқушылар бүгінгі жаңа сабағымызға байланысты  дәптерімізге  “ББҮ”  кестесін сызайық.

 

А)  Атом құрылысы бойынша өз білетіндерін толтыру. «Білемін» бағанын толтырайық .  1) Атом деген не?

2) Ол қайда орналасқан?

  1. Құрамында не бар?

4) Олар қалай аталады?

5) Протон, нейтрон деген не?

6) Атомды кім ашты?

 

ІІ.  Жаңа тақырыпты игерту.

 

Б) Осы сұрақтар бойынша білімдеріңді толықтыру үшін «Білгім келеді» бағанын толтырайық.

1) Резерфорд атомды қалай ашты?

2) Қандай тәжірибе арқылы ашты?

3) Атом құрылысының химиялық мағынасы?

4) Атом құрылысының физикалық мағынасы?

 

Оқушылар, сіздердің бұл сұрақтарыңа  жауапты мектебіміздің химия пәнінің мұғалімі Анар Талғатқызы жауап береді.

 

Анар Талғатқызы сөз кезегі өзіңізде. Резерфорд тәжірибесі туралы түсіндіру, слайд арқылы.

 

Жоғарыда Анар Талғатқызы айтып кеткендей Резерфорд ашқан атом үлгісін Күн жүйесіне ұқсас атомның  планетарлық моделі деп айтады.

Электрондардың массасы аса аз болғандықтан атомның бүкiлдей дерлiк массасы ядрода шоғырланған. Ядроның диаметрі 10-12 – 10-13 см, ал атомның диаметрі 10-8 см шамасында.

Егер атомның көлемін футбол алаңының аумағына дейін үлкейтетін болсақ, атом ядросының көлемі футбол алаңында түсіп қалған шие дәніндей ғана болар еді.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша атом ядроларының заряды

Мұндағы  Z – элементтің Менделеев Кестесіндегі реттік саны;

e – элементар заряд .

 

Бұл теңдіктен мынадай қорытынды шығаруға болады:

— әрбір электронның немесе протонның заряды бір элементар зарядқа (e = 1,6*10-19 Кл) тең;

— кез-келген элемент атомының ядросындағы протондар саны сол элементтің менделеев кестесіндегі Z реттік санына тең.

Мысалы, гелий атомы ядросының () заряды , ал заряд саны Z1 = 2.

 

Кез-келген элемент атомының ядросындағы протон мен электронды жалпылап  нуклондар деп атайды, ал тұтас ядроны  нуклид дейді.

 

Бір- бірінен тек ядросындағы нейтрондар санына қарай ажыратылатын элемент түрлерін изотоптар деп атайды.  — жеңіл сутегі өте көп;      — ауыр сутегі дейтерий сирек кездеседі;       — тритий кездеспейді.

Элемент изотоптарының химиялық қасиеттері бірдей, сондықтан оларды химиялық амалдармен ажыратуға болмайды. Изотоптарды тек массалық сандарына қарай ажыратып, сезімтал құралдардың жәрдемімен бөліп алады.

 

 

 

ІҮ. Бекіту.

Оқушылар енді осы алған білімімізді есептер шығарып тексеріп көрейік.

1) Күміс   ядроларының құрамы қандай?

 

2) Хром атомындағы элетрондардың толық заряды неге тең?

 

3) Атом ядросының толық заряды 2,08*10-18 Кл . Бұл қай элемент?

 

4) Химиялық элементтің Менделеев кестесін пайдалана отырып  мына  ядролардың қандай элементке жататынын анықта?

 

Ү) Осы сұрақтар бойынша білімдеріңді толықтыру үшін «Үйрендім» бағанын толтырайық.

ҮІ.  Бағалау. (Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау)

ҮІІ. Үйге тапсырма.  1) § 54.

2) 42- жаттығу.